Доклад/Баяндама: Қарым-қатынастың онтогенезде дамуы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Психология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
8

... Адам аралық қатынас – қарапайым да күрделі мәселе. Қарым-қатынас психология ғылымының басты категориясының бірі болып табылады. Жеке тұлға дамуында қарым-қатынастың маңызы жоғары.

 

 Қарым-қатынас – адамдар арасында өзара білім, тәжірибе алмасу құралы болып та табылады. Адамдар басқа адамдармен қатынас жасау арқылы еңбек етіп, өзінің материалды және рухани қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағаттандырады. Өмірге келген алғашқы сәттерден бастап қарым-қатынас баланың психикалық дамуының негізгі факторы болып табылады. Бұл жайында психолог Л.С.Выготский «бала дамуы үлкендермен жасалған қарым-қатынас барысында орындалады»,- деген.

 

  Қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы. Қарым-қатынастың үш жағы бар: интерактивті, коммуникативті және перцептивті. Қарым-қатынас деңгейлері – мезо, макро, микро, стандартты, рухани, іскер т.б. Қарым-қатынас түрлері - әлеуметтік бағдарлаушы, жеке бастық бағдарлаушы, топтық, топаралық т.б.

 

Қарым-қатынас сферасы соңғы  жылдарда ғалымдар назарын ерекше аударуда. Қарым-қатынас табиғатын философ, социологтар: Б.Д.Парыгин, И.С.Кон; психолингвист А.А.Леонтьев; жас ерекшелік психологиясында М.И.Лисина, Я.Л.Коломинский зерттеп, қарастырды. Ал, қарым қатынастың педагогикалық аспектілерін Б.Ф.Ломов, В.А.Кан-Калик, Ш.А.Амонашвили, А.В.Мудрик өз еңбектерінде зерделеуге тырысқан.

 

Шет елдік, отандық  зерттеулер тек, қарым-қатынас барысында ғана баланың ішкі әрекетінің дамуы (А. В. Балбачан, Г. И. Капгель), эмоционалды жай – күйінің сферасы (А. И. Сорокина), баланың танымдық белсенділігі (Е. О. Смирнова), ерік - жігері (Г. И. Капчель, Е. О. Смирнова) өзіндік сана мен өзін бағалауы (Н. Н. Авдеева) т.с. жүзеге асыратынын көрсетті.

 

Адам өзінің пайда болу сәтінен бастап, белгілі бір тіршілік ортасында өзара әрекеттестікте болады: сол жерде ол дамиды, оқып, білім алады, аталған әлеуметтік ортасын жаңартып, өзгертеуге қабілеті бар қайталанбас тұлғалық сапаларды меңгереді.

 

Осы аталған тіршілік ету ортасы баланың психикалық дамуына әсер ететін параметрлер спектрін құрайды. Атап айтсақ: индивидтің өмір сүретін нақты ортасы, ол ауылдық жер немесе үлкенді-кішілі қала болуы ықтимал, сол жердегі тіршілік ету тәртібі, адамдардың қарым-қатынасы, салт-дәстүрлері.

 

Соңғы жылдары бала тәртібі,  мiнез-құлқының дамуына отбасындағы бөлме саны, бөлмедегі балаға арналған аймақтың болу, болмауы да әсер ететіндігі көрсетіліп жүр. Дәлірек айтсақ, бала ұзақ уақыт бойы өзіндік аймақсыз жағдайда, яғни аймақтық оқшаулануда болмаса, ол әлсіз, дәрменсіз күйде болғанға үйренеді, бұл құбылыс «үйретілген дәрменсіздік» нәтижесі деп аталады /1/.

 

Сонымен, нәресте туған сәтте, жаңа әлеуметтік, психикалық өлшемдерге тап болғанымен де, ол әлі де болса көпке дейін ментальды симбиозды күйде болады. Бұл туралы  Ж. Пиаже өзінің психика дамуының кезеңдік тұжырымдамасында, алғашында нәресте өзін ортамен біртұтас күйде сезінеді, бала өзінің дара, дербес тұлға екенін тек 2-3 жасқа толғанда түрлі әрекеттер орындап, өзіндік «Мен» бейнесін түсіне бастағанда ғана сезінеді деп көрсетеді /2/.

 

Ол «үлкен болуды» армандайды, арманын тез іске асырғысы келеді. Бірақ, баланың «үлкен болу» тілегі мен мүмкіндігі сай келмейді. Сондықтан, бала өзінің талап – тілегін үлкендерге қарсы кояды. Үлкендер рұқсат етпеген нәрсені әдейі жасап, өзінің үлкендігін, тәуелсіз екенін, күштілігін көрсеткісі келеді. ...