Доклад/Баяндама: Азаматтық қоғам және оның институттары


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
8

... Азаматтық қоғам және мемлекет мәселелерін қазіргі заманғы оқытылуына тікелей әсер еткен идеялар Г.Гегель тарапынан ұсынылған еді. Гегель бойынша азаматтық қоғам - олардың әрекеттесуі құқықпен реттелетін жеке тұлғалар, таптар, түрлі топтар мен институттар мүдделерінің күрделі сәйкестенуін білдіретін азаматтардың жеке өмір сүру саласы. Азаматтық қоғам мемлекет дамуының кезеңі болғанымен, оған тікелей тәуелді емес. Азаматтық қоғамның тамыры жеке меншікті, мүдделер қауымдастығын және азаматтарды формальді (яғни заңмен қарастырылған) теңдігін қалыптастырады. Мемлекет пен азаматтық қоғамның диалектикалық бірлігінің негізі - қоғамның жоғары деңгейде жіктелген әлеуметтік құрылымы.

 

Азаматтық қоғамды мемлекет анықтамайды керісінше мемлекетті азаматтық қоғам анықтайды. Және мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қатынас көпшілік алдындағы билік пен жеке дара бостандық арасындағы қатынас тәрізді.

 

Қазіргі заманғы отандық ғалымдардың азаматтық қоғамға деген көзқарастары негізгі екі ұстанымға келіп тіреледі.

 

Олардың бірінің айтуынша бұл қоғам, еркін нарық және демократия жолында құрылуға міндетті. Олардың түсіндіруінше бұл - түрлі жеке мүдделер мен адамдар талабын білдіретін және олардың іске асырылуына жағдай жасайтын жеке және мемлекеттен тәуелсіз қоғамдық институттардың, ұйымдар мен бірлестіктердің жүйесі.

 

Екінші позицияға сәйкес “азаматтық қоғам” категориясы дегенде ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басындағы өндірістік қатынастар мен саяси төңкерістер пайда болған қазіргі заманғы қоғамдардың түрлері айтылады. Бұл жерде азаматтық қоғам адамдардың қазіргі заманғы өнеркәсіп өркениеттері шеңберінде араласу формасы ретінде немесе жеке, мемлекетке тәуелді емес күнкөріс көздеріне ие әлеуметтік таптар мен топтардан пайда болған қоғам жағдайы ретінде түсіндіріледі.

 

Азаматтық қоғамда еркіндік пен бостандыққа баса назар аудару, батыстық саяси ғылымдағы либералды-демократиялық дәстүрге тән. Либералдық демократия көзқарасы тұрғысынан азаматтық қоғамның мәні индивид пен мемлекет арасындағы бірқатар қорғаушы құрылымдардың жасалуында болды. Сөйтіп, сырттан кедергі жасаудан бостандық қамтамасыз етіледі, яғни бостандық “не үшін” емес “неден” деген мағынада (жағымсыз либералдық көзқарас) ол қалайша және ненің арқасында іске асырылуы мүмкін екені көрсетілмейді.

 

Азаматтық қоғам дегенде жалпы мемлекетке тәуелді емес және онымен қатарласа өмір сүретін түрлі әлеуметтік топтардан, қозғалыстардан, бірлестіктерден, мәдени, ұлттық, аумақтық және басқа қауымдастықтардан құралған жеке тұлғаның көп бейнедегі мүдделерін білдіру формасы ретінде қызмет атқарушы қоғамның ерекше саласы түсіндіріледі.

 

Азаматтық қоғамды адамдар бір-біріне және мемлекетке тәуелді емес ретіндегі индивидтердің әрекеттесуінің өзіндік бір әлеуметтік кеңістігі түрінде көзге елестетуге болады.

 

Саяси социология азаматтық қоғамның құрылымына назар аудара отырып, оның екі жақты табиғатын ашады: идеалды және нақтылы, материалды және рухани т.б. дамудың полярлық бағыттарының болуы.

 

Азаматтық қоғамның құндылығы мен маңыздылығы оның қызметтерінен көрінеді:

 

Интегративті қызмет. Азаматтық қоғам адамдарды топтар мен қауымдастықтарға еркіндік және еріктілік принципі бойынша біріктіреді. Бұл қызмет түрлі күштердің күресуінің деструктивті мүмкіндігін тоқтатуға, оларды дұрыс жолға бағыттауға шамасы жететін нормалар мен шекараларды анықтайды.

 

Инструментальдық қызмет (ұжымдық түрде мақсатқа қол жеткізу).

 

Дистрибутивтік қызмет (марапаттарды, рөлдерді бөліп беру).

 

Ұдайы өсіру қызметі (әлеуметтік өмірдің ұдайы өркендеуін қамтамасыз ету).

 

Реттеуші қызметі (реттеу, адамдар іс-қимылын нормалар мен шектеулер жүйесі арқылы бақылау). Қоғамның өзі мемлекеттен тәуелсіз және оның көмегімен жеке индивидті жалпы қалыптасқан нормаларды сақтауға мәжбүрлей алатын құралдары мен шектеулері бар.

 

Коммуникативтік (өзара түсінісуге, қарама-қайшы және түрлі бағыттағы мүдделердің және ұмтылыстардың, индивидтердің, топтардың, ассоциациялардың, қозғалыстардың т.б. арасында пәтуаға қол жеткізу) қызмет.

 

Халықтың саяси мәдениетінің дамуы нәтижесінде азаматтық қоғамның саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құраладары, бұқаралық әлеуметтік қозғалыстар, ассоциациялар және басқалар сияқты институттары мемлекеттік құрылымдар секілді үйреншікті құбылысқа айналуда. ...