Жоспар
1 Византияның мемлекеті және құқығы.. 3
2 Болгарияның мемлекеті және құқығы.. 7
3 Сербияның мемлекеті және құқығы.. 9
4 Польшаның мемлекеті және құқығы.. 11
5 Чехияның мемлекеті мен құқығы.. 15
1 Византияның мемлекеті және құқығы
...
Жоғарғы лауазымды тұлғаларға мыналар жатты:
- преторийдің екі префекті (Шығыс преторий префекті Кіші Азияға, Понтқа және Фракияға басшылық жасады; Илирия преторий префекті - Балқан түбегіне басшылық жасады);
- астана префекті (эпарх), Константинополь мен 100 мильге дейін оған жақын жатқан селолық аймақты басқарды;
- сарай бастығы - императордың жеке күзетін. жеке канцеляриясын және мемлекеттік поштаны басқарды;
- квестор - Мемлекеттік кеңестің төрағасы болып табылды, император жарлықтарын жасаумен және оларды таратумен айналысты;
- қаржының екі комитеті - біреуі мемлекеттік қазынаны, екіншісі императордың иеліктерін, сарайларын және ат зауыттарын басқарды;
- әскердің екі магистрі: біреуі жаяу әскерге, екіншісі атты әскерге басшылық жасады.
Жергілікті басқару. Византияның бүкіл аумағы екі префектураға бөлінді, префектуралар әрқайсысы 50 провинциядан құралған жеті диоцезден тұрды. Ең төменгі аумақтық бірлік болып қауымдастық табылды.
Сот жүйесі. Византияның сот жүйесі төмендегідей сипатты иеленді:
1 Жоғарғы сот органы болып император соты табылды - мемлекеттік қылмыстар туралы аса маңызды істерді қарастырды.
2 Мемлекеттік кеңес - мемлекеттік қылмыстар және жоғарғы лауазымды тұлғалардың қылмыстары туралы істерді қарастырды.
3 Секреттер (канцеляриялар) - өздеріне бағынышты тұлғаларды соттау құқығы болған.
4 Протовестиарий (сарайдағы жоғарғы лауазымды тұлғалардың бірі) - сарай қызметкерлері. лауазымды тұлғалары туралы істерді қарастырды.
5 Констинополь эпархы - цех шеберлерінің істерін қарастырған.
6 Параталассит (қаржы мекемесінің шенеунігі) - саудагерлер мен кеме иелеріне катысты сотты жүзеге асырған.
...
2 Болгарияның мемлекеті және құқығы
...
Болгария мемлекетінің тарихының кезеңдері:
1 кезең - «Жеті тайпа одағы» (VII г.), бұл кезде Византияның кұрамына кірген Балкан түбегінің ірі бөлігі - Мизияны славяндар жаулап алды;
2 кезең - Бірінші Болгар патшалығы. бұл кезде мынадай оқиғалар орын алды:
- 667-668 ж.ж. Мизияға Аспарух хан бастаған протоболгар дружинасы басып кірді, бұлар Византияны жеңеді де, 681 ж. византиялық император IV Константин Аспарух ханмен бейбіт келісімге келді, бұл жаңадан пайда болған славян-болгар мемлекетін тануды білдірді;
- 893-927 ж.ж. славян-болгар мемлекеті Симеон князьдың тұсында Балкандағы үстемдік құрушы державаға айналды; жиі қайталанған өзара соғыстар мен үстемдік құрушы таптағы қайшылықтар Болгар мемлекетінің әскери және экономикалық қуатының әлсіреуіне алып келді, мұны пайдаланған Византия Болгарияны 1018 жылдан бастап 1187 жылға дейін өз қол астына алды;
3 кезең - Екінші Болгар патшалығы (1187-1396 ж.ж.) болгар халқының византиялық күштеуге қарсы азаттық күресінің нәтижесінде құрылды.
Коғамдық құрылым. Славян-болгар мемлекетінің таптық негізін феодал - жер иеленушілер мен шаруалар құраған. Феодалдар табына ірі феодалдық ақсүйектер — боярлар мен олардың вассалдары - ұсақ феодалдар кірген.
Шаруалар да бірнеше санаттардан тұрған:
париктер - феодалдарға тікелей тәуелді, жерге бекітілген және одан кетуге құқығы болмаған; отроктар - тәуелді шаруалардың ең төменгі санаты; технатарийлер - өз қожасының шаруашылығындағы қажеттіктер үшін қызмет ететін қолөнершілер.
