Доклад/Баяндама: Ғылым социологиясы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
9

... Ғылым социологиясы - социологиялық білімнің жаңа саласы. Ол ғылымтанудың бір тармағы болып шықты, бірақ қоғам дамуының кезеңінде басқа ғылыми пәндермен - тарих және философия ғылымымен, экономика және ғылыми іс әрекет ұйымдарымен өзара тығыз байланыстылығын жалғастырып келеді. Сонымен қатар, ғылым социологиясы ғылым саласындағы адам санасының және іс-әрекетінің әлеуметтік құрамдас бөлігін анықтауды өзінің міндеті етіп санайтын білім беру социологиясының міндетіне қатысты барлық сұрақтарды жиі қамтитын болды. Ғылым социологиясы - өндірістің маманданған формасын, білімнің жинақталуы мен қолданылуын, яғни ғылымның өзіндік ерекшелігі бар әлеуметтік институт ретінде қалыптасуын реттейтін социологияның бір саласы. Ғылым социологиясының пәнін жасауға қатысатын ұжымдар мен индивидтер интеграциясына, яғни ғылыми қоғамның қалыптасуына, оларды материалдық өндірістік жүйеге енгізудің түрлі формаларын, білім мен әлеуметтік басқаруды, еңбек бөлінісі мен іс-әрекетпен алмасуды, олармен реттеуші қызметтің орындалуын қамтамасыз ететін әр түрлі механизмдер мен процестер жатады. Осыған орай, ғылым социологиясы өзінің назарын төмендегілерге аударады:

 

- біріншіден қоғам мен ғылымның өзара қатынастары қалай жасалады;

 

- екіншіден қоғамның тиімді қалыптасуы үшін ғылыми ұйымдардың әлеуметтік мәселелері мен оның қызметтерінің қандай мәні бар;

 

- үшіншіден, ғылым адамдары өздерін қалай көрсетеді, қазіргі қоғамда олар өздерінің орындарын, рөлі мен жауапкершіліктерін қалай сезінеді.

 

Ғылым социологиясы, сонымен бірге мынадай мәселелермен айналысады: ғылымның құрылымы, басқару мен білім дамуындағы ғылымның рөлі, ғылымның басқа әлеуметтік институттармен өзара әрекеттесуіндегі мәселелер, мәселен, экономикамен, саясатпен, мәдениетпен, экологиямен, т.б.; ғылымдағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің ара-қатынасы; ғылым социологиясының өзінің тарихы, ғылым социологиясы саласындағы әр түрлі теориялық тұжырымдамаларды, әсіресе қазіргілерін зерттеу; ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жобалау, т.б.

 

Ғылым социологиясы алғаш рет ХІХ ғасырда М.Вебердің еңбегінде анықталған. “Білім социологиясы” теориясының іргелі негізін ХХ ғасырдың басында К.Мангейм жасаған. Ғылым социологиясының дамуындағы өрлеу 1930-жылдары Роберт Мертонның “ХVІІ ғасырда Англиядағы ғылым, білім, қоғам” атты еңбегінде іске асырылған. П.Сорокин мен Т.Парсонс ғылымды қоғамның құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Ғылым социологиясының когнитивті (танымдық) тұжырымдамасын М.Малкей мен Д.Блур ұсынды. Олар ғылымның танымдық жағын әлеуметтілікке тәуелді етіп қойды. Ғылым толығымен ғылыми іс-әрекеттің субъектісіне тәуелді қойылған. Ғылым социологиясының когнитивті мектебі өзінің көптеген жақтастарын АҚШ пен Еуропада тапты. Осы мектептің негізінде ғылымды әлеуметтік конструкция ретінде қарастыратын “конструктивистік бағдарлама” (К.Кнорр - цетипа), релятивистік бағдарлама (У.Коллинс), этнометодологиялық бағдарлама (Г.Гарфинкель, С.Уолгар) қалыптасты. Ғылым социологиясы Еуропада американдық мектептің өте зор ықпалымен дамуда. ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылым социологиясының мәселелері Ұлыбритания, Голландия, Франция, Скандинавия елдерінде қарқынды дамыды. ХХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап ғылым социологиясы КСРО-да қалыптаса бастады. Әлеуметтік мәні бар ғылымның мәселелерімен айналысқан ірі ғалымдар: С.Ф.Ольденбург, И.А. Боригевский, В.И. Вернадский, Ю.А. Филипченко, С.Г.Струмилин т.б. 60-жылдары ғылым социологиясы бойынша арнайы еңбектер пайда болды. Мұндай еңбектің авторлары: Г.Н. Волков, Г.М.Добров, А.А. Зворыкин, С.Р.Микулинский, В.Ж.Келле, И.В.Блауберг, Г.Г.Юдин, В.П.Садовский т.б.  ...