Контрольная работа: Құқықтық статистика негіздері. Құқықтық статистика түсінігі және оның мазмұны


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Құқық, Құқық негіздері
Тип работы:
Контрольные работы
Количество страниц:
24

Жоспар

 

1 Құқықтық статистика пәні ұғымы және оның негізгі салалары........ 3

2 Статистиканың әдіс-тәсілдері .........9

3 Іс жүзіндегі қызметтегі құқықтық статистиканың мәні......... 23

 

 

1 Құқықтық статистика пәні ұғымы және оның негізгі салалары

 

 

Статистика - жай пайдалы ғылым ғана емес, ол қоғамның дамуын суреттеп бейнелейтін, түсінік беретін болжайтын сөз жоқ қажеті мол деректі ақпарат ордасы. Статистиканың көмегінсіз кез келген дәрежедегі қызметкер ештеңені пішіп, болжай алмайды. Мұндай қызметкердің ой-өрісінде небір шым-шытырман фактілер пісіп-жетіліп жатады, ал осы ойдың ар жағында фактілерді пайдаланудың заңдылықтары назардан тыс қалып қоятын кездері де болады.

 

Қанша дегенмен, көптеген заңгерлер мен ғылыми қызметкерлердің статистикалық дайындық ережесі төмен екендігі жасырын емес. Кейбір ғалымдар мен қызметкерлер статистикалық әдістерді дұрыс пайдалана ала алмағандықтан, ондағы ақпарларды өз мәнінде игере алмайды немесе керісінше, мазмұнында ешқандай жеткілікті негіздеме болмаса да, сол алған фактілерді жасап жатқан жұмысына қорытынды боларлық материал деп санайды.

 

Сөйтіп, құқықтық статистика теориясын оқып-үйрену нәтижесінде тыңдаушылар статистикалық ғылымның жалпы негіздері білімін игеріп және құқықтық құбылыстарға статистикалық зерттеу жүргізудің жалпы тәжірибесін үйренуі тиіс.

 

 «Статистика» термині латын тіліндегі «Status» деген сөзден шыққан, тура аударғанда «нәрсенің күйі» деген сөзді білдіреді. Белгілі бір объект әр түрлі бейнеленіп жеткізілуі мүмкін: табиғи тілдік сөздермен (орысша, ағылшынша, қазақша, т.т.), бейнелі көрінісімен (мысалы, сызба, жоба, кескін), шартты белгілермен (мысалы, Морзе әліппесі) және ең соңында арнайы математикалық тілмен, яғни, сандармен және символдық белгілермен. ...