Доклад/Баяндама: Герберт Спенсер


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
14

... Герберт Спенсер (1820 - 1903) - ағылшын философы, социологы, психологы және инженер, социологияның негізін қалаушылардың бірі, социологиялық эволюционизмнің классигі.

 

1820 жылы Англияның Дерби деген шағын қаласында мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келді. Денсаулығының әлсіздігінен 13 жасқа дейін мектепке бармаған. Әкесі мен ағасының көмегімен үйінде оқып, өмір бойы өздігінен білім алуға және өз күшіне сенуге машықтанған. Бұл, бір жағынан, тұжырымдарының өткірлігіне, ойларының ерекшелігіне оң ықпал етіп, осы үшін көзі тірісінде “ағылшын Аристотелі” деген атқа ие болса, екінші жағынан, дүниетанымының қалыптасуына тірек болған және өз бетінше игерген жаратылыстанудың ескі қағидаларынан аса қиындықпен бас тартуының салдары болды.

 

Спенсер өз өмірінің көп бөлігін түрлі академиялық және ресми қызметтерден бас тартқан тәуелсіз ғалым және публицист ретінде өткізеді. Еңбектер жазуға дейін ол темір жолда инженер-бақылаушы болып (1837 - 1846), “Экономист” журналының екінші редакторы (1848 жылдан бастап) болып қызмет атқарды, саяси өмірге араласуға тырысты. ...

 

...

 

Жоғарыда айтылғандардың бәрінен мынаны байқауға болады: кез келген эволюция материяны алдындағы тепе-теңдік, біртекті күйінен шығарып, әртекті бөлшектердің жиынтығына айналдырудан басталады. Алайда мынадай сұрақ тууы мүмкін: эволюция немен аяқталады және осы өзгерістер сайып келгенде қайда ұмтылады? Бұл сұрақтарды біз абстрактілі түрде қарастырсақ та, нақты мысалдарды зерттесек те, түпкі нәтижесі тепе-теңдік күйге қайта оралу болып шығатынына көз жеткіземіз. Агрегаттың прогрессивті өзгерістері бітіп, ол тепе-теңдікке жеткен кезде, бәрібір қоршаған орта ықпалында қала береді. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір оның бөлшектері босап шыққан қозғалыстан көбейіп, олардың арасындағы байланыс әлсірей түседі, бұл кері интеграцияға әкеледі. Барлық интеграцияланған қозғалыстардың соңы өлімге әкеледі. Агрегат бірыңғай тұтастық ретінде өмір сүруін тоқтатады.

 

Жаңадан өмірге келген жас ғылым, социолог - әсіресе, оның позитивистік түрінде - өз тәсілдерін басқа ғылыми пәндерден ала отырып, дамуға мәжбүр болды. Спенсердің заманында мұндай балама (альтернатива) механика немесе биология түрінде көрінді. Көптеген әлеуметтік философтар классикалық Ньютон механикасына ден қойды. Позитивизмнің негізгі қағидаларынан бас тартқан олар қоғамда табиғи күштер сияқты күштер мен соларға сәйкес заңдар (тартылыс күші, маятниктің тербелісі, т.б. заңдар) әрекет етуі тиіс деп есептеді. Басқалар болса, керісінше, өз назарын тірі табиғатқа аударып, тірі табиғаттың тіршілік ету мен даму заңдары әлеуметтік тәртіпке жақынырақ деп есептеді. Осы екінші тәсіл органикалық аналогия деген атауға ие болды.

 

Жалпы органикалық аналогияның талдау тәсілі ретінде әлеуметтік ғылымдарда өзінің ежелгі дәстүрлері бар. Ол Платонда да кездеседі. Аналогия бойынша жүргізілген кез келген ой-тұжырымның мәні мынада: қайсыбір объектіні қарастырудан алынған білім азырақ зерттелген, бірақ біріншісімен өзінің елеулі қасиеттерімен ұқсас басқа объектіге ауысады. Мұндай ой-тұжырымдар ғылыми болжамдардың басты қайнар көздерінің бірі болып табылады. Соның ішінде, зерттеушілер адам қауымдастықтарының басқа тірі организмдермен ұқсастықтарын белгілеп, осы ұқсастықтарды қолдануға тырысты. ...