Реферат: Кек пен жаза


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Жеті жарғы
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
15

Жоспар

 

1. Кек..........3

2. Қанды кек дəстурінің қолданылу тəртібі...........5

3. Жаза түрлері..........5

4. Барымта..........7

5. Өлім жазасы..........7

6. Құн төлеу..........9

7. Айып.........12

 

 

1.  Кек

 

Қазақ ұғымында кек қайтару ғұрпы айыпталған емес, керісінше əлдеқалай бұзыққа, не келімсекке қандас туысының өшін жіберсе, не басының намысын қорғай алмаса, ондай азаматты халық қор санаған.  Туысын  өлтірген  қылмыскердің  өз  қанын,  не  ағайынының  қанын  ішпей  жіберу, кешірілмес кунə саналып, ондай еркектер жұрттың көзіне шыққан сүйелдей болып, онымен бір дастарқанға отыруға өзгелер арланған.

Алаштың азаматына қас жауының кенірдегін қанжармен орып жіберіп, қанын ішу ата жолына кіретін , əдет-ғұрып алдындағы абыройлы міндет. Ер жігіт түгілі қазақтың бойжеткен қызы да беліндегі кездігін тастамайды /ер кісесі жəне əйел кісесі/.

 

 

2. Қанды кек дəстурінің қолданылу тəртібі

 

Қанды кек -қазақтың əдет-ғұрып заңдарының ішінде бірінші орын алатыны /қанға қан, жанға жан/.

“Жарғы” бойынша өлген адамның туыстары қанішерді өлтіруге хақы бар, егер дене мүшелерінің бірі  жазым  болған  жағдайда: (мысалы,  аяғы,  мұрны)  қылмыскердің  аталған  дене  мүшелеріне зақым  келтіруге  қанды  кек  тəртібі  рұқсат  береді.  Егер  талапкер  жақ  келіссе,  билердің ұйғарымы бойынша жұмсартылатын да жағдай болады. Онда қанды кектің орнына талапкер жақ  қылмыскерден  алынған  төлеммен  қанағаттанады.  Кісі  өлтірушінің  өмірін  сақтау  үшін руластары төлейтін төлемді ”құн” деп атайды.

 

 

 3. Жаза түрлері

 

Əдет-ғұрып заңдарының бір тармағы есебінде əртүрлі қылмысқа қатысты жазалардың ішіндегі ең ауыры-өлім жазасы, өлім жазасынан кем соқпайтын түрлері де баршылық.

Қазақ  арасында  жиі  кездесетін  жазаның  бір  түрі-қылмыскер  адамның  мойнына  құрым  іліп, бетіне күйе жағып, ауыл айналдыру.Əсіресе, бұл ауыл ішінде тəртіп пен имандылықты бұзғанда қолданылады.  Қылмыскерді  қара  сиырға  мінгізіп,  бетіне  қалың  қылып  күйе  жағып,  мойнына əбден  құрым  болып  қалған  ескі  кигізді  іліп,  соңдарынан  қамшымен  ұрып  отырады  жəне беттеріне түкіріп, топырақ шашып əбден қорлайды.

 

 

4. Барымта

 

Барымта-қылмысқа қарсы қолданылатын ұжымдық шара. Егер қылмыс жасаған жақ би үкіміне көнбесе  немесе  кешіктірсе  даугер  жақ  өз  тарапынан  барымта  ұйымдастырады.  Барымта-ең алдымен малды айдап алу, оның талабы- белгіленген көлемнен /бидің алдында кесілген/ шықпау.

Осы тұрғыдан барымта қоғамдық қатынастардағы реттегіш деп есептеуге болады.

“Жарғы”  бойынша  егер  қылмыскер  би  үкімін  орындамаса,  туыстары  қорғап,  өз  тарапынан айыбын тартпаса, ауыл болып дауды шешуден бас тартса зəбір шегуші жақ барымтаға барады.

 

 

5. Өлім жазасы

 

Қазақ əдет-ғұрып заңдары бойынша өлім жазасына адам өлтірген, ұрлық жасаған, ел тонаған, əйел  зорлаған,  ойнас  қылғандар  кесіледі.  Сонымен  бірге  өлім  жазасына  жеті  ата  дəстүрін бұзған, туыстың арасын ашып, қан араластырған/жақын туыстар арасындағы неке/ адамдар немесе  некесіз туған баласын  жұрттың  сөзінен арланып  өлтірген  əйелдер кесіледі. Зорлау кісі өліміне тең, кінəлі кісі өлім жазасына кесіледі. Егер қыз атастырылмаған болып зорлаушы қалың малын  төлеп  үйленсе,  онда  қыздың  туыстарының  шешімі,  келісімі  арқылы  құн  төлеуден  де, өлімнен де босатылады.

Əйелін  ойнас  ұстаған  күйеу,  осы  сəтте  өлтіруге  жəне  жазасыз  қалуға  мүмкіндігі  бар.  Егер қылмыс дəлелденген /4 куə/ жағдайда көзіне шөп салғаны үшін əйелі мен ойнасын билер кеңесінің өлім жазасына кесуге хақы бар. Өзгенің əйелін келісімсіз алып қашқанда өлім жазасына, не құн төлеуге кеседі. Егер əйел өз еркімен қашса, оны алып қашқан адам қалыңмалын қайтарып, үстіне қыз қосып береді. Кей жағдайда ел арасындағы ұрлығы үшін өлім жазасына кесілетін де жолы болады.

 

 

6. Құн төлеу

 

Айыптың ең жоғарғы сатысынан кейінгі салынатын төлем, яғни үш тоғыздан асатын төлемді ''Құн''  деп  атайды.  Қылмыстың  түріне  қарай;  толық  құн,  яғни 500 қойдан 2000-ға  дейін, 50 жылқыдан 2000-ға дейін, 25 түйеден 100-ге дейін. Қазақ арасында ең жиі қолданылған құн кесімі “100  жылқы,  алты  жақсы”.  Одан  кейін  жарты  жəне  ширек  құндар  болған.  Құн-қазақ  əдетғұрып заңдарының ертеден келе жатқан ежелгі тəртіптерінің бірі.

Қазақтар тура жəне ауыспалы мағынада осы ұғымды күнделікті тұрмыста қолданады. Егер бір нəрсеге  қатты  қадалып,  өшігіп  сұраса-''əкеңнің  құны  бар  ма''  деп  айтылатын  сөздер  де  бар.

Қазақ  рулары  ерте  уақытта  қанды  кек  пен  құн  заңдарын  қатар  қолданып  келген,  бейбітшілік уақытта  көбінесе  құн  төлеу  іске  асып  отырған.  Себебі  өзара  кек  қуысып  қан  төгу  қазақтың руларын əлсіретті, қаңсыратып, мықты деген батырларынан айрылып қалу оңай соқпаған.

 

 

7. Айып

 

Қазақ  билігінде ( Кеңес,  Жүгініс)  ең  көп  қолданылатын  жаза-айып . Өйткені  қандай  болсын қылмысты , қоғам  тəртібін , адамдар  арасындағы  қатынас  нормасын  реттейтін , алдын алатын шара .

Айыптың  ең  жеңілі  болып ”ат-тон  айып”,  яғни  ат-шапан  айып  саналады.  Айыпқа  беретін аттың  жасы  құнаннан  кем  болмауы  керек,  сондай-ақ  айыпқа  аса  кəрі  ат  беруге  болмайды.

Көбінесе  айыпқа  берілетін  аттың  жасына  қарамай,  дені-саулығына,  мықтылығына  қарайды.