<...> Кейде халық даудың қандай түріне болсын қолдана береді, бірақ түпкі негізі Шыңғыс тұқымынан тарайтын төрелердің алдына барып шешімін тапқан мəселеге қатысты. “Төре” сөзі ерте уақыттан бері билікке тікелей қатысты қолданылады жəне билікке қатысты əлеуметтік топқа айтылады, бұлар ел басында, билік басында қызмет естейтін жаңдар. “Төре” кəзіргі түсінік тұрғысынан жоғарғы мансаптағы шенеунік /чиновник/.
<...> Бітім айтылып екі жақта өз ризашылығын білдірген уақытта жаңағы қарт əйел ала киініп (міндетті түрде) ала жіпті кеседі. Егер жаңағы əйел кеспей басқа адам кессе, онда дау əлі де жалғасып кетуі мүмкін деп есептелді.
Ағайын арасындағы, ел ішіндегі даулардың көпшілігі осы “ала жіпті” кесумен аяқталғандықтан қазақтың ішінде “біреудің ала жібін аттамады” деп те айтылады. Ол адам ақ, таза, ұрлыққа, т.б. қылмысқа қатысы жоқ деген сөз. Қазақ халқы ала жіпті аса құрметтейді, оның басты бір себебі түпкі ұлттық бірлік идеясы алаға /Алаша/ байланысты болуымен тікелей қатысты.
<...> Мұндай сертке, антқа қатысы бар адамдар сол елге қарсы жаугершілікке қайта шықпауға күш салады. Егер уағдада тұрмаса “ант соғады” деп ырымдайды.