Реферат: Орта деңгей теориясы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Социология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
6

... Функциялары мен міндеттері бойынша ерекшеліктері бар социологиялық білімнің үш деңгейін бөліп қарастыру кең таралған. Олар: іргелі білімдер деңгейі, қолданбалы зерттеулер деңгейі, әлеуметтік инженерия. Теориялық социология белгілі бір саланың әмбебап заңдылықтарын және талдау принциптерін ашатын теориялар мен тұжырымдамалар жиынтығын білдіреді. Қолданбалы зерттеулер өзекті тәжірибелік маңызы бар проблемаларды зерттеуге бағытталған. Әлеуметтік инженерия нақты әлеуметтік проблемаларды шешуде түрлі технологиялар мен техникалық құралдарды өзара ұйымдастыру мақсатымен ғылыми білімдерді іс жүзінде енгізу болып табылады.

 

Оған қоса социология макро- және микро социология болып екіге бөлінеді. Макросоциология кең көлемді әлеуметтік жүйелерді және тарихи ұзақ процестерді қарастырады. Микросоциология адамдардың күнделікті жүріс-тұрысының тікелей тұлғааралық өзара әрекеттесуін зерттейді. Бұл деңгейлер өзара байланысты және социология пәнін екі жақты зерттеп білуге мүмкіндік береді, бір жағынан, әлеуметтік жүйелердің, құрылымдардың және институттардың адамдар іс-әрекетін реттеуші ретіндегі әсері, екінші жағынан, қоғамның құрылымдық элементтерінің қалыптасуы жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың әлеуметтік іс-әрекеттерінің нәтижесі ретінде талдануы қарастырылады.

 

 Социологиялық білімнің осы деңгейлерінің қиылысуы нәтижесінде оның өзіндік формасы ретінде орта деңгей теориялары шығады, олар: тұлға социологиясы, отбасы социологиясы, саяси социология, этносоциология, білім социологиясы т.б. Бұл жерде мәселе зерттелетін объектінің сипаты бойынша ғылыми білімнің құрылымдық элементтерінің бөлінуі жөнінде болып отыр. Орта деңгей теориясы немесе арнайы социологиялық теориялар қоғамдық өмірдегі әлеуметтік институттардың және топтардың жекелеген жақтары мен салаларын қамтиды. Олар әлеуметтік ғылымның да, социологиялық ғылымның да, пәнаралық өзара әрекеттесу дәстүрінде дамиды.  ...