Мемлекеттік құрылым. Болгар мемлекетінің басында монарх тұрған (ол түрліше аталған: алғашқыда - хан, славянша - князь, Симеонның тұсында - кесар, кейін — император). Патша жоғарғы заң шығарушы, жоғарғы сот және жоғарғы қолбасшы болып табылды. Оның билігінің негізін әскер құраған. Патша билігі Бояр кеңесімен шектелетін, оның кұрамына ұлы боярлар мен патриарх кіретін. Жоғарғы лауазымды тұлғаларды патша өзі тікелей тағайындайтын. Олардың қатарынан мыналарды атауға болады: ұлы логофет - бірінші министр және Екінші Патшалық патшасының көмекшісі; протовестиарий - қаржы министрі, патшаның және мемлекеттің қазынасын сақтаушы және басқарушы; ұлы әскербасы және протостратор - жоғарғы әскери шендер.
Жергілікті басқару. Болгарияның аумағы облыстарға бөлінген, оларды патша билігінің тікелей өкілдері болып табылатын облыстық басшылар - дуқалар басқарған.
Сот жүйесі. Болгарияның сот жүйесі мемлекеттік және шіркеулік соттардан құралған.
1393 жылдан 1878 жылға дейін Болгария Түркияның билігіне бағынған. 1878 жылғы 19 ақпанда Ресей мен Түркияның арасында Сан-Стефан бейбіт келісіміне қол қойылды, оған сәйкес Болгарияға, Сербияға, Румынияға және Черногорияға тәуелсіздік берілді.
Құқықтың негізгі сипаттары. VІІ-VІІІ ғасырларда Болгарияда құқықтың негізгі қайнар көзі болып әдет-ғұрып табылды. Кейін номоканондар - шіркеулік византиялық заңдар жинағы пайда болды, олардың арасында Эклога мен Жер туралы заң ерекше орынды иеленген. Аса маңызды қайнар көздердің бірі - 32 тараудан тұрған, қылмыстық, азаматтық және іс жүргізушілік құқық нормаларының жинағы түріндегі Сот заңы болған.
Бұл қайнар көздерге сәйкес жерге меншіктің екі түрі ажыратылды: баштина - мұрагерлікпен, еркін түрде берілетін меншік және прония - міндетті әскери кызметпен байланысты, шарттық сипаттағы өмір бойғы иелену. Баштина қайтыс болған тұлғаның балаларына өтетін, ал прония иесінің өлімімен жер үлесі оның жоғарғы иесіне қайтарылатын. Қалған мүліктерді мұрагерлікке алу Эклогамен реттелетін.
Қылмыстық құқықта қылмыс ретінде патша билігі мен шіркеу орнықтырған құқық нормаларын бұзу түсінілген. Патшаға және жеке тұлғаға қарсы қылмыстар Эклогамен, ал меншікке қарсы қылмыстар Сот заңымен реттелетін, азаматтық-құқықтық құқықбұзушылықтар Жер туралы заңда көрініс тапқан. Болгар мемлекетінде жауапкершілік дәрежесі мен жазаның ауырлығы жәбірленуші мен қылмыскердің сословиелік тегіне байланысты анықталатын болған.
...
3 Сербияның мемлекеті және құқығы
...
Мемлекеттік құрылым. Серб мемлекетінің басында сайланбалы ірі феодал-монарх тұрған. 1217 жылы серб монархы I Стефан Неманич алғаш рет рим папасынан патша титулын алды, бұл оның басқа ірі феодалдарға билік жүргізу деңгейін анықтады. Патша әскердің, мемлекеттік аппараттың және шіркеудің басында I тұрды. Серб патшасының билігі Собормен - ірі ақсүйек және I діни феодалдардың съездімен шектелді. Собор патшамен бірлесе : отырып маңызды мәселелерді шешті: архиепископтарды сайлады, патшаны сайлады, маңызды заңдарды қабылдады. Мысалы, 1349 жылы Собор Скоплада патшаның феодалдарға катысты билігін шектейтін Стефан Душанның Законнигі қабылдады.
Жергілікті басқару. Серб мемлекетінің бүкіл аумағы патша өкілдері басқаратын облыстарға бөлінді, ал әрбір облыс - басында князьдар, чельниктер және кегралиялар тұратын волостьтарға бөлінді.
1355 жылы Стефан Душанның өлімінен соң мемлекетте феодалдар арасындағы қақтығыс-соғыстар күшейе түсті, осы жағдай 1389 жылы Сербияның Түркияға вассалды түрде тәуелді болуының негізгі себебі болды. Басқару түрік уәзірлерінің қолына көшті. Мұсылман құқығы қолданысқа енді. Сербия 1878 жылға дейін Түркияға тәуелді болды, тек осы жылы ғана ол Сан-Стефан бейбіт шартына сәйкес тәуелсіздікке ие болды.
