Курсовая работа: Англия дипломатиясы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Международные отношения
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
32

Жоспар

Кіріспе. 3

1.  Англияның дипломатиялық қызметінің даму тенденциясы.. 6

1.1. Англиядағы дипломатиялық қызметтің пайда болуы және дамуы.. 6

1.2. Джордж Каннинг – саяси қайраткер. 10

1.3 Форин офис құрылымы және қызметі 12

2. Англияның дипломатиялық қызметінің және сыртқы саясатының  жүйесі 19

2.1. Қазіргі уақыттағы Англияның дипломатиялық қызметінің ерекшеліктері 19

Форин офис мекемесі 21

2.2. Дипломатиялық кадрлар дайындау, іріктеу және оларға қойылатын талаптар  22

Қорытынды.. 28

Қосымшалар. 29

Пайдаланылған әдебиеттер: 31

 

1.1. Англиядағы дипломатиялық қызметтің пайда болуы және дамуы

   Британ корольдігі ең бірінші болып, дипломатия тарихында жаңа бетті аша отырып дипломатиялық өкілдерді шетелге жіберген. Нидерланд және Даниядан кейін Ұлыбритания үшінші кезекте шетел дипломаттарының иммунитеттерін мойындап, дипломатиялық құқықтың қалыптасуына өзіндік үлек қосты.

 

    Ерте кезден, XVI-XVII ғасырларда, Ұлыбританияда сыртқы байланыстармен айналысатын жеке кәсіби мемлекеттік қызмет сферасы қалыптаса бастайды.

 

   Англияның дипломатиялық қызметінің тарихы терең тарих қойнауымен астасып жатыр. Дипломатиялық қызмет мекемелерінің, олардың бастапқы құрылғанынан бері, әсіресе, корольдік билікке байланысты болды. 1377 жылы монарх өзге де істермен қатар сыртқы істермен айналысу үшін хатшы қызметін тағайындайды. Ал 1540 жылы VIII Генрих Тюдор ерекше дипломатиялық істерді атқаратын 2 хатшы тағайындайды [1,с.21].

 

    Ғасыр өткеннен кейін хатшылардың қызметі, қандай мемлекетпен қарым-қатынасқа түсу қажеттігіне байланысты кеңейе түседі. 1660 жылдан бастап хатшыларға ресми атақ берілетін болады. Оның біреуіне мемлекеттік хатшы болып, Солтүстік департамент (герман мемлекеттерімен қатынас, Нидерланд, Солтүстік Еуропаның бірқатар елдері және Ресей қоса есептегенде) істері бойынша қызмет атқаратын болса, келесі хатшы – мемлекеттік хатшы болып Оңтүстік департамент (батыс Еуропаның католиктік елдері, Швейцария, Осман империясы және өзге де елдер) істері бойынша қызметке тағайындалды. Әлбетте, хатшылардың  орынбасарлары мен кішігірім шенеуніктер аппараты құрылады. Бұл жылдардағы кадрлардың кәсіби біліктілігі туралы сөз қозғауға тура келмейді, өйткені дипломатиялық қызметке іскер қабілеттеріне қарап емес, корольдің айтуымен тағайындалатын.

 

  Осындай жағдай III Вильгельм (1689-1702жж.) билік еткен тұсқа дейін жалғасты [1,с.21-22]. Әсіресе,  III Вильгельм кезінде жұмыс атқару формасы бар және кәсіби  дипломатиялық аппараттың негізі қаланды. Дипломатиялық қызметке тағайындау кезеңінде Лондонда және шетелде де король претенденттердің (осы себепке байланысты қызметке көбіне дипломатиялық қызметте тәжірибесі бар Голландықтар қабылданған) халықаралық тәжірибе, білім, іскерлік қабілеттерін ескерді. Лондондағы мемлекеттік департаменттер мен шетел өкілдіктерімен хат алмасу жолға қойылып, ең бірінші оны түсіну және қарастыру басталады. Дипломатиялық мәселелерді шешуге лордтар палатасы да қосылып 1688 жылғы «ұлы революциядан» кейін  бюджеттік сұрақтарды шешуге құқық алған олар, сыртқы істер акцияларында қарайтын болды [1,с.22]. III Вильгельмнің белсенді сыртқы саясаты мен дипломатиясы аз уақыт көлемінде Ұлыбританияның жетекші ұлы державалардың қатарына қосылуына ықпал етіп, дипломатиялық аппараттың модернизациялауына серпін берді.

