Реферат: Мемлекеттік бюджет


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Финансы
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
23

Жоспар

 

1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі..........3

2. Мемлекеттік бюджет кірістері, олардың құрамы мен құрылымы..........7

3. Нарықтық үлгідегі экономикалық бюджет шығыстарының ерекшеліктері..........8

4. Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы. Бюджет жүйесін құру принципі және оның құқықтық негіздері..........11

5. Бюджет жіктеуі, бюджет процесі, оның кезеңдері. Бюджеттік бағдарламалар........... 13

6. Жергілікті қаржыландырудың маңызы, қаржы жүйесіндегі олардың орны...........15

7. Арнайы экономикалық аймақтардың қаржыларын ұйымдастыру..........18

 

 

1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі

 

 

Қаржылық қатынастар жүйесінде, субьектілердің мемлекет алдындағы өзінің қаржылық міндеттемелерін орындауы бойынша мемлекеттің субьектілерімен қатынасы ерекше орын алады. Мемлекетте құралатын ақша қорлары – орталықтандырылады және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы бағдарламаларды қаржыландырудың негізгі көзі болып қатысады. Бюджет, өзінің маңызы бар, функцияларды орындайтын, көптеген белгілері бойынша жіктелетін мемлекеттің негізгі ақша қоры болып саналады. Мемлекеттің өмір сүруі «бюджет» ұғымымен ажырағысыз байланыста. Осыдан, мемлекеттік бюджетті, объективті түрде қажет, бірақта қондырмаға, әрбір нақты кезеңдегі саясатқа қатысты болатын экономикалық категория ретінде сипаттауға болады.

 

 

2. Мемлекеттік бюджет кірістері, олардың құрамы мен құрылымы

 

 

Бюджет кірістері – бұл өзіндік қоғамдық маңызы бар және мемлекет қызметінің қаржылық базасы болып саналатын, объективті келісілген категория.

Процесте оның жұмыс істеу материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне келіп түсетін, қаражаттар жиынтығы құралатын экономикалық қатынастар жүйесі мемлекеттік кірістер болып түсіндіріледі.

Мемлекеттік кірістерді қалыптастыру мемлекеттің белсенді қатысуы жағдайында жүзеге асырылады: ол таза кірістің үлесін, кәсіпорындар мен ұйымдарда қалдырылатын және бюджеттегі орталықтандыруды білдіреді, сондай-ақ халықтың жеке кірістерінің бір бөлігін және бюджеттің өзге қаражаттарын шоғырландырады. Мемлекеттік кірістерді жіктеу мемлекеттік кірістердің экономикалық табиғатын, олардың құрамын және нысаналы бағытын, қалыптастыру принциптерін, яғни мемлекеттік кірістердің бүкіл жүйесін терең түсінуге мүмкіндік береді.

 

 

3. Нарықтық үлгідегі экономикалық бюджет шығыстарының ерекшеліктері

 

Мемлекеттік бюджет шығыстары – бұл мемлекеттің қаражат қорын бөлу және оны салалық, нысаналы және аумақтық бағыттары бойынша пайдаланумен байланысты туындайтын экономикалық қатынас.

Бюджет шығыстарында бөлу процесінің екі жағы: бюджеттік қордың құрамды бөліктерде тармақталуы және бюджеттік қаржыларды алатын материалдық өндіріс және өндірістік емес аялардағы кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің нысаналы ақша қорларын қалыптастыру көрініс табады.

Бюджет шығыстарының категориясы шығыстардың нақты түрлері арқылы көрінеді, олардың әрбірі сандық және сапалық жағынан сипатталуы мүмкін. Сапалық сипаттама экономикалық табиғатын және бюджет шығыстарының әрбір түрінің қоғамдық тағайындалуын, олардың сандық көлемін айқындауға мүмкіндік береді.

 

 

4. Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы. Бюджет жүйесін құру принципі және оның құқықтық негіздері

 

 

Бюджет жүйесі – бұл экономикалық қатынастарға және заңдық нормаларға негізделген, ел бюджетінің барлық түрлерінің жиынтығы.

Бюджет жүйесін ұйымдастыру елдің мемлекеттік құрылысымен айқындалады. Әрбір елдің бюджет жүйесінің құрамына олардың құрылысы бойынша әртүрлі бюджеттер кіреді. Мәселен, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамына: республикалық бюджет; жергілікті бюджеттер: облыстық, қалалық, аудандық бюджеттер кіреді.

 

 

5. Бюджет жіктеуі, бюджет процесі, оның кезеңдері. Бюджеттік бағдарламалар

 

Үшінші бөлім «Несиелеу минус өтеуге» несиелеу бойынша бюджеттен алынған төлемдер мен бұрын бюджеттен берілген несиелерді өтеуден түскен түсімдер кіреді және бюджет тапшылығына жатқызылатын таза несиелеу көрсетіледі.

Төртінші бөлім, кірістер мен шығыстар сомалары плюс несиелеу минус өтеу арасындағы бюджет тапшылығын көрсетеді.

Бесінші бөлім «Бюджет тапшылығын қаржыландыру» тапшылықты жабу көздерін сипаттайды: ішкі тапшылық – ұлттық банктің несиелері, мемлекеттік бағалы қағаздар шығару есебінен; сыртқы – халықаралық қаржы ұйымдары мен шет мемлекеттердің несиелеуі есебінен.

 

 

6. Жергілікті қаржыландырудың маңызы, қаржы жүйесіндегі олардың орны

 

 

 <...>Жергілікті қаржылар, сол арқылы жергілікті басқару органдары, өздеріне жүктелген функцияларға сәйкес, ақшалай формадағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жұмылдыратын, бөлетін және пайдаланатын экономикалық қатынастарды білдіреді. Оларға жергілікті бюджеттер, арнайы бюджеттен тыс қорлар мен жергілікті басқару органдарының меншігіндегі шаруашылық субъектілерінің қаржылары кіреді. 

 

 

7. Арнайы экономикалық аймақтардың қаржыларын ұйымдастыру

 

Егер ЕЭА-ның құқықтық тәртібінде (режимінде) өзгеріс болса немесе ол мерзімінен бұрын таратылса, онда аймақ аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық субъектілеріне, инвестиция салу кезіне сәйкес келетін жағдайларда осындай қызметін жалғастыру құқына кепілдік беріледі. Аталған құқық арнайы экономикалық аймақ құрылатын мерзім аяқталғанға дейін қолданылады, бірақ та 10 жылдан аспауы тиіс; мерзім аталған құқықтық режим (тәртіп) өзгергенде немесе оның күші жойылған күннен есептеледі. Осылайша, арнайы экономикалық аймақта, бизнестің барлық аяларында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдай жасалады.