Мәнжазба / Реферат: Феодалық мемлекет пен құқықтың тарихы. Шығыстың феодалдық мемлекеті мен құқығы


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Құқық
Тип работы:
Мәнжазба / Реферат
Количество страниц:
14

Жоспар

1 Араб халифаты    3

2 Үндістанның мемлекеті мен құқығы    7

3 Қытайдың мемлекеті мен құқығы    10

4 Жапонияның мемлекеті және құқығы    13

 

1 Араб халифаты

 

...

 

Жердің құқықтық режимі де мәртебесінің әртүрлілігімен ерекшеленетін:

1)    хиджаз - Мұхаммед пайғамбар өмір сүрген жерлер, ол

жерде тұратын мұсылмандардан ондық салық алынатын;

2) вакуф - діни мұсылман ұйымдарына тиесілі жерлер;

3) мүлік - мұсылмандардың жеке жерлері;

4)    икта - қызметі үшін уақытша берілген жерлер, бұл

жерлерді пайдаланғаны үшін халықтан салық алынатын.

Сот өндірісі кәсіби судьялармен - қадилармен жүргізілетін. Судья қатаң іс жүргізушілік ережелерін сақтамайтын. Исламдық іс жүргізуде прокурор мен адвокат болмаған. Судья барлық істерді өзі дербес шешетін. Осыған сәйкес кассациялық және апелляциялық инстанциялар мұсылман құқығында орын алмаған. Дәлеледемелердің ішінде ант беру, куәлардың көрсетулері мен айыпталушының мойындауы ерекше маңызға ие еді. Куә ретінде әдетте ер адам ғана қатыса алатын, әйелдер мен басқа дін өкілдері куә ретінде көрсету бере алмайтын, үкімнің айыптылығын анықтауда ұқсастық бойынша талқылауға рұқсат етілетін. Анттар қасиетті кітапты ұстай тұрып берілетін, және әдетте шынайы болып табылатын, себебі, бұл жерде мұсылмандардың құдайдан қорқумен сипатталатын дүниетанымы мен түсінігі көрініс табатын.

 

...

 

2 Үндістанның мемлекеті мен құқығы

 

...

 

Дели сұлтандығы 23 провинцияға бөлінген болатын. Ірі провинциялар облыстарға - шикаларға, ал облыстар аудандарға - паргандарға бөлінген, паргандар бірнеше ауылдардан құралатын. Провинциялардағы билік орталық әкімшіліктегіге ұқсас болып келетін.

XVI ғасырда Солтүстік Үндістанды Ферғананың бұрынғы билеушісі Бабыр жаулап алады, ол 1526 жылы Ұлы Монғолдар династиясының негізін қалады. Монғолдар барлық жаулап алған жерлерін халисе қорына өткізіп отырған. Тек падишах қана жерді феодалдарға шартты әскери ұсыну - джагир нысанында бере алатын. Жеке жер иелену сюргаль (мүсылман басшылары шейхтарға, дінді уағыздаушыларға беретін жерлер) және заминдар меншігі (монғолдарға бағынған үнді феодалдары) болған.

Дели сұлтандығы сияқты Монғолдық Үндістан да деспотиялық мемлекет болып табылған және Дели сұлтандығына тән көптеген мемлекеттік институттарды таныған. Ұлы Монғолдар мемлекетінің басында падишах тұрды. Империядағы басты ведомстволар болып әскери және қаржылық ведомстволар сақталып қалды. Қаржылық ведомствоның басында бірінші министр - диуан тұрған. Мир-бакши әскери ведомствоны басқарған. Басты төрт министрлардың құрамына мирсаман - падишахтьщ шеберханалары мен қоймаларын басқаратын басты шенеунік және садруссудар - діни және сот басқармасының басшысы енген.

Монғол империясы 15 облысқа бөлінген, оларды падишахтын өкілдері - хакимдер басқарған. Әрбір облысқа хаким¬дерден тәуелсіз фоуджидарлар - әскербасылар, гомашттар - салық жинаушылар және қала басшылары – котвалдар тағайындалған.

Феодалдық Үндістанның құқықтық жүйесіне мұсылман құқығы көптеген өзгерістер әкелген, бүл құқық елге мұсылмандық жаулап алушылардың жорықтарының нәтижесінде енген. Үндістанда мұсылман үстемдігі орнатылғаннан кейін, жергілікті құқық - дхармашастрдың қолдану саласы адамдар арасындағы таралу шегі және коғамдық қатынастарда таралу шегіне қарай қысқартылған. Дінге тікелей қатысы бар деген қатынастардың барлығы: неке және отбасылық, мұрагерлік және діни қызметпен байланысты қатынастар мұсылман адамға қатысты болса мұсылман құқығымен, ал индусқа қатысты болса индус құқығымен реттелетін болған. Дәл осы кезеңде нормалары жаңа жағдайларға икемделген, казіргі кездегі Үндістанда да индуизм дініне сенушілерге де катысты әрекет ететін құқықтың персоналдық жүйесі, яғни, үнді құқығының жүйесі қалыптасты.

 

...

 

3 Қытайдың мемлекеті мен құқығы

 

...

