Жоспар
1 Еңбекке уақытша жарамсыздықтың жағдайлары.......... 3
2 Уақытша жарамсыздық қағазы.......... 4
3 Өндірістік жарақат.......... 5
4 Жәрдемақыларды төлеу мерзімдері.......... 6
5 Жәрдемақының мөлшері.......... 8
1 Еңбекке уақытша жарамсыздықтың жағдайлары
Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақыны берудің мақсаты болып еңбекке қабілетті қалпына келтіру, сонымен қатар қызметкердің қызметтестерінің және оның отбасы мүшелерінің денсаулықтарын қорғау мақсаттарында созылмалы аурулардың, қызметкерде қандай да бір аурудың туындауының немесе дамуының алдын алу.
Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар төмендегідей жағдайларда тағайындалады және төленеді:
- еңбекке қабілетін жоғалтумен байланысты ауру (жарақат) орын алған жағдайда;
2 Уақытша жарамсыздық қағазы
...(Қазақстан Республикасының денсаулық қорғау істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 859 «Азаматтарға еңбекке жарамсыздығы туралы қағаздарды беру ережелерін бекіту туралы» бұйрығы).
Еңбекке уақытша жарамсыздық қағазы (аурухана қағазы) еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы төлеуге негіз болып табылатын жалғыз қаржылық құжат болып табылады. Ол үш функцияны атқарады:
1. есеп, бақылау және статистикалық есеп беру;
2...
3 Өндірістік жарақат
Еңбекке уақытша жарамсыздық қағазында бекітілген еңбекке қабілетінен айырылу тек аурудың нәтижесінде ғана емес, еңбек жарақатының нәтижесінде де орын алуы мүмкін.
Өндірістегі қайғылы оқиғаның нәтижесінде орын алған еңбекке уақытша қабілетсіздікке байланысты жәрдемақы әлеуметтік қамсыздандыру жекелеген түрі болып табылады.
4 Жәрдемақыларды төлеу мерзімдері
Ауырған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы еңбекке жарамсыздық орын алған бірінші күннен бастап еңбекке қабілет қалпына келген күнге дейін немесе медициналық әлеуметтік сараптамалық комиссия (МӘСК) мүгедектікті тағайындағанға дейін төленеді. Бірақ, еңбекке уақытша қабілетсізідіктің барлық жағдайларында жәрдемақы қатарынан 2 айдан артық төленбейді. Туберкулезбен ауыру салдарынан туындаған еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайында жәрдемақы тұлға жазылғанға дейін төленеді, алайда оны төлеу қатарынан 10 айдан ұзақ болмауы және екі күнтізбелік жыл ішінде жалпы алғанда 12 айдан аспауы тиіс.
5 Жәрдемақының мөлшері
Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы негізгі жұмыс орны бойынша жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленеді.
Негізгі жұмыс орны ретінде еңбек кітапшасы (мұнда орындалатын жұмыс туралы жазбалар болуы тиіс) жатқан жұмыс саналады.
Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар жұмыс істейтін азаматтарға орташа жалақы есебінен төленеді. Бұл ретте еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты айлық жәрдемақының мөлшері Қазақстан Республикасының тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген он бес есе айлық есептік көрсеткіштен аса алмайды.
...Егер қызметкер мұндай көмек түрлеріне мұқтаж деп танылса, кәсіпорын зәбір шеккен қызметкерге емделуге, протездеуге, медициналық және әлеуметтік көмектің өзге де түрлеріне кеткен шығындарын өтейді. Қажет болған жағдайда кәсіпорын медициналық қорытындыға сәйкес зәбір шеккен қызметкердің кәсіптік сауығуын, қайта дайындықтан өтуін және жұмысқа орналасуын қамтамасыз етеді немесе осы мақсаттардағы шығындарды өтейді.