Доклад/Баяндама: Құқықтық статистика негіздері. Кеңестік кезеңдегі статистикалық ғылым


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Құқық, Құқық негіздері
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
13

... Осындай орын алған жағдайда қажетті дерек жинауға тек арнайы ұйымдастырылған статистикалық зерттеу арқылы қол жеткізу мүмкін болды. Бірақ бүл үшін ең әуелі статистикалық қызметті ұйымдастыру қажет.

 

Іс жүзінде Қазан төңкерісінен кейін мемлекеттік статистиканы қайтадан құруға тура келді. 1917 жылдың қазан-желтоқсан айларында ескі мемлекеттік аппараттың бәрі дерлік жойылды. Мемлекеттік жаңа аппарат 1918 жылдың көктеміне дейін құрылды. Статистикалық жұмыстар (белгілі бір көлемде) барлық кеңестік ұйымдар мен мекемелерде жүргізіле бастады.

 

1918 жылдың маусымында статистиктердің I бүкілре-сейлік съезі болды. Онда сол кезде Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің санақ және статистика бөлімін басқарған Павел Ильич Поповтың (1872-1950) ұсынуымен Мемлекеттік статистика туралы ереженің жобасы талқыланды. Жоба талқылаудан өткеннен кейін Халық комиссариаты кеңесіне тапсырылып және ол 1918 жылдың 25 шілдесінде бекітілді. Ереже «социалистік мемлекетке сол кездегі және кейінде аса қажетті социалистік құрылыс, тексеру, бақылау, есеп жүргізу органы» болған жалпы мемлекеттік статистикалық орган - Орталық статистика басқармасын (ОСБ-ЦСУ) құруды белгіледі.

 

Орталық статистика басқармасы жанында мемлекеттік статистика істері жөнінде Кеңес құрылды (Кеңес туралы Ереже 1918 жылғы 26 қыркүйекте жарияланды). Кеңес статистикалық жұмыс жоспарларын жасауға, жалпы мемлекеттік және ведомстволық статистикалық органдардың атңаратын қызметтерін, деректер жинау мен оларды өңдеу бағдарламасы жөнінде келісуді жүргізетін болды.

 

Орталық статистика басқармасы мен оның жергілікті органдарының қызметі, статистиканың ұйымдастыру және әдістемелік мәселелері 1919 жылдан шыға бастаған «Статистика хабаршысы» жөне «Орталық статистика басқармасы бюллетені» атты журналда жарық көріп отырды. 1918 жылдың 3 қыркүйегінде жергілікті статистикалық мекемелер ұйымдастыру туралы ереже бекітілді. Барлық губернияда, соған теңестірілген қалаларда және уездерде статистикалық бюро құрылды. ...