Реферат: Социологиялық зерттеудің мәліметтерін талдау


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Социология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
12

Жоспар

 

 

1 Социологиялық зерттеудің мәліметтерін талдау. 3

2 Мәліметтерді талдау кезеңдері 4

3 Зерттеу нәтижелерін ұсыну. 9

4 Зерттеу нәтижелерін жұртшылыққа жеткізу. 11

 

 

2 Мәліметтерді талдау кезеңдері

 

 

Бірінші кезең - мәліметтерді сипаттау. Социологиялық зерттеудің нәтижелерін сипаттау мынаны білдіреді:

 

      зерттелетін объектінің тіркелетін құбылыстарының өзара байланысын анықтау;

 

      алғашқы эмпирикалық мәліметтерді реттеу;

 

      тұрақты байланыстар мен тенденцияларды іздеу;

 

      зерттелетін объектінің (құбылыстың) тұрақты қасиеттерін іздеу.

 

Социологиялық ақпаратты сипаттау рәсімі барлық іріктеу жиынтығы мен жеке іріктеуді (жыныстық-жастық, аумақтық, кәсіби және т.б.) бағалануын есепке алуы тиіс. Бұл рәсімнің жүзеге асыруылуы зерттеу мәліметтерінің әрі қарай түсініктемелеуіне қажет.

 

Мысалы, респонденттердің кез келген мәселені бағалауы олардың білім цензіне, жасына, кәсібіне және т.б. байланысты болады. Сондықтан, іріктеудің сипаттамалары материалды талдау кезде үнемі есте болуы қажет.

 

Алынған мәліметтерді сипаттау кезінде материалды алғашқы қорытындылау үшін мәліметті “сығу” рәсімі (қарапайым топтарды, белгілерді ірілендіру) қолданылады. Мысалы, әлеуметтік өзгерістердің (жер туралы заңды қабылдау) қолдаушыларын немесе қарсыластарын анықтау.

 

Социологиялық мәліметті өңдеу зерттеудің алғашқы кезеңінің өзінде зерттеудің бағдарлауын (зерттелетін құбылыс туралы түсініктер, оны тіркеудің индикаторлар жиынтығы, құбылыс туралы болжамдар және т.б.) белгілейді. Зерттеуді бағдарлау жиынтығы эмпирикалық зерттеуде теріске шығарылатын немесе расталатын зерттеу объектісі туралы теориялық ұғымдар болып табылады.

 

Сонымен, негізгі ұғымдар мен индикаторлар жиынтығы мәліметтерді түсініктемелеудің кейінгі формасын береді.

 

Сипаттамалық талдау әдістерінің бірі топтастыру әдісі болып табылады.

 

Мәліметтерді топтастыру әдісі. Осы талдау рәсімінің алғашқы кезеңінде сұралған жиынтық ішінен біркелкі топтарды белгілеу қажет. Мысалы, орта білімі бар 20 мен 25 жастағы әйелдер. ...

 

 

 

4 Зерттеу нәтижелерін жұртшылыққа жеткізу

 

 

Социологиялық зерттеу нәтижелері жабық сипатта болмаса, оларды жұртшылыққа жеткізу қажет. Сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдары пайдалануы мүмкін әрі тиіс.

 

Соңғы кездері баспа, электронды сияқты әр түрлі бұқаралық ақпарат құралдары социологиялық сұраудың нәтижелерін пайдалануға талпынады. Әдетте, БАҚ социологиялық сұрауларды дәлел келтірудің немесе иллюстрацияның белгілі бір құралы ретінде пайдаланады. Кейбір БАҚ социологиялық сұрау көмегімен өзінің рейтингін көтереді. Адамдар әдетте сұрау нәтижелерін қызығушылықпен түсіне отырып, көптеген БАҚ-дың өздері социологиялық зерттеудің жүргізілуіне тапсырыс жасайды. Мұндай тәжірибе қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында бар. 90-жылдары “Гиллер институты” деген атпен белгілі қоғамдық пікірді зерттеу орталығы “Караван” газетінің құрылтайшыларымен құрылғаны белгілі. Караван газеті өзінің беттерінде осы институттың зерттеу нәтижелерін апта сайын жариялап отырды (мысал, мақала фрагментінің көшірмесі)....