Доклад/Баяндама: Джон Стюарт Милль


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
18

Джон Стюарт Милль (John Stuart Mіll) (1806 - 1873) - ағылшын экономисі, философ, тарихшы және ойшыл, саяси және экономикалық либерализмнің теоретигі.

 

Лондонда туған. Әкесі Джеймс Милль, “Британдық Үндістанның тарихы” атты еңбектің авторы, ұлына жоғарғы білім берген. Тоғыз жасында Джон Стюарт грек және латын тілдерін меңгеріп, он бір жасында әкесінің кітабын оқып шығады. 1823 - 1858 жылдары Ост-Үнді компаниясында жұмыс істейді. Өзінің “Өмірбаянында” жастық шағына толық сипаттама береді. Жиырма жасында үлкен торығуды басынан кешіріп, оны эмоциялардың таусылуы деп есептейді. Милльдің философиялық және социологиялық көзқарастары Карлейль, Бентам, Конттың ықпалымен қалыптасты.

 

Англияда Конт позитивизмінің методологиялық идеясын насихаттап, оны сынады, қайтадан ой елегінен өткізді. Милльдің эмпирикалық психологизмі - социологияның да, логиканың да басты мәселелерінің бірі, психологияның ойлау техникасын зерттейтін тармағы болып табылады.

 

Өзінің “Огюст Конт және позитивизм” атты мақаласында француз философының зерттеу тәсілін ойлап тауып, нәтижелерін көрсетсе де, осы тәсілдің шынайылығын дәлелдеу шартына назар аудармағанын айтып өтеді. Өйткені, тәжірибеден біз тек жүйелілік пен бір ізділікті табамыз. Алайда тәжірибе себеп-салдарлық байланыс пен жағдайлардың тура келуі арасындағы айырмашылықты таба алмайды. Бұл, әсіресе, қоғамды зерттеу барысында заңдылықтар мен прогресс заңдарын анықтауды қиындататын көптеген факторлар қолданылған кезде айқын байқалады. Нақ осында заңдарды орнықтыру тәсілдері мен соған сәйкес фактілерді тұжырымдау рөлінің мәселелері неғұрлым өткір қойылады.  ...