VIII -XI ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда ислам дiнiнiң таралуына байланысты араб тiлiмен жазуы кеңінен қолданыла бастады. Iрi қалаларда бiлiм беру iсi мен ғылым дамыды. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерінде исламның кең етек алуынан ерте түрік сына жазуы ығысып, араб əлiппе негiзiнде жаңа түркі жазуы қалыптасты. Түркі және араб тiлдерiнде əдеби және ғылыми шығармалар жазылды.
ХI -XII ғасырларда Қарахан мемлекетiнiң күшеюімен бірге мәдениет те құлашын кеңге сермеді.
Араб Шығысы мен Үнді - Иран және Орта Азия əлемiнде əлеуметтiк – құқықтық ой – пiкiрдiң дамуына əсер еткен ақыл – ой төңкерiсi болды. Мұсылмандық Ренессанс деп аталған осы дəуiрде өмір сүрген Жүсiп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Иассауи тағы басқа ғұламалардың шығармалары көпшiлiк қауымға кеңінен мəлiм болды.
ХI –XII ғасырлардағы əдеби поэзиялық шығармалардың көрнектiлерiнiң бiрi жүсiп Баласағұнның “Құтты бiлiк” (“Қалай бақытты болу жайындағы ғылым”) поэмасы.
Қолданылған əдебиеттер
1. Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясының тарихына кiрiспе. Алматы, 1994, 96 – 99 беттер.
2. Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясының тарихына кiрiспе. Алматы, 1994, 114, 118 – 123 беттер.
3. Махмұт Қашқари. Түбі бір түркі тiлi. Алматы, 1993, 7 – бет.
4. Махмұт Қашқари. Түбі бір түркі тiлi. Алматы, 1993, 7 – 8 беттер.