Реферат: Социологияның функциялары


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Социология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
5

... Танымдық функция ең алдымен әлеуметтік даму заңдылықтарын зерттеумен, әр түрлі әлеуметтік құбылыстар мен процестердің өзгеру тенденциясына байланысты.

 

Теориялық-танымдық функцияны жүзеге асыру социологияға қоғамның мәні, оның құрылымы, заңдылықтары, негізгі бағыттары мен тенденциялары, жолдары, оның қызмет атқаруының және дамуының нысандары мен механизмдері туралы білімді кеңейтуге және нақтылауға мүмкіндік береді. Ғылыми социологиялық білім теориялық социологияның ішкі жетілуінің негізінде де, танымның объектісі - әлеуметтік шынайылықтың қарқынды дамуының нәтижесінде де байиды. Социологияның танымдық функциясы барлық деңгейде жүзеге асырылады. Адамзат қоғамының әлеуметтік дамуының заңдылықтары мен келешегін ашып көрсететін арнайы социологиялық теориялардың маңызы ерекше. Социологиялық теориялар қазіргі заманғы күрделі проблемаларға ғылыми жауаптар береді, дүниені әлеуметтік түрлендірудің шынайы жолдары мен әдістерін көрсетіп береді.

 

Әлеуметтік теориялармен тығыз байланыста дамитын эмпирикалық әлеуметтік зерттеулер де әлеуметтік дамудың заңдылықтарын ғылыми танып-білуге белсене атсалысады. Олар қоғам өмірінің жекелеген салаларының жаңа фактілері мен өзгеру тенденцияларын айқындау жолымен әлеуметтік шынайылық туралы жаңа эмпирикалық мәліметтердің өсуін қамтамасыз етеді, ол тұтас әлеуметтік дамуды түсінуге және түсіндіруге қажетті алғышарт болады. Бұл рөлді қоғамдық өмірдің нақты құбылыстары мен процестері туралы орасан ақпараттарды тұжырымдайтын зерттеулер атқарады. Жаңа ілімдердің өсуі де ірі ауқымдағы өзгерістер мен заңдылықтарды зерделеумен байланысты емес тар өрісті эмпирикалық зерттеулер барысындағы объективті әлеуметтік ақпарат есебінен жүзеге асады. Әдетте бұл ақпарат объективті және субъективті көрсеткіштермен баяндалады. Алғашқысы статистика мәліметтерін толықтырады және нақтылайды, ал екіншісі әр түрлі әлеуметтік топтардың емеуріндері, қызметінің себептері, мақсаттары туралы ақпаратты білдіреді. Мұндай зерттеулердің танымдық маңызы қоғамдық өмірдегі адам факторының рөлін ашып көрсететіндігінде, бұқаралық әлеуметтік процестердің субъективті жақтарына назар аударуында. Бұл осы салада дамудың объективті тенденцияларының бірдей болмайтындығының және олардың әр түрлі әлеуметтік топтардың санасындағы субъективті бейнеленуінің нәтижесін білдіретін әлеуметтік проблеманың бар екендігін белгілеуге мүмкіндік береді. ...