 

Қытайдағы ортағасырлық кезеңнің басы 220 жылы Хань империясының ішкі тұрақсыздықтың, ең алдымен "сары белбеулілердің" көтерілісінің нәтижесінде құлауымен сипатталды. "Күшті үйлер" деп аталған бірнеше ақсүйек тектерінің арасындағы күрес өрши түсті. Бұл күрестің нәтижесінде Цвинь жаңа династиясының (265-420 ж.ж.) негізін қалаған Сыма тегі алға шықты, бұл кезде Қытай қайта бірікті. 280 жылы император Сыма Янь жаңа жарлық қабылдады, оның негізінде әрбір жер иеленуші (16 мен 60 жас аралығындағы) 120 му (6,6 га) жер алатын, оның 215-і мемлекетке кетсе, 3\\5 бөлігі жер иеленушіге қалатын. Салық төлеуші халық жылына 20 күн мемлекет үшін тегін жұмыс істейтін.

III — ғасырдың соңында Қытайға ғұндар, кейін юн, цян, жужан, тобог және тибет тайпалары басып кірді. ІУ-УІ ғасырларда Солтүстік Қытай нағыз соғыс алаңы болды. Жаулап алушылардың арасынан Солтүстік Вэйдің тоби династиясы бөлініп шықты, олар V ғасырдың соңында өз патшалығын орнатты. 477-485 .ж.ж. императордың жарлығының нәтижесінде үлестіру жүйесі қайтадан енгізілді. Ол ауыл шаруашылығын көтеруге және Оңтүстік Қытайдағы халықтың қайтып келуіне біршама әсер етті. VI ғасырдың екінші жартысында Солтүстік және Оңтүстік Қытайдың бірігуіне қажеттік туындады. Себебі, VI ғасырдың ортасында (551 ж.) Қытайдың солтүстік шекараларына қауіп төндірген аса күшті көшпенді мемлекет Түрік қағанаты құрылды. Бірігу әскери жолмен жүзеге асты. Қолбасшы Янь Цзюнь император және Суй (581-618 ж.ж.) династиясының негізін қалаушы ретінде жарияланды. Бұл династияның тұсында мемлекеттік биліктің орталықтандырылуы күшейе түсті. Императордың билігі шексіз болды, ол үлкен бюрократтық аппаратты басқарды. Императордың жанында жоғарғы шенеуніктерден құралған үш палата жұмыс істеді. Одан кейін алты ведомство (шендер, қаржылық, рәсімдік, әскери, сот және жазалау, коғамдық жұмыс ведомстволары) болды. Алайда, шаруа көтерілістері мен Когуремен (сол кезде Корей түбегіндегі мемлекеттердің бірі) ұтымсыз соғыс Суй династиясының құлауына және Тан династиясының (618-907 ж.ж.) негізін қалаушы император Ли Юаньның билікке келуіне алып келді. 624 жылы шаруалар үшін жеңілдіктер орнықтырған декрет қабылданды, оған сәйкес шаруаларға бау-бақша жерін өмір бойғы иелену құқығы берілді.

Тан мемлекетіндегі жоғарғы және шексіз билік императорға тиесілі болды. Оның көмекшілері болып екі цзайсян табылды.

Мемлекетті басқару үш палата арқылы жүзеге асырылатын: атқарушы, заң шығарушы (империя жарлықтарын даярлау), салтанаттарды ұйымдастыру; одан кейін суй ведомстволарына ұқсас алты ведомство тұрды. Шенеуніктер тоғыз рангіге бөлінді және олардың жалақылары да тоғыз деңгейде болды. Шаруалар "жақсы халық" және "жаман халық" болып бөлінді. Бірінші топты еркін шаруалар, екінші топты құлдар, малайлар, бөтен жерді жалға алушылар құрады.

 

...

 

4 Жапонияның мемлекеті және құқығы

 

...

 

VI-VII ғасырлардағы Жапония.

Жапон архипелагының тұрғылықты халқы болып мына тайпалар табылды: айналар, кумасо және эбису, кейіннен бұл жерлерге тунгус-маньчжур тектес тайпалар да көшіп келді. Көпшілікпен танылған дін болып синтоизм (ата-бабалар мен табиғат күшіне табыну) табылды. VI ғасырдың басында Сога тегінен шыққан ханзада Сетокутайси (572-621 ж.ж.) 12 ранг туралы иерархиялық табель және 17 баптан құралған заң қабылдады, бүл заң буддизм мен конфуций ілімінің мемлекет пен монархтың билігі туралы догмаларына сүйенді.

645 жылы таққа Сумераги тегінен шыққан Кару отырды, ол Котоку атымен билік жүргізе бастады. Бірқатар реформалар жүргізілді, енді мемлекет басында император отыратын болды, елді губерниялар мен уездерге бөлді, жер мемлекеттік меншік ретінде жарияланды, шаруаларға тиесілі жерлер бөліп берілді және олар өздерінің астығының бөлігін мемлекетке беріп отыратын болды. Әскери ақсүйектер — самурайлар қалыптасты, олар "бусидо" (бушидо) деп аталатын ар кодексіне сәйкес қызмет ететін. XII ғасырдың соңында самурайлар дербес династия ретінде қалыптасқан Миномото князьдарын жақтады.

ХІІ-ХҮІІ ғасырлардағы Жапония.

 

...