Доклад/Баяндама: Әлеуметтік мәртебелер және рөлдер


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
8

 Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан түрлі әлеуметтік топтармен қарым-қатынас жасайды. Ол белгілі бір топтың ғана мүшесі болатын жағдай іс жүзінде кездеспейтіндіктен индивидтің әр түрлі топтарға қатысты жағдайын, сондай-ақ оның әрбір топқа қатысты функционалдық мүмкіндіктерін талдау үшін социологияда әлеуметтік мәртебе мен әлеуметтік рөл ұғымдары пайдаланылады.

 

Әлеуметтік мәртебе деп адамның топтағы немесе қоғамдағы позициясын, жағдайын айтады. Әлеуметтік мәртебе индивидтің жан-жақты және сонымен бірге жалпылама сипаттамасын: кәсібін, біліктілігін, атқаратын жұмысының сипатын, лауазымын, материалдық жағдайын, саяси ықпалын, іскерлік байланыстарын, ұлтын, дінін, жасын, отбасылық жағдайын, туыстық байланыстарын және т.б. қамтиды.

 

Барлық әлеуметтік мәртебелерді негізгі екі түрге бөлуге болады: белгіленген және қол жететін мәртебелер.

 

Тұлғаның күш-жігері мен сіңірген еңбегінен тыс қоғам тарапынан белгіленген мәртебе этникалық шығу тегі, туған жері, отбасы, жынысы мен жасы т.б. факторлармен байланысты. Қол жеткен мәртебе адамның өзінің күш жұмсауымен анықталады (мысалы, жазушы, генерал, студент, директор және т.с.с.).

 

Адамның қандай да бір мәртебеге ие болғаны (кей кезде тіпті оның тұлғасының осы мәртебемен теңестірілуі) сәйкестендіру деп аталады. Және де сәйкестендіруге туғаннан ие болғанына немесе күш-жігер жұмсауының нәтижесінде қол жеткізгеніне қарамастан, қалай болған күнде де оны жеке адам өзінің айналасындағы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау процесі арқылы меңгереді. ...