Доклад/Баяндама: Францияның мемлекеті және құқығы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Құқық
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
6

...

 

Сот. Әрбір еркін адамның «теңдік соты» арқылы соттасуға құқығы болатын, нақты бір адамның соттылығы оның коғамдағы әлеуметтік жағдайына қарай анықталатын. Жоғарғы сот болып Патша куриясы табылатын. Жергілікті жерлерде сенвориалдық юстиция үстемдік құрған, ал жоғарғы рангілі сенворлар үлкен сот билігін - «жоғарғы юстицияны» иеленген, бұл өнім жазасымен жазаланатын қылмыстарды тергеуді білдіретін.

Екінші кезеңнің (сословиелік - өкілдік монархияның) бастапқы кезінде патша билігі күшейе түсті, ол мынадан көрініс тапты: патша билігін сайлау жойылды; «менің вассалымның вассалы менің вассалым емес» қағидасы жойылады, барлық рангідегі вассалдар адалдық антын тікелей патшаға беретін болды; Людовик IX - ның реформалары жүргізілді, олардың мәні мынада болды: сот реформасы - патша доменінде жеке соғысқа тыйым салынды. дауларды шешу үшін екі жақ тек патша сотына жолдануға міндетті болды; жергілікті жерлерде «патшаның 40 күні» енгізілді, бұл кезде феодалдарға жеке соғысты бастауға тыйым салынған; Патша куриясынан ерекше сот патшасы - Париж парламенті бөлініп шықты, ол жоғарғы аппеляциялық инстанция болып табылады; қаржы реформасы - негізгі есептесу бірлігі ретінде патшаның алтын тиыны енгізілді; Патша куриясынан қаржылық басқарудың жоғарғы органы ретінде есеп палатасы бөлініп шықты.

ә) Сословиелік — өкілдік монархия кезеңі

Қоғамдық құрылым. Шаруалардың арасында сервалардың (жеке тәуелді шаруалардың) орнына цензитариялар - жеке бостандығы бар шаруалар мен цензивалар — мұрагерлік жер үлесін ұстаушылар келді. Негізгі үш сословияның қалыптасуы аяқталды, олар: дін қызметкерлері, ақсүйектер және «үшінші сословия». бұл сословиеге халықтың қалған барлық бөлігі кірді және олар салықтар төлеп, әртүрлі міндеттерді атқарды.

Мемлекеттік құрылым. Саяси ыдыраушылық жойыла бастады. Мемлекет сословиелік - өкілдік монархия нысанын иеленді: қатысты түрде қуатты патша билігі сословиеннің өкілдігі - жоғарғы кеңесуші кеңеспен - Бас штаттармен үйлеседі. Барлық үш сословие - Бас штаттарда жеке палаталар ретінде орнығады. Барлық сұрақтар палаталарда жеке - жеке қарастырылатын болды, шешім дауыстардың көпшілігімен қабылданып, шешімді бекіту барлық палаталардың бірлескен жиналысында жүзеге асты.

Мемлекеттік басқару органдарына мыналар жатты: мемлекеттік кеңес - басқарудың жекелеген салаларына жалпы жетекшілік пен бақылауды жүзеге асырды, есеп палатасы - қаржылық басқарудың жоғарғы органы және Парламент - жоғарғы сот.

Лауазымды тұлғалардың арасында ерекше маңызды мыналар иеленді: канцлер - лауазымды тұлғалардың қызметіне ағымдағы басқару мен бақылауды жүзеге асырды; коннетабль - патша әскерінің қолбасшысы; камерарий - патша қазынасын басқарады; палатиндер - патшаның ерекше тапсырмаларын орындайтын патша кеңесшілері және легистер - рим құқығы курсын меңгерген шенеуніктер.

Жергілікті басқару. Патша доменінің аумағы бірдей әкімшілік бірліктерге - бальяждарға бөлінді, олардың басында патша тағайындайтын шенеуніктер - бальялар тұрды. Бальяждар превотаждарға бөлінді, ал оларды преволар басқарды. Преволардың қолында округтағы әскери, әкімшілік, қаржы және сот билігі үйлескен болатын. Қалаларда қалалық өзін-өзі басқару органдары - коммундар болған.

Сот. Жоғарғы аппеляциялық сот болып Парламент табылған, ол бірнеше палаталардан тұрған: үлкен(сот), тергеу палатасы және сұраныстар палатасы.

Жоғарғы шіркеу соты болып рим куриясы соты, одан кейін кординал соты, архиепископ соты табылған. Төменгі инстанция ретінде - епископтың арнайы өкілетті тұлғалары - официалдар соты қызмет етті.

 

...