Жоспар
1 Франктардың мемлекеті және құқығы 3
2 Францияның мемлекеті және құқығы 6
3 Англияның мемлекеті және құқығы 12
4 Германияның мемлекеті және құқығы 19
1 Франктардың мемлекеті және құқығы
...
Каролингтер монархиясының негізгі ерекшелігі майордан Карл Мартеллдің реформасымен байланысты, оның мәні мынада болды:
1 бұрынғыша жерді толық меншікке беру тәртібі жойылды;
2 мұның орнына шаруалар тұратын жерлерінен бірге өмір бойға ұстауға - бенефецийге беріле бастады;
3 бенефецийді ұстаушы вассал деп, ал жерді берген тұлға сеньор деп атала бастады;
4 бенефецийді ұстаушы жерді берген тұлға үшін әскери кызметті өтеуге міндетті болатын болды;
5 мемлекет басшысынан басқа да ірі феодалдар бенефецийді бере бастады, осылай оларда өз вассалдары пайда болды;
6 сот, полиция, қаржы саласындағы өкілеттердің барлығы иеліктің иесіне берілді;
7 иммунитеттік грамоталар енгізілді, бұларға сәйкес феодалдардың иеліктеріне мемлекеттік шенеуніктердің қызметі таратылмайтын болды.
Мемлекеттік құрылым. Басқару нысаны бойынша франк мемлекеті шектелген монархия сипатында болды. Патшаның билігін тұрақты қызмет етуші кеңес шектеп отырды, оның келісімінсіз патша бірде-бір шешім қабылдай алмайтын. Сонымен қатар, жыл сайын өтетін сарай және провинция ақ сүйектерінің съезді — «Ұлы алаң» да патшаның билігі белгілі бір дәрежеде шектелген.
Мемлекетті басқару мен сот билігі жоғарғы лауазымды тұлғалардың қолында болды, олардың ішіндегі аса маңыздылары мыналар еді: майордан, пфальцграф - алғашқыда патша құлдарын басқарса, кейіннен сот билігін жүзеге асырған; тезаурарий - құндылықтарды сақтаушы; маршал - атты әскердің басшысы және архипиллан - патшаның дін қызметшісі, патша сарайындағы дін қызметшілерінің басшысы.
Жергілікті басқару. Округты (пагоны) басқаруды патша тағайындайтын лауазымды тұлға — граф жүзеге асыратын болған. Округтардың құрамына кіретін жүздіктерді солтүстікте центенарийлер, оңтүстікте викарийлер басқарған. Олар графқа бағынатын және оның билігін жүздіктің шеңберінде қайталайтын. Жүздіктердің кұрамына кірген қауымдарда (маркаларда) өзін-өзі басқару сақталған болатын.
...
2 Францияның мемлекеті және құқығы
...
Францияның мемлекеті және құқығы тарихының кезеңдері:
1 кезең - феодалдық ыдырау кезеңі (ІХ-ХІІ ғ.ғ.);
2 кезең - сословиеліде өкілдік монархия кезеңі (ХІV-ХV ғ.ғ.);
3 кезең - шексіз монархия кезеңі (ХVІ-ХVІІІ ғ.ғ.).
Француз мемлекеті Каролингтер империясы құлаған соң пайда болды. Негізгі антагоникалык топтар болып феодалдар мен феодалдық - тәуелді шаруалар табылды. Өзінің таптық мәні бойынша мемлекет феодалдар диктатурасы болып табылды.
а) Феодалдық ыдырау кезеңі
Қоғамдық құрылым. Өндірістің негізгі құралы жер үстемдік кұрушы таптың монополиялық меншігіне айналады. Шаруалардың тұрақты пайдалануында, ал кейбір жағдайларда иелігінде қожайын жерінің аздаған учаскелерінің - порцеллолар ғана болды.
Феодалдық-тәуелді шаруалардың негізгі тобы болып серволар (өз қожайынына жеке және мұрагерлік тәуелділікте болған, сол үшін бірқатар міндеттерді атқарған және салықтар мен төлемдер төленген) мен виллондар (жеке бас бостандығы бар, өз парцеллосын басқа тұлғаға сата алған, сеньорлық міндеттерден босатылған) табылған.