 

   Ағылшын дипломатиялық және консулдық қызметінің дамуы 1303 жылғы Көпестік хартиядан (Carta mercatoria), I Эдуардтың билік еткен соңғы жылдарында бастау алады [2,с.137]. Осы хартия бойынша Лондонда орналасқан резиденцияда, отандық және шетелдік көпестер арасындағы даулы мәселелер шешетін сауда істері бойынша сот төрешісі (Justiciarius mercatoribus) тағайындалатын болған. IV Генрих 1404 жылғы Вестминстерлік хартия бойынша ганзей қалаларында орналасқан ағылшын көпестеріне, өз араларында корольдің атымен үкім шығаратын сауда ісі жөніндегі басшыларды (Gubernatores mercatorum) сайлауға  құқық берді. 1406 жылы бұл артықшылық Нидерландыдағы және 1408 жылы Скандинавиядағы елдерге де таралды. 1485 жылы III Ричард өзге елдердің тәжірибесіне сүйене отырып Пизада консулды тағайындайды. Оның есімі, Лоренцо Строцци болды [2,с.138].

2.1. Қазіргі уақыттағы Англияның дипломатиялық қызметінің ерекшеліктері

 

Британ дипломатиялық қызметі немесе «Ұлы мәртебелімнің дипломатиялық қызметі», үкіметтің сыртқы саяси істерін дайындауда,  дипломатиялық бағытты белгілеуде монопольды позицияны иеленеді [1,с.26-27]. Парламенттік сайлауда жеңген жаңа үкімет құрылуын аяқталғаннан кейін Ұлыбританияның орталық дипломатиялқ мекемесінде бірнеше ғана саяси басшылар тағайындалады. Алдыңғы аппарат өз орнында қалады. Жаңа үкімет пен қызметін аяқтаған басшылықтың арасында сыртқы саяси бағытта қаншама айырмашылықтар мен дипломатиялық көзқарастарында өзгешеліктер болғанымен, сайланған саяси жетекшілер мекеменің алдыңғы құрамын өзгертпейді. Дипломатиялық қызметті осындай ұйымдастыру әлемдік тәжірибеде аналогы жоқ болып табылады. Осы себептен де осындай формадағы ұйымдастыру шетел дипломатттарының  таңғалушылық пен түсінбеушілігін тудырады. Куәлардың айтуы бойынша, 1945 жылы болған Постдам конференциясында кеңестік те, американдық та делегация  1945 жылы 26  шілдеде парламенттік сайлауда жеңіске жеткен лейбористік партияның жетекшісі премьер-министр К.Эттли мен сыртқы істер министрі Э.Бевин конференцияға өздерінің алдындағы консерваторлар У.Черчиль мен Э.Иденнің тұсындағы кеңесшілер, көмекшілер мен эксперттердің бірге келгеніне таңданысып қараған [8,с.486]. 

Қазіргі уақытта британ дипломатиялық қызметінің өзіндік ерекшеліктері, стилі қалыптасқан бар:

 

  1. дипломатиялық аппарат өкілдері және басқа мекемелердің мамандарымен мәселені жан-жақты қарастыру;
  2. қоғамнан және бұқаралық ақпарат құралдарынан (БАҚ) белгілі мерзімге дейінгі тұйықталу;
  3. сұрақтарды шешуде компромисс ізеп, ал қорытынды шешімді қабылдағанда консенсус негізінде қабылдау қарастырылған.

