Жоспар
1 Парадонт ауруларын хирургиялық жолмен емдеу. 3
2 Қызыл иек (гингивальная) хирургиясы. 5
3 Операция жасау техникасы. 6
4 В. П. Русанов әдісі бойынша остеогингивопластика операциясы. 9
2 Қызыл иек (гингивальная) хирургиясы.
Тіс-иек, тіс-сүйек қалталарын қасықшамен тазалау (кюретаж).
Тіс-иек, тіс-сүйек қалталарын қасықшамен тазалау қалта тереңдігі 4 мм-ден асқанда қолданылады. Бүл операцияны жасайтын арнаулы аспаптар комплексі медицина заводтарында дайындалады.
Аспаптар қүрамына имек ілгіш, көтергіш, астауша (кюретки), түрпі, бурышты көтергіш тәрізді аспаптар кіреді.
Операцияның негізгі мақсаты — патологиялық қызыл иек және тіс-сүйек қалталарын жою. Мұны орындау үшін біріншіден, қызыл иектің үстіңгі және астыңғы жағында жиналған іріңді тұнбаларды қалдырмай алып тастап, екіншіден — бұзылған тіске жиналған тастарды (қақты), жұмсақ түйір еттерді, қызыл иек және тіс-сүйек қалталарына қарай өскен эпителийдің өскінін алып тастау керек (52-сурет).