Реферат: “Жеті жарғы” – дəстүрлі мемлекет жəне құқық ескерткіші


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Құқық
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
25

Жоспар

 

 

1.   “Жеті жарғы” атауының мəні мен мағынасы..........3

2.   “Жеті жарғының” зерттелу тарихы..........7

3.   “Жеті жарғы” туралы дерктер..........14

Қолданылған əдебиет тізімі:..........22

 

 

1. “Жеті жарғы” атауының мəні мен мағынасы

 

<...>Н.Гродеков  осы  тақырыпқа  тағы  да  айнала  берісте  соғып “Жеті  Жарғыны”  түзген  билердің “жарғыш”  атанғанын  да  хабарлайды.  Бұл  біздің  пікірімізше  аса  мəнді  дерек: “При  хане  Тауке собрались семь биев, “жеті жарғыш” (22, с.25).

“Жеті  жарғы”, “жарғыш”  атауына  қатысты  əр  түрлі  пікір-деректердің  ішінде  Н.Н.Гродеков мəліметтері өзінің қисындылығымен де, толық қандылығымен де бірінші орында тұрса керек.

<...>Əлекеңнің “Жеті жарғы” мағынасы туралы бір мақалада қарама-қайшы екі пікір айтуы кездейсоқ па? “Жарғыға” қатысушы билердің саны ережелердің санымен неге тең деген сұраққа дəл жауап қайтару  оңай  емес.  Негізінен ...

<...> Ибн Баттута суреттеп отырған Құтлық-Темір бектің Хорезмдегі билігі аздаған үзілістермен 1321 жылдан  басталып 1368 жылға  дейін  жүрді.  Алтын  Орда  мемлекетінің  ірі  басшыларының  бірі, Өзбек ханға жақын болып келетін Құтлық-Темір Хорезм өлкесіндегі билігін жергілікті көшпелілер дəстүрінің  үлгілеріне  сүйеніп  жүргізгені  дау  тудырмаса  керек.  Бұл  кезең  Хорезм  өлкесінің  аса гүлденіп  тұрған  кезі,  ибн  Баттутаның  өзі  де  кітабының  бірнеше  жерінде  бұрынғы  жағдайына қарағанда  Хорезмнің  көркейіп  өскенін  атап  кетеді.  Құтлық  Темір  бек  сарайындағы “Жарғы” қызметі  мемлекеттік  жоғары  сот  деп  атауға  келеді.  Сонымен  бірге  мемлекет  ішіндегі  ірі əмірлердің “Жарғы”  қызметіне  қатыстылығы  мемлекетке  аса  қажет  шаруалардың  да  осы отырыстарда талқыланатынын білдіреді.

 

 

2.“Жеті жарғының” зерттелу тарихы

 

“Жеті жарғының” зерттелу тарихы бірнеше ғасырды қамтиды, бірақ ескерте кететін мəселе бар.

Алдымен “Жеті жарғыны” ғылыми түрде зерттеу, яғни академиялық деңгейде зерттеу, əлі күнге дейін тəжиребе ала алған жоқ. Екіншіден, “Жеті жарғыны” қазақтың əдет-ғұрып дəстүрлерімен, жолдарымен  салыстыра  отырып  жəне  жеке  бөліп  қарастырған  зерттеулер  жоқ.  Тіпті “Жеті жарғыны”  қазақтың  мындаған  жылдар  бойы  қордаланып,  қоғамдық  өмірінің  реттеуші  тетігі есебінде өмір сүрген заң-ережелерінен бөле жарып қарау мүмкін де емес шығар...

<...> “Жеті  жарғы”  мəселелері  З.Кенжалиевтің “Көшпелі  қазақ  қоғамындағы  дəстүрлі  құқықтық мəдениет” монографиясында да көтеріледі. Автордың пікірінше “Жеті жарғы” қазақ қоғамының ішкі мəселелеріне көбірек назар аударады жəне соған байланысты бірсыпыра жаңа нормаларды кіргізеді.  З.Кенжалиев “Жарғы”  мемлекеттік  биліктің  құқық  түзу  қызметінің  өсіп-өніп,  жаңа сатыға көтерілген тұсының туындысы жəне көрінісі” - деп есептейді (38, б. 83).

“Жеті  жарғыға”  қатысты  тарихнамалық  шолу,  бұл  тақырыпта  əлі  де  салмақты  зерттеу жұмыстарың жүргізілу қажеттігін көрсетеді. Оның бір бағыты тарихи-этнографиялық əдебиеттен “Жеті  жарғыға”  қатысты  деректерді  сүзіп  алу,  жүйелеу,  тың  пікірлер  айту.  Біздің  кітапша  осы мақсат биігінен көрінуге күш салады.

 

 

3.“Жеті жарғы” туралы дерктер

 

 

Əз  Тəуке  ханның  заманы,  сол  заманда  түзілген “Жеті  жарғы”  туралы  деректер  қазақ  ауыз əдебиетінің  əр  саласынан  кездесіп  қалады.  Зерттеушілердің  көпшілігі “Жеті  жарғы”  ел  есінде айшықты  афоризмдер,  қанатты  сөздер  түрінде  сақталды  деген  пікірде,  олай  болса  кəзіргі  ел аузында  ескілікті,  қария  сөз  аталып  жүрген  рухани  дүниенің  көпшілігі  ғасырлар  елегінен  өткен “Жеті жарғының” сарқыншақтары, жұрнақтары деп есептеуге болады.

Қазақ  шежіресінде “Жеті  жарғы”  көбнесе “Күлтөбенің  басында  күнде  кеңес”  деген  атаумен белгілі. М.-Ж.Көпеев бұл туралы: “Күлтөбеде күнде кеңес” осы Əз Тəуке тұсында айтылған сөз.

 

 

Қолданылған əдебиет тізімі:

 

1. Абылай хан. Тарихи жырлар /Құраст. С.Дəуіт. - Алма-Ата, 1993.

2. Абишев Х.А. Передовая русская интеллигенция Западной Сибири об обычно-правовой системе казахов //Проблемы казахского обычного права. - Алма-Ата, 1998. С. 56-65.

3. Адамбаев Б. Қазақтың шешендік өнері. - Алматы, 1984.

4. Андреев И.Г. Описание Средней Орды киргиз-кайсаков. – Алматы, 1998.

5...