Жоспар
1 Мемлекеттік несиенің мәні мен маңызы. Қаржы жүйесіндегі мемлекеттік несие ..........3
2. Мемлекеттік несиенің түрлері, формалары мен әдістері.......... 5
3. Халықаралық мемлекеттік несие, олардың формалары..........9
4. Мемлекеттік қарыз (борыш) ұғымы, оның түрлері. Мемлекеттік қарызды басқару ..........13
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарыздар құрылымдарының ерекшеліктері..........17
1 Мемлекеттік несиенің мәні мен маңызы. Қаржы жүйесіндегі мемлекеттік несие
Қоғамның алуан түрлі қажеттіліктерін үзбеліксіз қаржыландыру мақсатында мемлекет өзінің шығыстарын жабуға шаруашылық құрылымдарының уақытша жұмсалмай жатқан бос қаржы ресурстары мен халықтың қаражатын тартуы, алудың басты тәсілі болып саналады. Мемлекеттік несие, мемлекет өзінің органдары атынан заемшы болып, ал жеке және заңды тұлғалар – кредиторлар болып қатысатын, несие қатынастарының жиынтығын білдіреді.
2. Мемлекеттік несиенің түрлері, формалары мен әдістері
Мемлекеттік несие жалпы қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін қайталама бөлу қатынастарын білдіреді. Мемлекеттік несие қатынастарының аясына, бастапқы бөлу сатысында қалыптасқан, кірістер мен ақша қорларының бір бөлігі ғана кіреді. Әдетте, ағымдағы тұтынуға арналмаған, халықтың, кәсіпорындар мен ұйымдардың уақытша жұмсалмай жатқан бос ақша қаражаттары осыған жатады. Бұл мемлекеттік-несие қатынастарының бір қыры.
3. Халықаралық мемлекеттік несие, олардың формалары
Халықаралық несие – бұл бір ел мемлекеттерінің, банктерінің, сондай-ақ өзге заңды және жеке тұлғаларының екінші бір елдің мемлекеттеріне, банк ілеріне және өзге заңды және жеке тұлғаларына беретін займдары.
Сыртқы-экономикалық байланыстардың дамуымен байланысты, халықаралық валюта – несие ұйымдары: Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ), Халықаралық қайта құру және Даму Банкі (Дүниежүзілік банк) мен оның ұйымдары – Халықаралық Даму Қауымдастығы, Халықаралық Қаржы корпорациясы, инвестицияларға кепілдіктер беру жөніндегі сан жақты Агенттік, Еуропа қайта құру және даму банкі және т.б.
4. Мемлекеттік қарыз (борыш) ұғымы, оның түрлері. Мемлекеттік қарызды басқару
Елде мемлекеттік несиені дамыту бірмезгілде мемлекеттік қарыздың өсуін туғызады.
Мемлекеттік қарыз – ол бойынша есептелген пайыздарды қоса алғанда, шығарылған және өтелмеген мемлекеттік займдар бойынша берешектер сомасы. Займ валюталарын орналастыру нарығына және өзге сипаттамаларына қатысты мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы қарыздарға бөлінеді.
Мемлекеттік қарыз, кеңейтілген ұдайы өндіріс үшін, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша қаражаттарын тарту формаларының бірі ретінде мемлекеттік займдарды пайдаланумен байланысты туындайды.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарыздар құрылымдарының ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында 1992 жылдан бастап ұлттық займдар шығарыла бастады. Бастапқы бетте бұл, ұйымдар мен кәсіпорындар арасында орналастырылған, Мемлекеттік ішкі займ болды. 20 жыл мерзімге есептелген, 1982 жылғы одақтық займ міндеттемелері бойынша жауап беретін, ҚР Мемлекеттік ішкі ұтыс займдары бондар шығарылған болатын. 1996 жылдан, табыстылық нормасы өзгермелі материал сызданған формадағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ішкі займының Ұлттық жинақ (сақтық) облигациялары шығарылады.