Доклад/Баяндама: Дін социологиясы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
32

Жоспар

1 Дін социологиясының қалыптасуы мен дамуы.. 3

2 Дін және қоғам. Діннің әлеуметтік функциялары.. 10

3 Діни ұйымдар мен діни индивид типологиясы.. 23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 32

 

2 Дін және қоғам. Діннің әлеуметтік функциялары

 

...Сайып келгенде, егер де оның мүшелерінің әрекеті белгілі бір деңгейде шектелмесе, егер де олардың әрекеті өз бетінше және шексіз өзгеріп отыратын болса ешқандай жүйе өмір сүре алмайды. Жүріс-тұрыстың белгілі бір заңдастырылған түрлерін сақтап және орындап отыру керек. Оған қоса, сөз жай ғана нақтылы әрбір қоғамдағы нормативтік тәртіптер жөнінде ғана емес (бұл қызмет құқықтық шағын жүйенікі), сонымен қатар заңдастыру, яғни сол нормативтік тәртіптің өзінің өмір сүруін негіздеу және заңдастыру туралы болып отыр. Сөз қандай да бір заңды орындау туралы болып отырған жоқ, жалпы принціпінде заңға деген көзқарас, адамды заң түріндегі қандай да бір байланыстырушы нұсқау бар ма және оны мойынау керек пе деген сарында болып отыр. Парсонс бұл проблема құндылықтардың әлеуметтік емес мәдени жүйесіне қатысты екендігіне назар аудартты. Бұл жүріс-тұрыстың мәдени үлгілерін қолдану міндетін Парсонс діннің мәдени таратушы қызметі саласына жатқызады, өйткені ол саясатқа немесе құқыққа қарағанда адам жүріс-тұрысын оның нақтылы мақсаттар мен жағдайларға қатысты жекеліктің, партикулярлықтың шеңберінен шығатын нәрселердің ара қатынасын белгілеу арқылы, - оны “соңғы” немесе “түпкі” нақтылықтармен ара қатынасын белгілеу арқылы реттейді. Қандай да бір нормалардың дұрысына немесе бұрыстығына сілтеме жасау жеткіліксіз. Діннің міндеті - қандай да бір норманы заңдастыру емес, нормативтік тәртіптің өзін қабылдау. Тиісінше, сөз жүріс-тұрысты саяси құқықтық немесе экономикалық реттеуге қарағанда діннің тереңірек қызметі жаййында айтылып отыр. Бұл теориялық тұжырымдама дінді оның қоғамдағы алатын орнымен атқаратын рөлі жөнінде тәжірибелік біршама кең көлемді мәліметтерді түсіндіруге мүмкіндік беретін құбылыс тұрғысынан түсінуді ұсынады. Алайда ол бірқатар қиыншылықтармен кезігіп, міндетті түрде мойындауды кездестіре бермейді. ...