Доклад/Баяндама: Кəсіби борыш жəне абырой


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Заңгер этикасы
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
11

<...>Құқыққорғау органдары қызметкерінің борышы — тұлғаны, қоғамды жəне мемлекетті қорғаудың объективтік  қажеттіктерінен  туындайтын,  мемлекеттікқұқықтық  талаптармен  жəне  адамгершілік ішкі сезімдермен толықтырылатын ерекше міндет.

Негізгі  тілек  пен  борыштың  сəйкес  келуі  адамгершілік  үшін  ерекше  бір  мəселе.  Борыш  пен тілектің  объективтік  талаптарының  сəйкес  келуін   түрлі  ғалымдар  түрліше  түсіндіреді.  Кейбір ғалымдардың  ойынша,  міндетті  нəрсе  мен  қалаулы  нəрсенің  арасында  ешқандай қарамақайшылықтар  жоқ.  Алайда,  кезкелген  адам  эмпирикалық  жол  арқылы  басқаша қорытындыға  келе  алады.  Əрине,  қоғамдық  міндеттілікті  өзіндік  талап  ретінде  түсіну  міндеттілік пен  қалаушылықтың  арасын  біршама  қысқартады.  Мұндай  жақындастыққа  күмəн  жоқ,  бірақ,  ол ешқашан абсолюттік сипатқа ие бола алмайды жəне міндеттілік пен қалаушылықтың арасындағы белгілі бір қарамақайшылықтарды жоя алмайды.

 

<...> Абырой категориясының тағы да бір құрамдас бөлігі — өз сөзінде тұру. Сөзінде тұратын адам!

Бұл — адамның  маңызды  қасиеті,  тіпті,  оны  кейде  абырой  түсінігімен  теңестіріп  жатады.  Сөз бердің бе — сөзіңде тұр,  уəде бердің бе — орында.  Əйтпесе,  адамдар сені сыйлаудан қалады жəне  өтірікші,  бос  сөздің  адамы  деген  атқа  қаласың.  Құқыққорғау  органдары  қызметкерлерінің абыройын құртатын басты кемшілік — айтқан  сөзінде  тұрмау.  Ақыр аяғында мұндай қызметкер беделінен айырылады.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, абырой категориясы құқыққорғау органдары қызметкерлерінің адамгершілік мəдениетінің ішіндегі ең маңыздыларының бірі Абыройды қадірлеу, бағалау — бұл борыш əрі күнделікті міндет.