... Поляк зерттеушісі Е.Вятр саяси сана социологиясын үш проблемалық салаға бөлді: саяси позициялар, қоғамдық пікір және идеология. “Бұл проблемалардың бәрін, олардың саяси қатынастарының объектісі болып табылатын жеке даралық немесе ұжымдық санаға жататындығы біріктіреді, онысымен қоғамдық пікірдің бірден бірнеше тәуелділіктері анықталады. Біріншісі - тік күйінде. Қоғамдық пікір саяси сананың құрамы болып табылады. Қоғамдық пікір феноменінің әрекет ету аумағы саяси санада жұмылдырылған.
Қарапайым және теориялық сана факторы қоғамдық пікірдің қызмет етуінің ұйымдаспаған және ұйымдасқан, динамикалық және статикалық бастамасын анықтайды. Қарапайым сана адамдардың ағымдағы оқиғалар мен құбылыстарға көзқарасын білдіреді. Қоғамның өмір сүру саласының жағдайлары қаншалықты әр түрлі бейнеде болуы мүмкін болса, дерлік соншалықты қарапайым сана әр түрлі бейнеде болады. Ол адамның ойлау, бақылау, толғану, т.б. қасиеттеріне мүмкіндік болғанша болмыстың бүкіл жай-күйін көрсетуге тырысады.
Теориялық сана қарапайым сана сияқты мобильді болуы мүмкін емес, өйткені күнделікті эмпирикаға теориялық сипат беруін байыту процесі әлеуметтік субъектілердің күнделікті рефлекстік әрекетіне қажетті уақытына қарағанда өте көп уақыт алады. Осыған орай теориялық білім қоғамдық сананы тұрақтандырады, қарапайым санамен туындайтын қайшылықты төмендетеді.
Қоғамдық пікір мен қоғамдық сананың бірнеше ерекшеліктері көрсетілген.
Біріншіден, қоғамдық сана жетілген мағынасында болады. Қоғамдық пікір болса, нақты көрініске ие (баспасөзде, теледидарда, шерулерде, т.б.) әлеуметтік құбылыс ретінде жіктелінеді.
Екіншіден, бұл құбылыстарда оларды білдіретін субъектілердің айырмашылықтары көрінеді: “қоғамдық сана ұғымы қандай бір абсолюттік субъектті меңзесе, қоғамдық пікір де нақты сол эмпирикалық белгіленетін субъектілермен байланысты”.
Үшіншіден, қоғамдық пікір деп қоғамдық сананың күйі ғана емес, сонымен қоса қоғамдық сананың ең қозғалғыш және серпінді бөлігі деп аталады, ал олардың тербелуін кейде алдын ала сезу мүмкін емес. Өз жұмысында қоғамдық пікірді қоғамдық сананың қазіргі кездегі өзекті әлеуметтік және саяси процестерге үн қосатын бөлігі дейді. ...