Доклад/Баяндама: Құқыққорғау қызметіндегі адамгершілік шиеліністер


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Заңгер этикасы
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
17

<...> Мұндай  жағдайларда  адамның  санасында  моральдық  құндылықтардың  əртүрлі  жүйелері  бір мезетте шиелініске түседі. Бұл көзқарас тұрғысынан аталған шиеліністі ішкі деп те атауға болады.

Алайда,  ішкі  шиеліністің  ерекшелігі  мынада — оған  тұлға  өзі  дұрыс  деп  санайтын құндылықтардың,  нормалардың  күресі  тəн.  Ал  сыртқы  шиелініске  өзінің  көзқарастарына  қайшы сенімдердің, көзқарастардың, құндылықтардың, идеялардың дұрыстығын жоққа шығару тəн. Бөтен салада  жасырын  жүрген  қызметкер  осы  салада  үстемдік  құрған  моральдық  құндылықтарға қатысты өзінің шиеліністі қарымқатынасын жасыруға мəжбүр болады. Мұндай жағдай моральдық таңдаудан емес, жеделіздестіру қызметінің ерекшеліктерінен туындайды. Сол себепті де, мұндай шиеліністі сыртқы шиеліністің жасырын нысаны деп атауға болады.

 

<...> “Адамгершілік  рұқсат  етілген”  жəне “адамгершілік  ақталған”  түсініктері  бір  қарағанда  ұқсас түсініктер  сияқты,  бұл  негізсіз  де  емес,  себебі,  көп  жағдайда  адамгершілік  ақталған  түсінігіне адамгершілік  рұқсат  етілген  əрекеттердің  түсінігі  еніп  кетеді.  Алайда,  олардың  арасында айырмашылықтар  да  бар,  оларды  адамгершілік  рұқсат  етілген  əрекеттердің  мазмұнын  ашу арқылы байқауға болады, оның негізі мынада: адамгершілік ақтаушылықтың субъективтік сипаты əлдеқайда ауқымдырақ. Оған сəйкес, адамның жасауға мəжбүр болған, нормалардың шегінен тыс шығып кеткен, моральға қайшы əрекеттері мен жүрістұрыстарын ақтауға болады. Бұл көзқарасқа сəйкес,  мысалы,  қарсы  жақты  теріс  ақпараттандыру  адамгершілік  емес  сипатта  деп танылғанымен,  ол  негізді  болып  табылады  жəне  оны  ақтауға  болады.  Дəл  осы  сияқты, ...

 

<...>Этикада жауапкершілік шегі мəселесіне қатысты екі қарамақайшы бағыт бар. Олардың біріншісі — фаталистік позиция — адамның жүрістұрысының жоғарыдан анықталып қойғандығы, яғни, оның таңдау еркіндігі болмағаны жөнінде айтады. Ал егер адам таңдай алмаса, онда өз əрекеттері үшін жауапкершілікке  де  тартылмауы  тиіс.  Келесі  бағыт — волюнтаристік  позиция — адамның  іс жүзіндегі жауапкершіліксіздігі туралы айтады, себебі, біріншіден, адам толығымен еркін болса, оны ешкім  жауапкершілікке  тарта  алмайды,ал  екіншіден,  адам  əлемде  болып  жатқан  барлық құбылыстар үшін жауап беруі тиіс, яғни, нақты бір нəрсе үшін жауап бермейді.