Реферат: Қазақ жеріндегі мемлекет пен құқық тарихына шолу


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Жеті жарғы
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
28

Жоспар

 

1.  Алаша хан мен Уыз хан заманы..........3

2.  Ғұн жəне түрік заманы............7

3.  Шыңғыс хан жəне Алтын Орда заманы...........9

4.  “Қасым ханның қасқа жолы”..........12

5 . “Есім ханның ескі жолы”.............13

6.   Əз-Тəукенің “Жеті жарғысы”..........15

7.  Абылай хан дəуірі...........20

Қолданылған əдебиет тізімі:..........25

 

 

1. Алаша хан мен Уыз хан заманы.

 

Қазақ  əдет-ғұрып  заңдарының  жалпы  мазмұнынан  көне  дəуірлердің  елесі  атой  береді.

Ережелердің  көпшілігі  Алаша  хан,  Уыз  хан  сияқты  ертедегідей  алыс  заманның  көш басшыларының  соңынан  ел  боламыз,  жұрт  боламыз  деп  еріп  келе  жатқан  батыр  жауынгерлер сияқты.  Кейде  бір  ережелерден  салтанатты  көшті,  мұнарланған  қаланы,  салиқалы  ақсақалды көргендей боласың, мүмкін Жошы хан мен Əз Жəнібек ханның, Орыс ханның замандары болар.

Кейбір ережелер Қасым ханның дəуірінде əдет-ғұрып заңдарының қатарына енген болар, ал Есім хан қай ережелерде жүр екен?

“Жеті  жарғы” – тек  заң  ережелері  ғана  емес,  мемлекеттік  құрылыс  жəне  билік  нышаны.  Қай жағынан  келсек  те “Жеті  жарғы”  күрделі  ұғым.  Оны  дұрыс  жəне  терең  түсіну  үшін  тарихи зерттеулер  қажеттілігі  анық. “Жеті  жарғының”  тамыры  ғасырлардың  қойнауына  бастайды.

 

 

2. Ғұн жəне түрік заманы

 

Орталық Азия халықтарының əдет-ғұрып заңдары туралы алғашқы жазба деректер ғұн дəуірінен басталады. Қытай жылнамаларын қарап отырып б.э.д. III-II жүз жылдар бұрын Арқа мен Алтай арасында атой салып жүрген көшпелі тайпалардың тұрмыс-тіршілігі мемлекет пен құқық туралы түсініктері туралы хабар аламыз.

Мөде шаньюйдің баласы Лаушан-гию Қытай патшасына жазған хатында "Ғұндардың қолдануға жеңіл  жəне  ыңғайлы  заңдары  бар.  Ғұн  елін  шаньюй  бір  атаның  баласындай  басқарады, қарамағындағы қызметкерлермен қарым-қатынасы қарапайым" деп хабар береді. Бұл дерек б. э. д. ғұн  өркениеті  тек  мемлекет  емес  құқықты  да  туғызғанын  дəлелдейді: "Көшпелілердің  заңын орындаудан  бас  тартқандары,  өлім  жазасына  кесіледі,  ал  енді  ұрлық,  адам  өлтіру  сияқты қылмыстарды билердің өздері не құн төлеу, не кек қайтару арқылы шаньюйге жеткізбей шешеді".

 

 

 

3. Шыңғыс хан жəне Алтын Орда заманы

 

Мемлекет жəне құқық туралы Евразия көшпелілерінің түсініктеріне іргелі өзгерістерді Шыңғыс хан  заманы  енгізді.  Бірақ  зерттеушілер  Шыңғыс  ханның  көшпелілерге  енгізген  тəртібі  өзіне дейінгі дəстүрге сүйеніп жасалғанын ескертеді: “Таким образом очевидно, что Чингис-хан собрал все  имеющиеся  да  него  изустные  законы,  и  этот  то  законодательный  акт  и  составил “Великую Ясу” (23, с. 60).

Шыңғыс  ханның “Яса”,  немесе “Жасақ”  заңдарының  мəтіні  толықтай  жиналған  жоқ,  дегенмен Джувейни,  Макризи,  Хондемир  сияқты  араб-парсы  тарихшыларынан  бірсыпыра  деректерді кездестіреміз. Ата-Мелик Джувейни “мұңғыл-татарда өзінде жазу-сызу болмағандықтан, балалар сауаттылыққа  үйренсін  деп  Шыңғыс  ұйғырдың  ұстаздарын  келтірді”  дейді.  Сонымен  бірге “Жасақ”  бойынша: “Мемлекет  басының  əр  түрлі  жарлықтары  хатқа  түсірілсін  жəне  əр  түрлі құрылтай кезінде басшылыққа алынсын (əсіресе бір жорық жасарда, көрші елдерді бағындырады” делінеді. “Жасақ”  барлық  діндерді  қатар  ұстауды  талап  етеді.  Себебі  Джувейнидің  жазуына қарағанда “өздері ешқандай да бір дінге сенім білдірмейді” (67, б.63-64).

 

 

4. “Қасым ханның қасқа жолы

 

Бірнеше мың  жыл  бойы  Евразия  көшпелілерінің  жуан  ортасында алаш туының астында  болған қазақ руларының өз бетімен мемлекет құрған уақыты ХV ғасырдың ортасы. Керей жəне Жəнібек хандардың кезінде мемлекеттік идеяның өміршендігі үшін күрескен қазақ рулары Жəнібек баласы Қасым  хан  кезінде  мемлекетті  нығайту,  заң  ережелерін  бір  қалыпқа  келтіру,  ішкі  жəне  сыртқы саяси ахуалға зандарды ыңғайлау мəселесіне кіріскенге ұқсайды.

