Реферат: Мәдениет социологиясы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Социология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
9

... Мәдениет социологиясы көптеген қызметтер атқарады, олардың негізігілері: ғылыми-танымдық, білім беру және тәжірибелік қызметтер. Ғылыми-танымдық қызметі арқасында мәдениет социологиясы мәдени процестердің өзгерісіне немесе қолдауына, нәтижесіне әсер ететін әлеуметтік факторлар мен механизмдер, қазіргі жағдайдағы мәдени динамика заңдылықтарының өзіне тән ерекшелігі  туралы шынайы білімді қамтамасыз етеді.

 

Білім беру қызметі қоғам мүшелері арасында тиісті білім таратуға бағытталған. Оның мақсаты - қазіргі қиын әлеуметтік-мәдени жағдайда олардың бағыт алуына, олар туралы ойлардың бүгінгі мазмұнын ашу мен негіздеуге көмектесу.

 

Тәжірибелік қызметтің мақсаты мәдени өзгерістер мен мәдени саясаттың мақсатты бағытталған ғылыми негізін өңдеп шығару. Социологияда мәдениет бірінші кезекте оның әлеуметтік аспектісінде, яғни әлеуметтік өзара әрекеттесулердің нәтижелері мен процестеріне көзқарасы тұрғысынан қарастырылады. Бұл мағынада мәдениетті зерттеу аумақтық бөліну мен әлеуметтік топқа бөлінудің қандай да бір жағдайында болатын қоғам мүшелерінің өзінің әлеуметтік-мәдени ортасындағы күрделі және көп өлшемді қоғамдық процестерді игеру, ұғыну және өзгеруін зерттеуді білдіреді.

 

Социологияда рухани мәдениеттегі әр түрлі элеметтердің жұмыс істеуіне көп көңіл бөлінеді. Алғашқы және маңызды элемент танымды, белгі-символдық элемент, яғни қандай да бір түсініктер мен ойларда қалыптасқан, тілде айқындалған білім. Тіл - адам тәжірибесін шоғырланудың, сақтаудың, жеткізілудің объективті формасы. Тіл нақтылы мәндермен үйлестірілетін белгілер мен символдардың жүйесі болып табылады. Белгілер мен символдар қатынас жасау барысында басқа ілімдердің өкілдері ретінде көрінеді, олар туралы ақпарттар жеткізу мен өзгерту, алу мен сақтау үшін қолданылады. Белгілер мен символдар әрқашан нақтылы мәнге ие болады. Адамдар белгілер мен символдардың мәнін түсінуді білім беру процесінде игереді. Дәл осылар оларға айтылған мен жазылғанның мәнін түсінуге мүмкіндік береді. ...