Жоспар
1 Статистикалық жұмыстардың пайда болуы мен дамуы.. 3
2 Статистикалық ғылымның қалыптасуы мен дамуы.. 12
3 Кеңестік кезеңдегі статистикалық ғылым. 28
4 Тәуелсіз Қазақстандағы статистикалық органдардың құрылуы және құқықтық статистика. 41
2 Статистикалық ғылымның қалыптасуы мен дамуы
ХVII-ХVІІІ ғасырлардағы статистиканың дамуының басты қорытындысы статистиканың практикалық және ғылыми маңызды үлкен сандарын ашу, жедел есептеу-статистикалық жұмыстардың күрт өсуі, жаппай есеп жүргізу деректерінің жинақталуы болды. Осыған орай енді XIX ғасырдың басында практика мен ғылымдағы статистикаға деген күшейіп жатқан талаптарды қанағаттандыруға жағдай жасайтын жаппай есеп жүргізу деректерін жинауды, қорытындылауды қамтамасыз ететін статистика әдістерінің жасау мен жетілдіруде қажеттігі туындады. Жинақталған тәжірибелерді де кеңінен таратудың да күні туды. Осының бәрі статистика теориясын құруды мегзеді. «Мұндай теория құрастыру замана ағымының қажеттілігі - статистика үшін негізгі міндет», - деп жазды XIX ғасырдың басында орыстың көрнекті статистигі К.Ф. Герман.
XIX ғасырдың ірі статистигі, статистика теориясының нағыз негізін салушысы Адольф Кетле (1796-1874) статистика ғылымының - статистикалық-математикалық үшінші бағытының ірі тұлғасы болып саналады. Ұлты бельгиялық, білімі математик Кетле Пьер Лапласқа (1749-1829) еліктеумен қалыптасты, астрономия, (физика, геодезиямен айналысты, Бельгия академиясының мүшесі, Петербург Ғылым академиясының мүше-корреспонденті (1874) болды. Ол практикалық және теориялық статистиканың дамуы үшін үлкен рөл атқарған Халықаралық статистикалық конгрестің ұйымдастырушысы ретінде де көпке танымал. Кетле статистикалық, соның ішінде қылмыстық статистика материалдарына негізделген бірқатар зерттеулерді жүзеге асырды және қоғамдық өмірдің бірқатар заңдылықтарын ашты. Кетленің маңызды еңбектері мыналар: «Ықтимал қылмыстарды есептеп шығару» (1829), «Ықтималдылық теориясы туралы хат» (1830), «Әлеуметтік физика немесе адам қабілетінің дамуы жөніндегі зерттеу тәжірибесі» (1836), «Әлеуметтік жүйе және оны басқаратын заңдар» (1848), т.б. Бір жағынан ол қазіргі тілмен айтқанда, әлеуметтану, сол кездегі «әлеуметтік физика» негізін салушы, басқа жағынан әдіскер, статистика теориясының негізін салушы болды. ...