Доклад/Баяндама: Әлеуметтік стратификация


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
15

... Б.Барбер теориясы әлеуметтік стратификацияны геометриялық фигуралар терминімен сипаттайды, бұл әлеуметтік мобильділіктің өтіп жатқан процестерін көзге елестетуге және әлеуметтік стратификацияның қазіргі заманғы батыстық жүйесін түсінікті баяндауға мүмкіндік береді.

 

Иерархия факторын қарастырғанда стратификациялық рангтерді бөлген кезде пайда болатын негізгі екі фигура Б.Барбердің ойынша пирамида мен ромб болып табылады. Бұл екі фигура әрқашан төбесіне жақын рангтерді иеленетін азшылықтың - “элита” немесе “элиталар жиынтығы” болатынын көрсетеді, бұл төбені Б.Барбер осылай атайды. Пирамидалық фигурада, сонымен қатар, салыстырмалы түрде аз адамдар орта рангте, бұқара халық төменгі дәрежеде болады. Бұған керісінше ромб тәріздес фигура адамдардың төменгіге дәрежеге қарағанда орта дәрежеде бірдей мөлшерде көп шоғырлануымен сипатталады, әйтсе де төменгі дәрежеде фигураның үшкірлігін жасау үшін едәуір адамдар қалып қояды.

 

Питирим Сорокин кез келген ұйымдасқан әлеуметтік топ әрқашан әлеуметтік стратификацияланған деп есептейді. “Жазық” болатын және барлық мүшелері тең дәрежелі болатын бірде-бір тұрақты әлеуметтік топ болмаған және болмайды да. Қабатталмаған, мүшелері шынайы тең дәрежелі болатын қоғам - ол қиял, адамзат тарихында әлі болып көрмеген нәрсе”. Питирим Сорокиннің стратификациялық теориясының негізгі қағидасы әлеуметтік стратификациялардың нақты ипостасьтары көп және әр алуан болса да, олардың барлық санқырлылығы негізгі үш нысанға: экономикалық, саяси және кәсіптік стратификацияға келіп тірелуінде. Әдетте, бұл үш нысан тығыз байланысқан, жоғары топқа қандай да бір қатысы бар адамдар бұл қабатқа әдетте басқа өлшемдер бойынша да қатысты болады ғой; және керісінше.

 

Осыны басшылыққа ала отырып, П.Сорокин әлеуметтік стратификацияның әрбір нысанын жеке-жеке талдауды ұсынады және оларды былай анықтайды:

 

1. Егер де қандай да бір қоғам мүшелерінің экономикалық мәртебесі тең емес, олардың арасында байлығы барлар да, жоқтар да болатын болса, онда мұндай қоғам қандай принциптермен, коммунистік немесе капиталистік принциптермен құрылғанына қарамастан экономикалық қабаттануымен сипатталады. ...