 

Ұлыбританияның шетел 182 мемлекетте 300-ден аса дипломатиялық және консулдық мекемелері бар. Орталық аппаратта (Форин офис) және шетел дипломатиялық өкілдіктерінде (елшіліктер, консулдықтар, халықаралық ұйымдар аясындағы тұрақты миссиялар) дипломатиялық сипаттағы жұмыс орындарға  «Ұлы Мәртебелімнің дипломатиялық қызметіндегі» қызметкерлер тағайындалады [1,с.27].

 

Шетелдердегі Форин офистің және дипломатиялық пен консулдық өкілдіктеріндегі штаттық тізімі – 6 мың адамды құрады (оның 3,5 мың – кадрлық дипломатиялық қызметтің қатардағы қызметкерлері, ал қалғандары – конкурссыз жұмысқа орналасатын, дипломатиялық қызметтегі административтік қызметкерлер). Сонымен қатар, британ елшіліктерінде жанама қызметте контракт бойынша 705 мың шетел азаматтары жұмыс атқарады. Жоғарыда атап өткендей, Ұлыбританияда 300-ден аса дипломатиялық және консулдық өкілдіктер бар. Бұл көрсеткіш өз кезегінде Германия, Франция және Италиямен салыстырсақ британдықтарда персонал саны 2 есе аз. «Ұлы Мәртебелімнің дипломатиялық қызметі» негізі халықаралық ұйымдар аясында Лондонда он сегіз тұрақты өкілдіктің қызметін, сонымен бірге тәуелді территориялардағы (барлығы 13 территория) саяси бағыттың жұмысын қамтамасыз етеді [1,с.27].

 

Әлемдік сахнада халықаралық ұйымдардың көбеюі британ дипломатиялық аппаратының «модернизациялану» процесіне  басты фактор болды. Басшылықтың ықпалымен Форин офистің құрылымы біршама өзгертілді. Қазіргі таңда Ұлыбритания халықаралық ұйымдарда халықаралық келіссөздерді жүргізудегі дипломаттарының кәсіби шеберлігінің арқасында белсенді әрекет етеді.  Форин офис шетелдерге әскери программа құруда көмек көрсетеді, сонымен қатар шетелге әскери мамандар дайындауға қатысады. Әскери мекемелердің ықпалы дипломатиялық аппаратқа да, ағылшын дипломаттарының қызметтеріне де тиеді. Өйткені Форин офистің басшылық құрамының жартысынан көбі әскери институттардан сынақтан өткен. Имперлік әскери колледждегі 1 жылдық оқу қызметтік жоғарылаудың бірден-бір жолы және ол үш-төрт жыл уақыт алатын сынақтан өтуге балама жол болып табылады. Сонымен бірге, осындай сынақтан кейін дипломаттарды барынша жауапкершілігі жоғарғы лауазымға тағайындайды.

 

Британ дипломатиялық қызметінің БҰҰ-на назары, Ұлыбританияның Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүше болғандығымен түсіндіріледі. Ұлыбритания бейбітшілікті сақтау, нығайту іс-шараларына белсене қатысады және БҰҰ-ның шеңберінде өтетін жаһандық және аймақтық мәселелерді шешуде қызығушылық білдіреді. БҰҰ-дағы британ дипломатиясының қызметі БҰҰ-ның мамандандырылған бағыты мен бірнеше секторы бойынша Форин офистің БҰҰ департаментімен атқарылады. Департаменттің қызметкерлері ретінде халықаралық ұйымдарда қызмет атқарған біліктілігі мен тәжірибесі бар тұлғалар тағайындалады. 70-жылдардың соңында және 80 жылдары оның қызметкерлері Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметінің механизмін  жетілдіруде бірқатар ұсыныстар жасаған болатын [7,с.159].  Мысалға, қарулы қақтығыстардың алғышарттарын болдырмау шаралары, Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері мен сыртқы істер министрлері арасындағы консультацияны қарастыру. Тұрақты жұмыс істейтін «әлемнің ең қауіпті нүктелерінде» болған  «БҰҰ-ның  елшілері» институтын құру проектісін айта кеткен жөн [7,с.159-160]. ...

 

Қосымшалар

Форин офистің белгісі (ені)