<...>Грек философиясын мұсылман құқығы, діні және құқықтық теориясымен байланыстырып, одан саясат туралы жалпы ілім жасауға талпыну бүл ілімнің дін-мұсылмандық сипатын білдірмейді.
Әл-Фараби саясат туралы ілімді мұсылман құқығымен, догматик асымен салыстыру арқылы олардың құдайлық бастауы туралы ұқсастығын емес, бұл ілімдердің адам іс-әрекеті мен мінез құлқындағы əртүрлі жақтарға тигізген əсерінің мәнін атап көрсетеді. Әл-Фарабидің саясат туралы айтқан құнды ойлары Араб шығысы мен Орта Азия елдерінде əлеуметтiк – құқықтық ілімнің одан кейінгі дамуына өз ықпалын тигізе алды. Оның əлеуметтiк-құқықтық идеялары орта ғасырлық және жаңа заман ойшылдарының еңбектерінде көрініс тапты /2/.
Сонымен, Əл–Фарабидің əлеуметтiк - құқықтық көзқарастарынан бүгiнгi қоғамның көрнiстерiне пайдалы тиесiлi үндестік табамыз. Оның өз заманында айтқан құнды пiкiрлерiнiң қазiргi егеменді Қазақстанымызға қаншалықты маңызы барлығына көз жеткiзiп отырмыз.
Қолданылған əдебиеттер:
1. Қасабеков А. , Алтаев Ж.. , Қазақ философиясының тарихына кiрiспе . Алматы , 1994, 76-79 беттер.
2. Саяси-құқықтар iлiмдер тарихы. Оқулық. Алматы, 2002, 86-90