... Экономикалық іс-әрекетте мұндай үйлестіруге қол жеткізу ойлаудың экономикалық бейнесі арқасында мүмкін болады. Адамдар, бір-бірімен өзара әрекеттесуден мейлінше пайда алуға ұмтылып, жеке мүдделері тұрғысынан әрекет етеді. Алайда, олар оған қол жеткізу, басқалары үшін де таңдау жағдайы болғанда мүмкін болатынын біледі. Сонымен, қоғамда, олардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде туындайтын таза табыстағы өзгерістерге өзара бейімделуінің үздіксіз процесі болып жатады. Хейне ойлаудың экономикалық бейнесінің өзара байланысының төрт позициясын бөліп көрсетеді: адамдар таңдайды, тек қана индивидтер таңдайды, индивидтер рационалды түрде таңдайды, барлық қоғамдық өзара әрекеттесулерді нарықтық процес ретінде түсіндіруге болады.
Экономикалық әрекеттер қоғамның жинақтаған тәжірибесін және білімін шаруашылық тәжірибе барысында қалыптасқан дәстүрлер мен жүріс-тұрыс нормаларын өзіне сіңірген әрекет етудің дайын тұжырымдық схемасына негізделеді. Адам тек қана экономикалық мүдделер мен ниеттерінің тасушысы ғана емес, сонымен қатар мәдениет иеленушісі мен жасаушының өнімі ретінде көрінеді.
Экономикалық мәдениет экономикалық жүріс-тұрыстың реттеушісі болып табылатын шаруашылық нормалардың, жүріс-тұрыс үлгілерінің, таптаурындардың, құндылықтардың, дәстүрлер мен символдардың, кәсіби білімдер мен қасиеттердің тұрақты жиынтығын білдіреді. Ол мәдени құндылықтар мен нормаларды сақтайды, экономикалық дамудың әлеуметтік зердесі болады, индивидтер мен әлеуметтік топтардың экономикалық ресурстарды бақылау басым болатын әдістерін тудырады. Экономикалық мәдениет бірқатар қызметтер атқарады [19]: таратушылық (болашақ ұрпаққа маңызды әлеуметтік-экономикалық құндылықтар мен нормаларды сақтап, жеткізу); іріктеу (мұраға қалған нормалар арасынан қазіргі жағдайда қолдап отыру мақұл болатындарын таңдап алу); инновациялық (экономикалық сана мен ойлаудың элементтерін жаңарту, экономикалық әрекетке жаңа технологиялар мен ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізу). ...