Доклад/Баяндама: Саяси социология


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
44

Жоспар

 

1 Саяси социология............ 3

2 Саяси социологияның пайда болуы мен дамуы........... 5

3 Саясаттану және саяси-әлеуметтік пікір алысулардың айырмашылығы....... 7

4 Саяси социологияның зерттеу объектісі мен пәні........... 10

5 Саяси социологияның субъектісін түсіну.......... 10

6 Саяси социологияның әдістері және заңдылықтары........ 11

7 Институттар - саяси социологияның орталық категориясы ретінде......... 12

8 Билікке түсінік беру........ 15

9 Саяси социологиядағы мемлекет категориясы............... 21

10 Азаматтық қоғам және оның институттары.............. 23

11 Саяси социологияны анықтаудағы тұлғаның орны......... 30.

12 Саяси жетекшілік. ............33

13 Қоғамдық пікірдің саяси социологиясы.... 3.5

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......... 43

 

3 Саясаттану және саяси-әлеуметтік пікір алысулардың айырмашылығы

 

 

Саясаттану және саяси социология ғылымының екі саласы ретінде бөлек қарастырылғанына қарамастан, олардың зерттеу объектісі мен пәні өте ұқсас. Оған қоса саясаттанушылар да, социологтар да өздерінің ғылым саласына өзара экскурсия жасауды қолданады. Сол себептен саясаттану мен саяси социология арасындағы айырмашылықты қарастыру және іздеу, зерттеушілер арасындағы сөз таластар мен пікір алысулар аспектілерінің бірі болып табылады.

 

Саясат социологиясы да, саясаттану да өз объектілері ең алдымен табиғи түрде бар және адамның мақсатты іс-әрекетінің өнімі ретінде зерттейді.

 

Саясаттану мен саясат социологиясының қоғамдағы әсер ету қатынасы мен өктем әсер ету, біреуінен екіншісіне өту процесі және оның жолында пайда болатын қайшылықтар қызықты болып табылады.

 

Атап айтқанда, саяси социологияны ең алдымен әлеуметік қауымдастықтардың, саяси институттар мен азаматтардың билікке қатынасы және қоғамдағы ықпалдылығы бойынша өзара әрекеттесуі қызықтырады. Бұл жерде қандай әлеуметтік жағдайларда осындай саяси тәртіп қалыптасады және оның қайта өркендеуінің әлеуметтік негіздемесі қандай деген сауалдарды анықтап алу басты мәселе болып табылады. Оның мән-жайлары ретінде қарастырылатындар: әлеуметтік қауымдастықтардың өзара әрекеттесуі; әлеуметтік институттардың құрылымы мен әлеуметтік қозғалыстың формалары; қайта өркендеуді қамтамасыз ететін дәстүрлердің сипаты. ...

 

11 Саяси социологияны анықтаудағы тұлғаның орны

 

 

Саяси социологияда тұлға әлеуметтік индивид, саяси жүйенің өзіндік бейнесі бар алғашқы бөлінбейтін элементі ретінде, саяси саладағы өзінің іс-қимылына, жеке басының жауапкершілігін алып жүруші, құқықтары мен бостандығы бар жеке адам ретінде қарастырылады.

 

Саяси қатынастар жүйесінде тұлға өзінің түп негізінде әлеуметтік тапқа жатуынан келіп шығатын саяси қабілеттердің иеленушісі ретінде алға шығады. Әрбір адам мемлекеттің, ұлттың, таптың немесе топтың өкілі болып табылады және тиісінше азамат, ұлт өкілі, жұмысшы, шаруа немесе зиялы ретінде көрінеді.

 

Тұлға әлеуметтік айқындылыққа ие бола тұра, қандай да бір қоғамдық қатынастардың түріне тиісті қауымдастықтардың өзіндік ерекшелігі бар қабілеттерінің иеленушісі ретінде енеді.

 

Қазіргі заманғы қоғамдық-тарихи ой-пікірлерде және саяси фиолософияда арнаулы нота (персоналистическая нота) көрініс береді. Басқаша айтқанда, “саңлақтар” принципінен “монадтылық” принципіне ауысудың қажеттілігі жайлы түсіндірме жиі берілуде. Осымен қатар, ғалымдар ХХ ғасырдың соңында “бұқаралық” принцип қана емес, “жеке даралық” принципі де әрекет етеді дегенді баса айтады. Басқаша айтқанда, тұлғаның саясаттағы рөлі арта түседі. Көпшілік үшін маңыздысы шешімдердің қабылдаушыларға ғана емес (жоғары шендегі басшыларға), сонымен бірге қатардағы адамдар үшін де пайдалылығы. Ол адам игеруге шығушы, тұтандырғыш, электоральды белсенді, бейсаясатшы жәй адам немесе терроршы болуы да мүмкін. ...

 

 

13 Қоғамдық пікірдің саяси социологиясы

 

“Қоғамдық пікір” (publіc opіnіon) ұғымы алғаш рет ХІІ ғасырда қолданған деп саналады. Бұл ұғымның авторы ағылшын жазушысы және мемлекет қайраткері Д.Солсбери деп танылады. Бір қызығы, “қоғамдық пікір” ұғымының пайда болуы ағылшын Парламентінің қазіметімен байланысты болғанға ұқсайды. Бұл ұғымды пайдалану оны ел, халқы жағынан қолдауды білдіретін болды. ХVІІІ ғасырда “publіc opіnіon” жалпы ұғым ретінде қалыптасты.

 

Кеңестік ғылымда қоғамдық пікір көбіне таптық пікірден жалпы халықтық пікірге ауысудың қандай да бір өтпелі кезеңі ретінде қабылданды. Басқа сөзбен айтқанда, қоғамдық пікір қандай да бір бірлік, біркелкілік деңгейге ие болу ретінде түсіндірілді.

 

Кеңестік зерттеушілер қоғамдық пікірді рухани немесе рухани-тәжірибелік құбылыс ретінде қарастырды. Онымен қоса қоғамдық пікірдің тұтастай ғылыми қаңқасы жалпыға әйгілі марксшілдік-лениндік болмыс сананы анықтайды деген қағидаға келіп тірелді.

 

Пьер Бурдьенің пікірінше, қоғамдық пікірді зерттеу тұтастай саяси саланың бастамасы мен қызметіне жатады. “Қоғамдық пікірді бүгінгі күйінде байқап білу - ол саяси әрекеттің құралы; мүмкін оның ең маңызды қызметі, қоғамдық пікір тек жеке дара пікірлерді жинау жолымен алынатын императив ретінде өмір сүреді деп сендіруден және қандай да бір орташа арифметикалық пікір немесе орташа пікір болады деген идеяны ендіруден тұратын шығар”. ...