Доклад/Баяндама: Гаэтано Моска


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
10

... Гаэтано Моска (Gaetano Mosca) (1858 - 1941) - итальян саясаттанушысы әрі социологы, саяси қайраткер, заңгер.

 

Моска “Элементтері” (1895) шыққан уақытта неоконтшылдардың Ф.Ницше мен А.Бергсонның идеялары кең танымал болып, итальяндық неогегельшілдер өз позицияларын нығайта бастағандығына қарамастан, позитивизм ықпалы әлі де сезіліп тұрған еді. Моска позитивзмге екі жақты көзқараста болды, өйткені осы мектептің кейбір өкілдерін сынай отырып, оның жалпы парадигмасына берілгендігін сақтап қалды.

 

Конттың ілімін қарастыра отырып, итальян социологы оның қолданатын теологиялық, метафизикалық және позитивті сатылар ұғымдарына қарсылық білдірген жоқ. Алайда ол осы сатылардың үшеуі де адамзат дамуының әрбір кезеңінде бірге өмір сүреді деп есептегенімен, бұл сатылардың біртіндеп ауысу заңымен келіспейтіндігін білдірді. Итальян социологының байқауы бойынша, “позитивті сатыдағы” адамның ғылыми білімі дінге деген қажеттілікті жоққа шығармайды, “ал ол әлсіреген жерде социал-демократияның бұрынғыдан да пасық ырымшылдығы мен метафизикалық сандырағы күшейді”. Ол тарихи деректермен бекітілген интеллектуалды үш саты мен бірін-бірі алмастыратын саяси ұйымдар формалары арасындағы Конт параллельдерін таба алмады, оның ішіндегі бірінішісі - балалық шақты, екіншісі - есею кезін, ал үшіншісі - адамзаттың жетілуін білдіреді....

 

...

 

Билік етуші тап дінмен қоса өз билігінде заңдық және моральдік тіректерді қажет етеді. Діни сезімдер “әулеттің ғасырлық берілгендігімен” “ұлттық сезімдермен” және т.б. біріккен кезде мемлекеттерде де бұл елдердің ұлттық және саяси ерекшеліктеріне жауап беретін әлемдік діндердің түрленімі ретінде өздерінің жеке діни конфессиялары қалыптаса бастайды. Әлемдік дінді уағыздаушы құдіретті шіркеу экспансиясына мемлекет қарсы тұра алуы үшін, үстемдік етуші тап бұқараның ұлттық және материалдық мүдделеріне арқа сүйеуі қажет. Егер де халықтың ұлттық сезімдері жеткілікті түрде күшті болмай, моральдік және интеллектуалдық күштер әлсіреп, ал саяси ұйымда үлкен кемшіліктер орын алатын болса, “онда мұндай мемлекет әлемдік дін мен дүниежүзілік саяси ілімнің қолындағы ойыншыққа айналуы мүмкін”.

 

Үстем тап пен басқарылатын көпшілік арасында белгілі бір бірлік болуы тиіс. Мәдениет, дін, білім саласындағы қоғамның төменгі және жоғары таптары арасындағы үлкен алшақтық, “заңды түрде билік етіп отырған таппен жиі бітіспестікке түсіп отыратын жарлы-жақыбайлар арасында жаңа саяси таптың қалыптасуына” алып келеді. Мұндай жаңа тап саяси билікке қол жеткізу үшін жаңа саяси формулаға арқа сүйеуге тырысып, қоғамның төменгі табының қолдауына ие болуға ұмтылады. Ал осы төменгі тап орнап отырған тәртіпке өшпенділікпен қараған таптың соңынан қуана еретін болады.

 

Материалдық күштермен қоса, саяси билік қоғамда орныққан адамдар өмірінің қағидалары мен нормаларына сүйенеді, алайда мораль мен құқық сияқты әлеуметтік реттегіштердің қызметі неге негізделген, олар қаншалықты тиімді және олардың шекарасы қандай? ...