....
4 Польшаның мемлекеті және құқығы
...
ә) Феодалдық-ыдыраушылық мемлекет
1138 жылы Болеслав Кривоустыйдың өлімінен соң Польша бірқатар князьдыктарга бөлінді, оларды қайтыс болған патшаның ұлдары өсиет бойынша басқаратын. Кейінірек, князьдардың билігінің әлсірегенің пайдаланған ірі феодалдар толық саяси дербестікке жетіп, тәуелсіз билеушілерге айналды.
Қоғамдық құрылым. Бұрынғыдай үстемдік кұрушы тап болып діни және ақсүйек феодалдар сақталды. Рыцарьлар - шляхтичтердің көбеюі байқалды, олар дружиналар мен баскарудың сарайлық аппаратын кұрады. ІІІаруалар арасында да біршама өзгерістер орын алды: феодалдық тәуелді шаруалар (смердалар) да, бостандыкка ие шаруалар (кметалар) да басыбайлылық мәртебесіне ие болды. Бұл кезеңде Польшаның қоғамдық құрылымының дамуының аса маңызды жағы болып сословиелердін қалыптаса бастауы табылды: ірі магнаттар - пандар, ұсақ феодалдар - шляхталар, қалалықтар және діни қызметкерлер.
Мемлекеттік құрылым. Әрбір князь өз иелігінде мемлекеттік билікті толығымен иеленді, яғни. ол заң шығару, атқарушы, сот және әскери биліктерді иеленді. Князьдар өз билігін өз вассалдарынан құралған кеңестердің көмегімен жүзеге асырды. Князьдың жанындағы басты лауазымды тұлғалар болып әскербасы, коморник, коморниктің көмекшісі, канцлер, канцлердің көмекшісі және скарбник табылды.
Жергілікті басқаруда да біршама өзгерістер орын алды. Округтардағы жоғарғы лауазымды тұлғалар болып каштеляндар - қала билеушілерінің өкілдері табылды, олар ез аумағында билікті толық көлемде жүзеге асыратын. Каштелянияға кала мен оған іргелес жатқан жерлер кіретін.
б) Сословиелік-екілдік монархия
XIV ғасырдың алғашқы онжылдықтарында князь I Владислав польшалық жерлердің басым көпшілігін біріктіре білді. I Владиславтың ұлы Ұлы III Казимирдің тұсында Люблина сеймінде 1569 жылы Польша мен Литва Ұлы князьдығының бірігуі жүзеге асады. Осы кезден бастап біртұтас польша-литвалық мемлекетінің өмір сүруі басталады.
Польшаның біртұтас мемлекетке бірігуінде III Казимирдің реформаларының маңызы ерекше болды, бұл - әкімшілік, әскери және заң шығару саласындағы реформалар. Әкімшілік реформа орталық және жергілікті басқаруға байланысты болды: орталық басқаруда жаңа лауазымдар бекітілді: подскарбий - мемлекеттегі қаржыларды басқару үшін және маршалек - патша мен оның жанындағылардың кауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін; жергілікті жерлердегі басқару үшін староста лауазымы бекітілді, оны патша езі тікелей тағайындайтын. Әскери реформаға сәйкес әскери қызметке барлық жер өңдеушілер мен шаруалар да тартылды. Патша әскеріне жіберілетін әскерилердің саны жер иеліктерінің мөлшеріне сәйкес анықталатын болды. Заңнама саласында ескі сот әдет нормаларын кодификациялау жүзеге асырылып, патша билігін күшейтуге бағытталған бірқатар жаңа заңдар қабылданды.
Қоғамдық құрылым. 1370жылы, III Казимирдің өлімінен соң негізгі үш сословие толығымен орнықты: ірі феодалдық магнаттар - пандар, ұсақ феодалдар - шляхта және дін қызметкерлері. Бұлар 1374 жылғы Кошица артықшылықтарына сәйкес барлық мемлекеттік салықтар мен міндеттерден босатылған болатын. Қалалықтар сословиесінің құқықтары біршама шектелді, ал шаруалар толығымен өз құқықтарынан айырылды.