Мемлекеттік құрылым. Мемлекеттің басында патша тұрған, оның билігі сайланбалы болған (патшаны оның вассалдары мен шіркеудің жоғарғы иерархтары сайлаған). Мемлекеттегі жағдайға эсер ететін жалғыз жалпы мемлекеттік орган ретінде патша куриясы (Ұлы кеңес) қызмет еткен, ол патшаның вассалдары мен шіркеудің жоғарғы иерархтарынан құралған. Ұлы кеңес съезд нысанында жұмыс істеген, ол патшаның төрағалық етумен жиналып отырған.
Бұл кезеңде басқарудың арнайы органдары болған жоқ. Лауазымды тұлғалар министериалар - болып патша сарайының шаруашылығын басқаратын сарайды басқарушылар табылды. Патшаның иеліктері домен деп аталды. Бүкіл домен округтарға - превотаждарға бөлінді, олардың басында преволар тұрды. Орталықтағы министериалдар мен жергілікті жерлердегі преворлар патша тағайындайтын және олар патшаның өкімдерін бұлжытпай орындайтын.
...
3 Англияның мемлекеті және құқығы
...
Англияның мемлекеті мен құқығының тарихының кезеңдері:
1 кезең - ертефеодалдық ағылшын-саксондық монархия (XI-ХІІг.ғ.);
2 кезең - ағылшындық феодализмнің қалыптасуы (XI-ХІІІғ.ғ.);
3 кезең — сословиелік-өкілдік монархия (ХІІІ-ХІVғ.г.);
4 кезең - шексіз монархия (ХУ-ХVІІг. Бірінші жартысы).
а) Ертефеодалдық ағылшын-саксондық монархия VII ғ. басында герман тайпалары англдар, сакстар және юталар Британияны толығымен жаулап алды, ал кельттер (Британияда өмір сүруші тайпалар) құлдар мен тәуелді адамдарға айналды.
Қоғамдық құрылым. Халықтың негізгі бөлігін еркін шаруа - қауым мүшелер - керлдар құрады. Еркін тұлғалардың жалпы көпшілігінен рулық-тайпалық ақсүйектердің өкілдері - эрлдар бөлініп шықты. Жартылай еркін халық - лэттар - эрлдарға тәуелді, бағынышты кельттардан тұрды. Қоғамдық баспалдақтың ең төменгі буынын құлдар құрады.
Феодалдық қоғамның қалыптасуымен ағылшын-саксондардың ірі жер иеленушілері глафордтар немесе лордтар деп атала бастады. Шаруалардың негізгі бөлігін басыбайлы шаруалар - Еилландар құрай бастады. Жеке бас бостандығы бар шаруалар сокмендер деп аталды.
Мемлекеттік құрылым. IX ғ. басында Уэссекс патшалығы өзіне қалған ағылшын-саксондардың барлық мемлекеттерін бағындырады, сөйтіп Англия деп атала бастаған біртұтас ағылшын-саксондық мемлекет құрылады.
Жоғарғы билікті патша иеленеді, ол заң шығару және әскери биліктерін иелене отырып, жоғарғы судья болып табылды. Атқарушы орган ретінде ғұламалар кеңесі - витанагемот қызмет етті, оның құрамына патша, патшаның еркек жынысты балалары, епископтар, ірі феодалдар мен кызмет етуші ақсүйектердің өкілдері - тэндар кірді. Витанагемоттың мемлекетті басқарудағы рөлі біртіндеп әлсірей бастайды, себебі патша сарайы басқару орталығына, ал патшаның айналасындағылар - мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғаларына айналады. Олардың ішінде: камерарий - патшаның мүлкі мен қаржысы үшін жауап берді; маршал - патшаның атты әскерін басқарды; капелан - патша канцеляриясын басқарды.
Әскер. Ағылшын-саксондық патшалардың әскері дружиналар мен халық қолынан тұрды. Халықтан жинақталған колға қару ұстай алатын барлық еркін азаматтар кірді.
