Доклад/Баяндама: Қылмыстық статистика ұғымы мен мазмұны, оның басқа ғылымдармен өзара әрекеттестігі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Құқық, Құқық негіздері
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
6

Құқық қорғау органдарының қызмет саласындағы әлеуметтік реттеудің маңызды құралы ретінде көріне отырып, қылмыстық-статистикалық ақпарат қызмет көрсететін аумақтағы шұғыл жағдайлар жөнінде объективті хабар алуға, қылмыстық жасалуына жағдай туғызатын себептер мен шарттарды анықтауға, қоғамға жат құбылыстарға қарсы күрестің тиімді шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

Республикамыздағы құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу бағдарламасы жүзеге асырылып жатқан қазіргі шақта қылмыстық статистиканың жоғары сапалы материалдары ауадай қажет. Ішкі істер бөлімдерінің алдын алу қызметіндегі тиімді жұмыс атқару ғылыми ақпараттармен қамтамасыз етілген осы материалдарсыз мүмкін емес. Өзіңнің басты күшің мен назарыңды қайда бағыттауды білу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында: «Тиісті бағытта келе жатырмыз ба немесе бағыттан шығып кеткен жоқпыз ба, оқиғадан бұрын келеміз бе, жоқ әлде қалыс қалдық па - осыны бағдарлап отыру керек », - деп айтылғандай мәселені дер кезінде ескеріп және біліп отыру қажет.

 

Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында теңдесі жоқ бағыт - ақпараттық қамтамасыз ету мен талдау жұмыстарының деңгейін көтере түсу деп тегін айтылмаса керек. Сондықтан осы қылмыстық статистика курсын оқып-үйрену құқық қорғау органдырының қызметінде маңызды орын алады.

 

«Статистика» сөзінің бірнеше мағынасы бар: сандардың (фактілердің) жиынтығы, сол сандардың өңдеу нәтижесі және фактілерді оқып-зерттеудің белгіленген әдістері.

 

Ал жалпылама алғанда, статистика - бүл өзіне тән әдістерімен бұқаралық қоғамдық құбылыстардың сапалық жағымен тығыз байланысты бола отырып, сандық жағын оқып-зерттейтін жөне нақты бір орын мен уақытта қоғамдық даму заңдылықтарының сандық көрінісін көрсететін ғылым.

 

Осындай жолдармен ғана қоғамдық құбылыстардың белгілі бір заңдылықтарын анықтауға болады. Бұқаралық қоғамдық құбылыстардың заңдылықтары тек үлкен сандық бірлікпен көрінеді. Үлкен сандар заңы осыны қажет етеді.

 

Әр түрлі ғылымдармен оқып-зерттелетін заңдылықтар динамикалық және статистикалық болады. Жаратылыстану ғылымы үшін жекелеген жағдайларда ашылатын динамикалық заңдылықтар, ал қоғамдық ғылымдарға үлкен санды құбылыстарды талдау кезінде белгілі болатын статистикалық заңдылықтар тән деп саналады. Қылмыстылыққа тән қасиеттер статистикалық заңдылықтармен қаншалықты көрінетін болса, криминология соншалықты статистикалық әдістерді пайдаланады. «Үлкен көлемде қаралатын қылмыс, - деп атап көрсетті К. Маркс, - табиғат құбылыстарының заңдылықтары сияқты өзінің санымен және өзінің жіктелуі бойынша көрінеді».

 

Статистикалық әдістер мынадай мүмкіндіктер туғызады:

 

а)   жалпы ел бойынша, оның аймақтары, жекелеген елді мекендері немесе жекелеген объектілеріндегі қылмыстылықтың жай-күйіне жан-жақты сандық сипаттама беруге;

 

б)  елдегі (аймақтағы) қылмыстылықтың даму заңдылықтарын, оның қозғалысын анықтауға;

 

в)   қылмыстық-құқықтық және криминологиялық маңызы бар қылмыскерлер құрамына әлеуметтік-демографиялық жағынан сипаттама (жынысы, жас шамасы, жасалған қылмыстардың саны, т.б.);

 

г)   қылмыстылық пен басқа да әлеуметтік құбылыстар арасындағы сандық көрсеткіштегі айрықша төн, тұрақты және заңды байланыстарды анықтауға;

 

д)  қылмыстылыққа жағдай туғызатын себептер мен жағдайларды ашуға, сондай-ақ оларды болжау мен нақты алдын ала әсер ету шараларын жасауға негіз болатын қажетті сандық материалдарды жинастыруға;

 

е)   оңтайландыру мен тиімділігін білу мақсатында қылмыскерлерге қолданылатын қылмыстық-құқықтық, әкімшілік әсер ету шараларын сипаттайтын қажетті деректер алуға.

 

Статистиканың маңыздылығы - бұқаралық қоғамдық құбылыстардың әлеуметтік-экономикалық мазмұнындағы сапалы жақтарымен үздіксіз байланыстағы сандық жағы.

 

Статистиканың маңызы мен әдісін дұрыс түсіне білу үшін ең әуелі диалектиканың сан және сапа категориясын түсініп алу айрықша орын алады. Сапа - мазмұндар немесе олардың бөліктерін, сондай-ақ қасиеттерін, байланыстарын, мөлшерін, санын, пайда болу дәрежесін немесе өзге де қасиеттерін сырттай, формальды түрінде көрсететін категория.

 

Кез келген нәрсенің сапасы сипатталатын нәрсенің сансыз, мөлшері, көлемі, деңгейі, қарқыны жөне басқа да жақтарының құбылыстарынсыз болмайтынын есте сақтау керек. «Сан деп белгілі бір затты бөлгендегі немесе біртектес бөлшектерді қосқандағы (шынымен немесе ойша) ие болған қасиетін айтамыз. Бөлшектердің немесе нәрселердің біртектестігі (сол сияқты, ұқсастығы) - санның айыру белгісі. Бір-біріне ұқсас емес заттардың арасындағы айырма сапалық, ал бір-біріне ұқсас заттардың арасындағы айырмашылық сандық қасиетті көрсетеді».

 

Мысалы, қылмыстылық іштей алатын болсаң қоғамға тән болғандықтан, оның елеулі сапалы ерекшелігі болып

 

табылады, сонымен бірге тиісті сандық көрсеткіштердің айғақты дәлелі бола алады.

 

Сөйтіп, қылмыстық статистика ғылымы - қылмыстылықты, оның себептерін және қылмыстық-құқықтық ғылымның қағидалары мен ережелеріне негізделген күрес шараларын зерттеу саласында қолданылатын статистика жалпы теориясының ережелері мен әдістерінің жүйесі.

 

Яғни бүл ғылым статистиканың жалпы теориясы және қылмыстық-құқықтық ғылым сияқты екі ғылыми негіздемеге сүйенеді. ...