Доклад/Баяндама: Саяси жанжалдың өзіне тән ерекшелігі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
3

... Жанжалдың бұл түрінің өзіне тән ерекшелігі - ол қоғамның барлық саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік, этносаралық қатынастар саласынан өтеді дегеннен тұрады. Саяси жанжалды шартты түрде екі негізгі түрге бөлуге болады. Біріншіден, - билік құрылымында ұсынылмаған немесе тіпті басып тасталған қоғамдық күштермен билік арасындағы жанжал. Екіншіден, - билік өкілеттілігінің бөлінуі үшін саясат ішіндегі күреспен байланысты билік ішіндегі жанжалдар.

 

Сондай-ақ көлденең және тік саяси жанжалдар бөлініп көрсетіледі. Біріншісі - индивидтердің, топтардың және таптардың арасындағы (биліктің орталық және жергілікті органдары арасында, азаматтар мен әр түрлі мемлекеттік құрылымдар арасында) жанжал.

 

Саяси талдауда объективті белгісі бойынша жанжалдарға шек қою маңызды мәнге ие, дәлірек айтсақ:

 

      объективті қарама-қайшылықтармен туындаған, “шынайы” жанжал,

 

      “кездейсоқ” - әзірге оның қатысушыларымен ұғынылады;

 

      “орнынан алынған” - ол объективті себептермен жанама түрде байланысты болғанда;

 

      “жазылып қойылған”, алысу жағдайындағылар емес, тіпті басқа субъектілер жанжалға түскен кезде;

 

      “жалған” - шынайы себебі жоқ, алайда билік үшін күресте күрделі саяси атмосфера жасауға бағытталған.

 

Саяси жанжалды талдай отырып, кейде билік үшін күреске қарағанда идеологиялық мақсаттар үшін күрес қызу сипатты қабылдайтынын ойдан шығармау керек. Ресейдің бұрынғы президенті Б.Н. Ельциннің оның имиджі үшін ыңғайлы мазмұндағы конституцияны қабылдаудан бас тартқан парламентке қарсы күресін еске түсірудің өзі жеткілікті. Бұл күрес, соңында Мәскеудегі Ақ үйді атумен және парламентті күштеп таратуымен аяқталды. Кейін мәлім болғандай, идеологиялық айтыс Ресейдің дамуының әр түрлі стратегияларының: социалистік және капиталистік арасындағы жанжал болды. Тәжірибе көрсеткендей саяси жанжал ереже бойынша, екі деңгейде: бір жағынан, оппозиция мен билік арасында, екінші жағынан билік құрылымдарының ішінде өріс алады....