Жергілікті басқару. Ағылшын-саксондарда негізгі аумақтық бірлік графтық болды, оны феодалдық ақсүйектер қатарынан патша тағайындайтын олдермен басқарды. Графтық жүздіктерге бөлінді, олардың басында жүздіктердің жиналысында сайланатын жүзбасылар тұрды. Ең төменгі аумақтық бірлік болып селолық қауымдастық табылды. Қауымдастықтар ондықтарға бөлінді, олардың мүшелері ортақ жауапкершілікте болатын.
Сот. Мемлекеттегі жоғарғы сот болып патша соты табылды, ол мемлекеттік сатқындық туралы істерді, патшаның вассалдары арасындағы дауларды және жер иеліктеріне байланысты дауларды қарастырды. Жергілікті жерлерде қылмыстық және азаматтық юрисдикция жиналыстардың қолында болды.
ә) Ағылшындық феодализмнің қалыптасуы
1066 жылы норманд герцогы Вильгелм үлкен әскерімен аралға келіп, ағылшын-саксондық әскерді жеңді де, Англияны жаулап алды. Ол өзін барлық жерлердің жоғарғы иесі ретінде жариялап, барлық еркін жер иеленушілерден өзіне адалдық антын білдіруге талап етеді, бұл оларды патшаның тікелей вассалдарына айналдырды.
Қоғамдық құрылым. Феодалдық шаруашылықтың негізі болып феодалдардың жер иеліктерінің жиынтығын білдіретін манор табылды. Негізгі антагоникалық таптар — феодалдар мен басыбайлы шаруалар болды. Ол кезде барлығы сексенге жуық қалалар болған, бұларда саудагерлер мен қолөнершілердің топтары қалыптаса бастады.
...
4 Германияның мемлекеті және құқығы
...
Дербес мемлекет ретінде Германия Франк мемлекетінің ыдырауы нәтижесінде пайда болды. Алғашқыда ол Тевтон мемлекеті деп аталды. оның кұрамына Швабия, Бавария, Франкония, Саксония және Лотарингия кірген (славяндар Тевтонияда өмір сүретін халықтарды немецтер деп атаған, «немой» - славян тілдерінде сөйлей алмаушы).
Германияның мемлекеті және құқығы тарихының кезеңдері:
1 кезең - ертефеодалдык монархияның - герман халқының Қасиетті Рим империясының құрылуы (Х-ХІІІ г.ғ.);
2 кезең - Германияның княздықтарындағы сословиелік-өкілдік монархияның қалыптасуы және нығаюы және курфюрсттер олигархиясының орнауы (ХІV-ХVІ г.ғ.);
3 кезең - герман мемлекеттерінде княздық абсолютизмнің орнауы (ХVІІ-ХІХг. басы).
а) Ертефеодалдық монархия
Аумақтың көршілес халықтардың (славяндардың) кеңеюі нәтижесінде Еуропаның орталығында кұрамына барлық германдық герцогтықтар, полабтық славяндар мен Солтүстік Италияның күштеп қосылған жерлері кірген империя пайда болды, ол XIII ғасырда «герман халқының қасиетті Рим империясы» атауын иеленді. Бүл әр түрлі халықтарды - немістерді, славяндарды - императордың билігіне күштеп біріктірген мемлекет болды, алайда әлсіз болғандықтан, мұнда саяси дербес княздықтар мен жекелеген неміс қала - республикалары қалыптасты.
Қоғамдық құрылым. Бүл кезеңде халықтың негізгі бөлігін феодалдар құрады, олар үстемдік кұрушы топ пен рыцарьлардан тұрды (бұлардың екеуіне де ортақ белгі болып сюзереннен алынған ленді иелену мен сюзереннің әскеріне қызмет ету міндеті табылды). Халықтың екінші бөлігі шаруалардан тұрды, олар бірнеше санаттарға бөлінді: еркін шаруалар - өз жерлерінің иесі; чиншевиктер - бөтен жерді пайдаланушылар және сол үшін алым-чинхи төлеушілер; басыбайлы шаруалар мен халоптар; қалалықтар - саудагерлер мен қолөнершілер, жеке бостандық пен меншікті иеленген.
Мемлекеттік құрылым. Германиядағы мемлекеттік құрылымның өзіндік ерекшеліктері болған:
а) патшалар (императорлар) сайланбалы болатын;
...