Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, кез келген құқық саласы сияқты, өзін құрайтын белгілі бір заңдылықтарға және элементтерге негізделген өз жүйесіне ие.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, кез келген құқық саласы сияқты, – қоғамдық қатынастардың белгілі бір тобын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Бұл құқықтық нормалар өзара белгілі бір байланыста болады және түрлі институттарды құрайды. Сол себепті, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі – бұл белгілі бір, ғылыми негізделген кезектілікте орналасқан, объективті түрде өзара байланыста болатын құқықтық институттар мен нормалардың жиынтығы. Бұл жүйенің элементтері болып мыналар табылады: құқық нормасы, институтішілік құрылым, институт, кешенді институт, салашық.
… Зейнетақымен қамсыздандыру құқығы ғылымының жүйесі – бұл әлеуметтік қамсыздандыру саласына кіретін қоғамдық құбылыстардың кешені туралы ғылыми білімдердің, көзқарастардың және ойлардың жүйесі. Ең алдымен, ғылым құқық саласының өзін құқық жүйесі ретінде зерттейді. Екіншіден, ғылым осы саланың туындау тарихын және даму алғышарттарын зерттейді. Үшіншіден, халықаралық-құқықтық нормаларға ғылыми талдау жасау Қазақстан Республикасы немесе КСРО ратификациялаған не ратификацияламаған халықаралық конвенцияларда, пактілерде, шарттарда, ...
…Ерекше бөлімнің нормалары жекелеген институттарды құрайды (мысалы, жасына байланысты зейнетақылар – бір институт, асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар – екінші институт және т.б.). Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ерекше бөлімінің құрылымын келесідей көрсетуге болады (институттар бойынша):
-
азаматтарды жасына қарай әлеуметтік қамсыздандыруға құқықтарын қорғау және сақтау;
-
жасына байланысты зейнетақылар;