Қазақ ортасында “Қасым ханның касқа жолы” делінетін сөз үлгі, қасиет болып қалды” (45, б.7) –деп суреттеледі.

“Қасым ханның қасқа жолы” туралы қазақтың ауыз екі əңгімелерінде аздаған мəліметтер кездесіп қалады. Академик Ə.Марғұлан “Қасым ханның қасқа жолы” заңдарын орта ғасырларда Қыпшақ, Шағатай ұлыстарында қолданылған “Ярғу” заңынан алынған, қазақша “Жарғы” деген ұғым береді деп  есептеді.  Бұл  ұғымның  түпкі  мəні  жару,  нəрсенің  салмаған  бір  жағына  аудармай,  дəл,  əділ айтудан шыққан: “Дауды əділ, тура шешкен билерді халық бұқарасы ардақтап “қара қылды қақ жарған”  деп  мақтаған.

 

 

5  “Есім ханның ескі жолы

 

XVII  ғасырдың  басында  алғашқы  ширегіндегі  мемлекет  жəне  құқық  туралы  түсініктерідің  дені “Есім ханның ескі жолы” атты ережелермен байланысты. Қазақ шежіресі Есім ханның (1598-1630-шы жж.) қызметіне жоғары баға береді. XVIII ғасырда өмір сүрген əйгілі Бұқар жырау Абылай ханға “Сенен бұрын жеті ханды жебеледім, кешегі Еңсегей бойлы Ер Есімді де білемін. Сен оның бір  түстігіне  жарамайсың”  деп  айтуында  да  Есім  ханға  деген  үлкен  хошемет  сезіледі.  Ер  Есім туралы,  оның  заманында  жаңа  жүйеге  түскен  заң  ережелері  туралы  Қазанғап  Байболұлы,  М.-Ж.Көпейұлы, Қ.Халид сияқты қазақ шежірешілері баяндайды (45; 78; 81). Құрбанғали Халид өз шежіресінде “Есім  хан  ұзын  бойлы,  денелі  кісі  болған  соң “Еңсегей  бойлы  Ер  Есім”  деп дəріптеледі екен. Орыс ханның қызыл туы осының қолында қалған” деп жазады (81, б. 103). Қазақ хандарының бабасы Орыс хан Дəшті Қыпшақ, оның ішінде Ақ Орда дəулетіне билігі тұтас жүрген ірі хан болған. Алтын Орданың астан-кестені шығып жатқан уақытта өмір сүрген Орыс хан Ақсақ Темірді  сахараға  жолатпай,  шекараны  мығым  ұстап  отырғаны  да,  Алтын  орданың  туын құлатпаймын деп Сарай шаруасына да араласқаны белгілі.

 

 

6 Əз-Тəукенің “Жеті жарғысы

 

Есім  ханнан  кейін  Қазақ  хандығы  тағы  да  ұзақ  дағдарысқа  түскені  тарихи  деректерден  белгілі.

1630-шы  жылдардан  бастап  қазақ  жерінің  солтүстік-шығыс  алқабы  тұтас  ойрат  тайпаларының қолына  көшті.  Дүрбен-ойрат  аталатын  қалмақтың  төрт  руы (торғауыт,  хошоуыт,  дурбет,  чорос) 1640 жылы Тарбағатайдың Улан Бұрға деген жерінде бүкіл моңғолдық жəне ойраттық ұлы кеңес ашып “Их цааз” (Цааджин бічік) заң ережелерін қабылдады. Осыған байланысты қалмақ ішіндегі ішкі  мəселелер,  жаугершілік  бірсыпыра  уақытқа  байыз  тауып,  сыртқы  мəселелерге  түйген жұмырдықтай болып кірісті. Осы кезеңде ойрат одағына нығайтуға арқау болған тетік будда діні еді. Зая-пандита сияқты ойраттың кеменгер ұлдары əліпби жасап, бұтханаларды қаптатып салып, ойрат  шонжарлары  арасындағы  қым-қиғаш  қарым-қатынастарда  билік  айтып,  мəмлеге  келтіріп, мемлекеттік туын биік желбіретуге өз үлестерін қосты.

 

 

7. Абылай хан дəуірі

 

Қазақтың əдет-ғұрып заңдарының иесі қасиетті, əулие билері болса, ұлыс елінің билігі, мемлекет тəртібіне  жауаптылық  ел  иесі  хандарында  болған.  Осы  мəселені  терең  түсінген  Абылай  хан аласапыран  заман  артта  қалғанда  хан  билігін нығайтуға,  заң  жолын  қадағалауға  күш салды.  Ол күш-жігерді  біз  сол  заманның  жырауларының  толғауларынан,  аңыздарынан  көреміз.  Абылай ханның  өз  басы  да  сөздің  пірі  қонған  адам  болғаны  белгілі,  ХҮІІІ  ғасырдың  əйгілі  жырауы

 

 

Қолданылған əдебиет тізімі:

 

1. Абылай хан. Тарихи жырлар /Құраст. С.Дəуіт. - Алма-Ата, 1993.

2. Абишев Х.А. Передовая русская интеллигенция Западной Сибири об обычно-правовой системе казахов //Проблемы казахского обычного права. - Алма-Ата, 1998. С. 56-65.

3. Адамбаев Б. Қазақтың шешендік өнері. - Алматы, 1984.

4. Андреев И.Г. Описание Средней Орды киргиз-кайсаков. – Алматы, 1998.

5. Аполлова Н.Г. Присоединение Казахстана к России. – Алма-Ата, 1948.

6. Артыкбаев Ж.О. Казахское общество: истоки и история. - Астана, 2002.