Доклад/Баяндама: ҚР-да сот-медицина сараптамасының құрылуы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
криминалистика, Сот медицинасы
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
3

... Қазақстанда сот-медицина сараптамасының дамуы Алматы медицина институты сот-медицина кафедрасының дамуымен және қалыптасуымен тығыз байланысты. 1935 жылы Қазак КСР Денсаулық сақтау халық комиссариаты жөніндегі бұйрықпен өлкелік сот-медицина инспекторының кызметі белгіленді. Оған дейін сот-медицина сараптамасы Қазақ КСР Денсаулык сақтау халық комиссариаты кәсіптік емдеу басқармасының карамағында болып келген еді.

 

1951 жылы Одақтық және Қазак КСР Денсаулық сақтау минстрліктерінің бұйрықтарымен Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан Республикалық сот-медицина сараптама бюросы, ал, облыстық денсаулык сақтау бөлімдері жанынан облыстық бағыныстағы қалалар мен барлық селолык аудандарға қызмет көрсететін облыстық сот-медицина сараптамасы бюролары құрылды. Сөйтіп, сол кездегі аумақтық бөлініс бойынша Қазақстанда осындай 15 бюро жұмыс істеді.

 

Кейіннен республикада сот-медицина сараптамасы қызметін одан әрі нығайтуға бағытталып, бірқатар облыстардың денсаулық сақтау бөлімдері жанынан облысаралық сот-медицина зертхана­ларын ашу, оларды дәрігерлермен және фармацевттермен, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және т.б. көзделді. Сөйтіп, 1959 жылы республикада бес сот-медицина зертханасы, үш сот-биология және физика-химия бөлімшесі жұмыс істеді.

 

Қазіргі таңда сот-медицина сараптамасының мемлекеттік жүйесі бар. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі сараптаманы басқаруды Бас сот-медициналық сарапшы арқылы жүзеге асырады. Сот-медициналық сараптама Орталығы ғылыми және әдістемелік жұмыстарды реттеп басқарады.

 

Республикалық, облыстық, қалалық сот-медициналық сараптама бюроларының филиалдары аймақтық сот-медициналық басқармалары болып табылады. Әр сот-медициналық сараптама бюросының құрамына сарапшы құқығына ие қалалық, аудандық сот-медицина сарапшылары кіреді. Олардың саны бір сарапшыға мың тұрғыннан белініп анықталады. Бюрода сот-медициналық сарапшылардан басқа биологтар, химиктер, физиктер және т. б. мамандар бар. Әрбір сот-медицина сараптамасы Бюросында:

 

— тірі тұлғаларды сот-медициналық куәландыру бөлімі (сот-медициналық амбулатория);

 

— сот-гистологиялық бөлімшесі бар мәйітті сот-медициналық зерттеу бөлімі (мәйітхана);

 

— заттық дәлелдемелердің сот-медициналық зерттеу зертханасының келесідей бөлімшелері бар: сот-биологиялық, сот-химиялық, физика-техникалық. ...