Мәнжазба / Реферат: Қырғи қабақ соғыс


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Политология, География
Тип работы:
Мәнжазба / Реферат
Количество страниц:
20

 ЖОСПАР

1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай. 3

 

1.1 «Қырғи қабақ соғыстың» шығу себептері. 3

1.2 Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы. 5

1.3 Черчилльдің Фултонда сөйлеген сөзі 9

1.4 Маршалл жоспары.. 11

2 Дүниежүзілік саясат белестері. 16

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 20

 

1.2 Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы.

1945 жылы Европадағы соғыстың аяғына қарай, Тынық мұхитта соғыс әлі жүріп жатқан кезде дүниежүзінің соғыстан кейінгі құрылымы туралы шешім қабылданды. 5С елдің окілдері Сан-Францискоға (Калифорния) Біріккен Ұлттар Ұйымын (ООН) құру конференциясына жиналды. Оның уставы бекітілді, ол Ұлттар Лигасы уставын еске түсіретін еді. Жаңа ұйымның құжатында мемлекеттер арасында достық қатынастарды дамыту; экономикалық-әлеуметтік және гуманитарлық сипаттағы проблемаларды шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; дүниежүзіндегі аштық пен қайыршылық, аурулармен күрес шараларын үйлестіру көрсетілген. БҰҰ барлық мүшелерінің теңдігі, дау-таластарды бейбіт шешу, күш қолдану қаупінен сақтану принципіне негізделген. Солай бола тұрса да БҰҰ мемлекеттердің ішкі ісіне қол сұқпайды. Егер де өз кезінде АҚШ Ұлттар Лигасына қатысудан бас тартса, енді сенат 98 дауыспен Біріккен Ұлттар Ұйымы хартиясын тез ратификациялады. Бұл АҚШ-тың сыртқы саясатында белең алған оқшауланудың аяқталғандығын, дүниежүзіне Құрама Штаттардың халықаралық қатынастарда жетекші роль атқаруға ниеттенгендігін көрсетті.

 

БҰҰ жоғарғы органы болып, сессиясы жылына бір рет болатын Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесінен, сол кезде 11-дің - 5-і тұрақты (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, КСРО, Қытай) және Бас Ассамблея екі жылға сайлап, 6-ы ауысып отыратын мүше мемлекеттерден тұрды. Қазіргі кезде БҰҰ-ның 189 мүшесі бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасы болғандығы қуантады. Уставқа сай Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілікті сақтау міндетін тікелей атқаратын үнемі әрекет ететін орган болып табылады. Өзінің өкілеттілігіне сай Қауіпсіздік Кеңесінің агрессорларга санкция салуға, блокада енгізуге және оларға қарсы күш қолдануға құқы бар. Барлық мәселелерді шешуде Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінін бірауыздылығы қажет. Бас Ассамблея Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық жөніндегі кеңес, Халықаралық Сот, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы бастаған Секретариат сайлайды. Кейінірек Біріккен Ұлттар Ұйымы эгидасымен әр түрлі арнайы ұйымдар құрылды.  ...

 

2 Дүниежүзілік саясат белестері.

 

1947-1959 жылдар. «Қырғи қабақ соғыс» жылдарында халықаралық қатынастардың дамуы ірі державалар арасындағы қатынастармен анықталды. Олардың бәсекелестігі әскери-саяси сипатта болды, солай бола тұрса да, екі жағы да оның қорытындысының қандай болатынына сенімді болмағандықтан, ашық соғыс қақтығысына бармады. Осы соғыстан кейінгі дүниежүзілік саясатқа белеңдік сипат берді. «Қырғи қабақ соғыс» халықаралық қатынастағы шиеленісу мен бәсеңдеудің алмасуы болды. Шиеленіскен жағдайда ірі державалар компромиске бар; жолын іздеді. Қауіпсіздік сезіле бастасымен бәсекелестік қайтадан күшейді.

 

1950 жылы 15 қыркүйекте оңтүстікке кеткен Солтүстік Корей әскерінің тылына БҰҰ-ның туы астында Инчхонге әскерін түсіріп американдықтар қазанның соңында демаркациялық шепке шығьш, Оңтүстіі Кореяны азат етті. Біріккен күштердің бас қолбасшысы генерал Макартуі Трумэнді Солтүстік Кореядағы режимді жою мен Кореяны біріктіру мүмкіндігін пайдалану қажет деп көндірді. 1 қазанда солтүстікке шабуыл басталды, айдың соңында Солтүстік Кореяның астанасы Пхеньян алынды американ әскері Қытай шекарасына шықты. Осы кезенде кақтығысқа Солтүстік Корея жағында Қытай араласты. 26 қарашада танкілер меғ самолеттер қолдаған Қытай «еріктілері» шабуылға шығып американдықтарды шегінуге мәжбүр етті, майдан демаркациялық шептің оң жағына қарай тұрақтанды. Генерал Макартур қақтығыстың масштабын кеңейтуді, яғни Солтүстік-Шығыс Қытайды бомбылауды және оның жағалауына блокада орнатуды ұсынды. Алайда Трумэнге бұл жағдайда осы уақытқа дейін Кореяға ұшқыштарын жіберіп қана отырған КСРО-ның ашық араласатыны және соғыс аймақтық шеңберден шығатыны айкын еді. Сондықтан Макартур жоспары қабылданбады, ол жұмыстан шығарылды.

 

1951 жылы қаңтарда майдан демаркациялық шепте тоқтады, ал маусымда КСРО-ның инициативасымен мәмілеге келу туралы келіссөз басталды. Келіссөз американ президенті ауысқан соң (1953 жылы қаңтарда АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэр болды) және И.В.Сталин қайтыс болған соң аяқталды. Екі жақ соғысқа дейінгі шекараны қалпына келтіруге ризашылық білдірді. Корея Германия сияқты бөлшектенді.