Реферат: Қаржы жүйесін ұйымдастыру


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Финансы
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
15

Жоспар

 

1. «Қаржы жүйесі» ұғымының мазмұны, оның жіктеуінің сипаттамасы..........3

2. Қаржы жүйесінің құрылымы және оны құру принциптері..........6

3. Қаржы жүйесінің негізгі бағыттары және  нарықтық шаруашылық экономикасын құрудағы оның рөлі..........10

4. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі..........10

 

 

1. «Қаржы жүйесі» ұғымының мазмұны, оның жіктеуінің сипаттамасы

 

«Қаржы жүйесі» ұғымы, соның негізінде тиісті ақша қаражаттарының қорлары құралатын және пайдаланылатын, сондай-ақ осы қатынастарды ұйымдастыратын органдар қатынастарының жиынтығын қамтиды.

«Жүйе» термині, әртүрлі өлшемдер бойынша жіктелетін өзара байланысты элементтердің – ішкі жүйелердің қолданылуын білдіреді.

Қаржы жүйесі:

·  қаржы қатынастарының жиынтығы;

·  ақша қаражаттары қорларының жиынтығы;

·  қаржылық басқару аппараты сияқты үш бөліктен тұрады.

Қаржы жүйесі ықпалдастық (интеграциялық) типтегі жүйе болып саналады, оған кіретін элементтердің (ішкі жүйелердің) тығыз байланысымен сипатталады және оның ішкі жүйелерінің бірде-бірі дербес өмір сүре алмайды: қаржылар, біріншіден, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және сондықтан да осы қатынастар жүйесінің элементі болып қатысады, екіншіден, өзінің функционалдық қасиеті бар, өзара байланысты элементтерден тұратын жүйені білдіреді. Қаржыларда функционалдық ішкі жүйелер түрінде, салық, бюджет, қаржы жоспарларын (болжамдарын), қаржы көрсеткіштерін, сметалық қаржыландыру сияқты функционалдық ішкі жүйелерді атауға болады.

 

 

2. Қаржы жүйесінің құрылымы және оны құру принциптері

 

Қаржы жүйесінің жекелеген құраушы элементтерінің орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы (басты) элемент жүйенің өзге элементтерінің арасында жетекші орын алады, өйткені жүйенің элементтері мен буындарының өзара байланыстарындағы оның рөлі айқындаушы болып саналады. Бірінші кезекте мемлекеттік бюджет түріне таныстырылған жалпы мемлекеттік қаржылар, қаржы жүйесіндегі осындай элемент болып қатысады.

Материалдық аядағы шаруашылық субьектілерінің қаржылары қаржылардың негізін құрайды, олар қаржы жүйесінің бастапқы буыны болып саналады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім – қоғамның қаржы ресурстарының негізгі көзі жасалады.

Халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржылары қаржы жүйесінің өзіндік бөлігін білдіреді. Халық (азаматтар) өздерінің ақша қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржы жүйесімен және барлық меншік нысандарындағы өндірістік және өндірістік емес аялардағы өзге мекемелер мен ұйымдардың көрсеткен қызмет ақыларын төлейді.

 

 

3. Қаржы жүйесінің негізгі бағыттары және  нарықтық шаруашылық экономикасын құрудағы оның рөлі

 

Қазақстан республикасының қаржы жүйесінің қазіргі жай-күйінің негізгі мәселелерін мерзімді баспасөзден, ғылыми басылымдардан оқып біліп отыру қажет.

 

 

4. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі

 

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін:

- бюджет жүйесі;

- салық жүйесі;

- даму институттары;

- сақтандыру секторы;

- зейнетақы секторы арқылы таныстыру көзделеді.

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі заңдар (бюджет бойынша, салықтар аясындағы, сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету қаржы институттары және т.б. туралы) негізінде жұмыс істейді. Ғылыми мақалаларды, мерзімді баспасөзді пайдалану қажет.