“Жанжал” (конфликт) сөзі латын тілінен аударғанда “қақтығыс” дегенді білдіреді. Ағылшын социологы Э.Гидденс жанжал екі жақтан жұмылдырылған күрестің қайнар көзі, әдістері мен құралдары қандай екеніне тәуелсіз әрекет етуші адамдар мен топтардың арасындағы шынайы күрес деп көрсетті. Жанжалдар - адамдар арасындағы өзара қатынас және әлеуметтік байланыстың ең мәнді жағы, сондықтан кең мағынада олар әлеуметтік деп қарастырылады. Ғалымдардың пікірінше, жанжал “қарама-қайшы бағытталған мақсаттардың, мүдделердің, пікір позицияларының, оппоненттер көзқарастарының немесе өзара әрекеттесу субъектілерінің қақтығыстары” немесе әлеуметтік қауымдастық пен индивидтердің қарама-қайшы тенденциялары мен мүдделерінің артуымен сипатталатын адамдар қатынасы, әлеуметтік топтар, әлеуметтік институттар, қоғам жүйесіндегі қарама-қайшылықтардың дамуының жоғары сатысы [1]. Дәл осы көзқарастан социология ғылымы әлеуметтік жанжалдың табиғатына жақын келеді. Философияда жанжал - бір-бірін жоққа шығару немесе қарама-қайшылықты шешу сәтіне қол жеткізе отырып, ондағы қарама-қарсылықтардың соңғы дамуының сатысы мен формасын бейнелейтін категория; ал бихеовиоризмде - организмнің сыйспайтын жауабын шақыратын стимулдар әрекетінің нәтижесі; ал психологиялық талдауда - тұлғаның құрама элементтері арасындағы қарама-қайшылық (мысалы, Ид, Эго және Супер-Эго арасында) [2]. ...