... Діни қауым о баста - діннің негізін қалаушы, оқытушы мен оның оқушыларын біріктіруші топ. Бұл ешқандай тұрғыдан ресми бекітілмеген жеке байланыс. Тек кейінірек христиандықта діни иерархия қалыптасады, ол шіркеуге айналады.
Өзіндік ерекшелігі бар діни топтың ұйымдастырушылық бекітілуі оның “әлемнің” белгілі бір сипаттарына ие болуымен және олармен ымыраға келе алу міндетімен байланысты. Діни ұйымдардың түрлерін социологиялық талдау кезінде діни ұйымдардың қоғамға көзқарасы жөніндегі мәселе негізгі мәселелердің бірі болады және “шіркеу” мен “секта” арасындағы қатынастарды анықтайды.
Діни топ әрекетінің ұйымшылдығы басшылықпен, рухани жетекшінің іс әрекетімен анықталады. Социология үшін маңызы зор рухани басшылардың бірнеше түрлері болады. Ең маңызды түрінің бірі - “пайғамбар”, діни оқылымдарды немесе құдайды мадақтаушы, жеке дара харизманың иегері. Пайғамбар осы ертеректегі ашылымдарды мадақтай алады және сол кезде ол жаңа дін құрмайды, бірақ ескі дінді жаңа арнаға салады, яғни діни реформалар ретінде алға шығады. Егер пайғамбар дүниеге тіпті жаңа ашылым алып келсе, онда ол діннің негізін қалаушы болады. ...