Мемлекеттік құрылым. XIV ғасырдың соңынан бастап польшалық феодалдар патша билігін шектеу мақсатында жаңа саяси органдарды - пандар мен шляхталардың съездін құрады. XV ғасырдан бастап шляхтаның рөлі өсе түсті, олар "сеймиктерге" - жекелеген воеводстволар бойынша съездерге жиналатын. Ал XVI ғасырдың басында Польшада жалпы мемлекеттік Вальдық сейм қалыптасады, оның екі палатасы болады: жоғарғы палата - сенат немесе патша кеңесі, мұнда ірі феодалдар мен патша сарайының жоғарғы шенеуніктері жиналатын және төменгі палата - елшілік изба, бүл палата шляхтаның депутаттарынан күралған болатын. Осылай, Вальдық сейм және сеймиктер магнаттар мен шляхтаның өкілдік органдары болып табылды. Басқарудың орталық органы болып патша сарайы сақталып қалды. Әскердің басында патша емес, ұлы гетман - магнаттардың өкілі тұрды.
...
5 Чехияның мемлекеті мен құқығы
...
Мемлекеттік құрылым. Чех ертефеодалдық мемлекетінің басында князь тұрды, оның қолында заң шығару, әкімшілік, сот және әскери биліктері жинақталды. Басқарудың орталық және жергілікті аппараттары да князьга бағынды.
Барлық ағымдағы істерді князь Кеңестің - Раданың көмегімен шешетін, Раданың құрамына мыналар енді: сарай жупаны - патша сарайын басқарушы, коморник - жоғарғы қазына басқарушы мен сарай судьясы. Мемлекеттегі барлық маңызды мәселелерді Сейм - діни және ақсүйек феодалдардың съезді шешетін.
Жергілікті басқару. Мемлекеттің аумағы аумақтық бірліктер - жупаларға бөлінген болатын, олардың басында князьдың өкілдері - жупандар тұрды.
ә) Феодалдык-ыдыраушылык мемлекет
Қоғамдық құрылым. Феодалдар табы екі сословиеден құралды: ақсүйек және діни феодалдардан. Ақсүйек феодалдар, өз кезегінде, екі топқа бөлінді: жоғарғы топ - пандар - ірі жер иеленушілер, олар вельможалар және барондар деп аталды; томенгі топ - владыкалар - дружинниктер мен рыцарьлардан қалыптасқан феодалдар. Феодалдық-тәуелді шаруалар да бірнеше топқа бөлінді: дедичтер — мұрагерлікке берілетін жерлері — дединалары бар жеке тәуелді шаруалар, және госталар - алымды төлей алмағаны үшін жеке тәуелділікке мойын ұсынған еркін шаруалар.
Мемлекеттік құрылым. Чехиядағы феодалдық ыдыраушылықтың өзіндік ерекшеліктері болған. Біріншіден, мемлекеттің аумағының негізгі бөлігі бөлініп, ыдырамады, осыған сәйкес князь бірқатар билігін сақтап қалды, бұл XII ғасырдың соңы - XII ғасырдың басында I Пржемыслдың Чехияның мемлекеттік біртұтастығын қалпына келтіруіне алып келді. Екіншіден, Чехия Қасиетті Рим империясының герман халқының құрамына енді, осыған сәйкес, таққа отырған чех князьдарын герман императоры тағайындауы тиіс болатын. 1158 жылы чех князы II Владислав императордан мұрагерлік патша титулын алды, сөйтіп, Чехия патшалыққа айналды.
Орталық басқаруда біршама өзгерістер орын алды: жоғарғы лауазымды тұлға - жупанның орнына бірнеше сарай лауазымдары пайда болды: сарай канцлері, сарай судьясы, сарай коморнигі, стольник, чашник және жоғарғы ловчий. Сеймнің рөлі өсті, оның келісімінсіз князь жаңа заңдар шығара алмайтын және мемлекеттің аумағынан тыс әскери жорықтарға қатыса алмайтын.
Жергілікті басқаруда да бірқатар өзгерістер орын алды. Краев, краин, волость және жупа деп аталатын ірі облыстар пайда болды. Әрбір облыстың орталығы болып қала табылды, оны князьдың өкілі - каштелян баскаратын. Каштеляндардың жанынан бірнеше жаңа лауазымдар пайда болды: облыстық судья, князь салықтарын жинаушы, князь иеліктерін басқарушы (владырь), ловчий (князь аңшылығын басқарушы) және орманшы.
Сот. XII ғасырда II Пржемысл Оттокар патша тұсында сот реформасы жүргізілді, оның мәні мынада еді: жоғарғы сот инстанциясы ретінде Жергілікті сот бекітілді, бұл мәртебені прагалық облыстық сот иеленді, ол прагалық бургграфтан, прагалык коморниктен, прагалық судья мен хатшыдан түрды. Жергілікті жерлерде қылмыстық істер бойынша сотты поправецтер, ал азаматтық істер бойынша сот әділдігін крайлық судьялар жүзеге асырды.
...