Мәнжазба / Реферат: Педагогика тарихына кіріспе, мақсат, міндеті. Шетелдер мектебі мен педагогикасының тарихы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Педагогика
Тип работы:
Мәнжазба / Реферат
Количество страниц:
18

Жоспар

 

1. Пәнге кіріспе. Педагогика тарихының негізгі міндеттері 3

2 Алғашқы қоғамдағы тәрбие. 4

3. Құлдық қоғамдағы тәрбие және мектеп. 6

4.Феодалдық қоғамдағы тәрбие мен мектеп. 11

5 Қайта өрлеу дәуіріндегі мектеп және педагогикалық ойлар (ХІV - ХVІ ғасырлар). 16

Қосымша әдебиеттер. 18

 

1. Пәнге кіріспе. Педагогика тарихының негізгі міндеттері

...

 

Педагогика тарихы тәрбиенің, тәрбие мәселелерімен айналысатын мекемелердің және педагогикалық теориялардың дамуын зерттейді.

Тәрбие мәселелерін дұрыс шешу тәрбие және оқыту теориясы мен практикасының өткенде қалай дамығанын мұғалімнің білуін керек етеді. Өткен дәуірлерде алдыңғы қатарлы педагогтар мен көрнекті ойшылдар тәрбие мәселесінде көптеген бағалы педагогикалық идеяларды ұсынды. Оларды сын көзімен қарап зерттеу болашақ мұғалімдердің педагогтық дайындығын күшейтеді.

Педагогика тарихы мұғалімнің педагогикалық білімі мен шеберлігінің қалыптасуына әсер етеді, олардың тәрбие мәселелерін дұрыс шешуіне көмектеседі.

...

 

2 Алғашқы қоғамдағы тәрбие.

...

Тәрбие — адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде пайда болды. Қоғам дамуы¬ның алғашқы баскышы — рулық қоғамға дейін адамдар табиғаттың дайын заттарымен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зор болды. Ф. Энгельс «Мемлекеттің жеке меншіктің және отбасының шығуы» және «Маймылдың адамға айналуында еңбектің ролі» атты еңбектерінде адамның өзін жасаған енбек екенін дәлелдеді. Ол еңбек процесі еңбек құралын жасаудан басталады деп түсіндірді. Ал қарапайым еңбек кұралдарын жасау, оны пайдалануды меңгеру ересек адамдар тарапынан жастарды үйретуді, яғни тәрбиелеуді қажет етеді.

Ф. Энгельс алғашқы дәуірде балалар ортақ коғамдық болды, өйткені жеке отбасы болған жоқ деп көрсетті. Сондықтан балаларды тәрбиелеу де алғашқы қоғам мүшелерінің ұжымдық жұмысы болды.

...

3. Құлдық қоғамдағы тәрбие және мектеп.

...

Құл иеленушілердің жеті жасқа толған ер балалары мектепке оқуға алынды. Қыз балалар отбасында ғана тәрбиеленіп, ұй жұмыстарына үйретілді. Ер балалар 7-ден 13—14-жасқа дейін грам¬матист және кифарист мектептерінде оқыды. Бұл мектептерде ер балалар екеуін де бірдей қатарынан немесе әуелі грамматист, кейін кифарист мектебінде оқыды.

Афинада мектептерді жеке адамдар ашып, балаларды оқытқаны үшін ақы алатын болды. Грамматист мектебінде оқуға, жазуға және санауға үйретті. Кифарист мектебінде музыкаға, ән, тақпақ айтуға жаттықтырды. 13—14 жасында ер балалар палестра (күрес) мектебіне көшіріліп, онда 2—3 жыл дене шынықтыру жаттығуларының жүйесімен (жүгіру, секіру, күрес және найзаласу) таныстырылды, жүзуге үйретілді. Мектепте саяси және моральдық тақырыптарға әңгімелер өткізілді.

 

...

 

4.Феодалдық қоғамдағы тәрбие мен мектеп.

Әсіресе, грамматиканы оқуға көп көңіл бөлінді (латын тіліндегі грамматикалық формаларды жаттау, діни кітантарды талдау). Риториканың міндеті дінді уағыздауға даярлау болды. Диалектика окушыларды діни тақырыпта таласуға, діни қағидаларды қорғауға даярлады. Барлық оқытылатын пәндердің мазмұны діни сипатта берілді.

Феодалдардың балаларына берілетін тәрбие басқаша болды, феодал тәжірибелі әскер болуы, шаруалар көтерілісін қатан түрде басуы керек болды. Сондықтан олардың балаларын тәрбиелеуде әскери әрі дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінді: оның бағдарламасы «жеті серілік өнерді» қамтыды (атқа салт міну, жүгіру, қылыштасу, найзаласу, аң аулау, шахмат ойнау, өлең шығару), Окуға және жазуға үйрету міндетті деп есептелмеді.

...

5 Қайта өрлеу дәуіріндегі мектеп және педагогикалық ойлар (ХІV - ХVІ ғасырлар).

...

Гуманист педагогтар балаларға дене тәрбиесін, эстетикалық тәрбие, математика, астрономия, механика, жаратылыс ғылымдарын оқыту арқылы білім беруді талап етті. Олар баланы бағалауды жақтады. Бұл дәуірде қолөнершілер мен сауда қызметкерлерінің балалары үшін ашылған қала мектептерінде оқу ана тілінде жүргізілді. XVI ғасырда бастауыштан жоғары латын мектептері және орта мектептер ашыла бастады (коллегиум, гимназия). Бұл мектептердің оқу мерзімі 8—10 жыл болды, оларда тек үстем таптың балалары ғана оқыды. Кейбір діни ұйымдар балаларға жаппай бастауыш діни білім беруді жүзеге асырды (Чехия).

...

Қосымша әдебиеттер

 

1.    Иманбеков М.И. Педагогика тарихы. Қарағанды. 1992

2.    Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. А.,1984.

3.    Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы (Оқу құралы). Алматы: «Санат», 2001. –320 бет.

4.    Әбиев Ж. Педагогика тарихы: Оқу құралы. -Алматы: Дарын, 2006. 480 б

5.    Джуринский А.Н.. История педагогики древнего и средневекового мира: Учеб.пособие для высш. шк.-М.: Совершенство,1999.-207с.:ил.-(Высшее образование).

6.    Джуринский А.Н.. История педагогики: Учеб. Пособие.- М.:Гуманитар.изд.центр ВЛАДОС, 1999. -431 с.

7.    Очерки истории школы и педагогической мысли народов СССР с древнейших времён до конца XVII века. –М.; Педагогика, 1989.-479с.

8.    Джуринский А.Н..История педагогики:Учеб.пособие для студ.вузов, обучающихся по пед.спец./А.Н.Джуринский.-М.:ВЛАДОС, 2000.-431с.

9.    Очерки истории школы и педагогической мысли народов СССР. XVIII век – первая половина XIX века. –М.; Педагогика, 1973. –605с.

10.    Очерки истории школы и педагогической мысли народов СССР. КонецXIX века – начало XX века. – М.; Педагогика, 1991. –446с.

11.    Хрестоматия по зарубежной педагогике. /Сост. и авт. вводн. ст. А.И.Пискунов. –М.; Просвещение, 1981. –560с.

12.    История педагогики. Часть 1. От зарождения воспитания в первобытном обществе до середины XVII века. Учебное пособие для педагогических университетов. /Под ред. А.И.Пискунова. –М.; ТЦ «Сфера», 1997. –192с.