... Жалпы білім беру мектебін аяқтау жас бала үшін болашақта өмірлік жолын, мамандығын, айналысатын іс-әрекетін таңдауды білдіреді. Мектеп бітірушісі осы нұсқалардың біреуіне тоқтала отырып, кәсіби білімнің қандай да бір түріне жоғары баға береді.
Кәсіби білімді, яғни кәсіби техникалық және жоғары маман алуды зерттеу үлкен орын алады. Кәсіби техникалық білім өндірістің қажеттіліктерімен, жастарды өмірге жедел әрі тезірек енгізу формасымен тікелей байланысты. Кәсіби-техникалық дайындық әр түрлі шығындарға қарамастан білім алудағы маңызды арна болып қала береді. Білім беру социологиясы үшін білім алушылардың білім себебі оқытудың тиімділігі оның мамандық жоғарылатудағы рөлі мен халық шаруашылығындағы мәселелерді шешудегі рөлі маңызды. Сонымен бірге, қазіргі кезде осы білім түрінің деңгейі жоғары деп айта алмаймыз, өйткені түлектердің жоғары білім алуға бағдары арнайы орта білімнен басым түсуде. 90-жылдардың басындағы жастардың әлеуметтік кәсіби бағыттылығының қарама-қайшы тәжірибесі, алға қойған мақсаттары оны қоғамда шынайы орындалуы арасындағы айырмашылықтар олардың айтарлықтай маңызды және терең дағадарыста екенін көрсетіп отыр [7].
Жоғары білім беруге келетін болсақ, социология үшін жастарды оқыту түрлерінің әлеуметтік мәртебесін анықтау, болашақтағы ересек өмірдің мүмкіндігі мен рөліне баға беру, қоғамдағы субъективті талпыныс пен объективті қажеттілігінің сәйкестігі, дайындықтың сапасы мен тиімділігі маңызды. ...