Доклад/Баяндама: Вильфредо Парето


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
17

Вильфредо Парето (Wіlfredo Pareto) (1848 - 1923) - итальян экономисі, социолог. 1848 жылы 15 шілдеде Парижде өзінің либералдық және республикалық көзқарастары үшін Генуядан кетуге мәжбүр болған итальян маркизінің отбасында туған. 1858 жылы Паретоның отбасы Италияға оралады. Мұнда ол классикалық гуманитарлық және техникалық білім алады. Туринде политехникалық мектепті бітірген соң 1869 жылы “Қатты денелердегі тепе-теңдіктің іргелі принциптері” деген тақырыпта диссертациясын қорғайды. Тепе-теңдік түсінігі оның бұдан кейінгі экономикалық және социологиялық еңбектерінде маңызды орын алатынын ескерер болсақ, бұл тақырып нысана ретінде қабылданды. Бірнеше жылдар бойы ол темір жол мекемесі мен металлургиялық компанияда маңызды қызметтер атқарды. 90-жылдары ол саясатқа араласуға талпынас жасайды, бірақ онысы сәтсіз болады. Осы кезде ол публицистика және классикалық мәтіндерді оқумен және аударумен айналысады. 90-жылдардың бірінші жартысында Парето экономикалық теория және математикалық экономика саласынан бірқатар зерттеулер шығарады. 1893 жылдан өмірінің соңына дейін ол Швейцарияда Лозанна университетінде атақты экономист Леон Вальрасты алмастырып, саяси экономия профессоры болды. Парето өмірінің соңғы жылында Италияда фашистік режим орнайды.  ...

 

...

 

Адамдар өздерінің логикалық емес әрекеттерін логикалық деп көрсететін теориялар тұрақты және өзгермелі элементтерден тұрады. Парето біріншісін әлеуметтік ғылым үшін оғаштау “тұнба” (итал. “resіduo”, франц. “resіdu”) терминімен, ал екіншісін “туынды” (“деривация”) терминімен атайды. Ол өзінің “Трактатында” “тұнба” мен “туындыға” көп тоқталып, бұл құбылыстарға үлкен маңыз беретінін көрсетеді.

 

Парето пайдаланған терминдерге нақты анықтама беруге талаптанса да, оның еңбегінде “тұнба” терминіне анықтама берілмейді. Бұл термин химиялық немесе геологиялық ұқсастық береді, бірақ Парето оның этимологиялық және кәдімгі мағынасынан алшақтауға шақырады. Логикалық емес бола тұра, тұнбалар адамның негізгі сезімдері мен түйсіктерінің көрінісі болып табылады. Сонымен бірге Парето тұнбаларды сезіммен және түйсікпен араластыруға болмайды, өйткені олар “теорияның” элементтері (неғұрлым тұрақты, айнымас және әмбебап) болып табылады деп атап көрсетті. “Термометрдегі” сынаптың көтерілуі температураның жоғарылауымен түсіндірілсе, сол сияқты тұнба да осы сезімдер мен түйсіктердің көрінісін білдіреді. Тек, қысқартып айтатын болсақ, тұнба тәбет пен қызығушылықтан басқа әлеуметтік тепе-теңдіктің қалыптасуында маңызды орын алады. Сондай-ақ біз су 100 градуста қайнайды деп айтамыз”. Паретоның “тұнбалар жіктелімінің қолайсыз және бұлыңғыр сипаты бар екенін айта кету қажет. Жалпы, осы “тұнба” және “туынды” түсініктері мен оның жіктелімін әлеуметтік ғылымда оның авторынан басқа ешкім қолданбағаны таңдандырмайды. ...