Доклад/Баяндама: Агрессия және агрессивті мінез-құлық


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Психология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
9

Агрессия және агрессивті  мінез-құлық

 

“Агрессия” ұғымы қазiргi таңда кең көлемде қолданылады, сондықтан оны жеке мәндерден шеттету керек.

 

Әр түрлi авторлар өздерiнiң жұмыстрында агрессия және агрессивтiлiктi әр түрлi анықтайды: адамның туылған кездегi “орналасқан территориясынан қорғану”(Лоренц ), үстемдiлiкке ұмтылу, жеке адамның қоршаған ортадағы жау адамдарына реакциясы (Хорни, Фромм). Агрессия және фрустрацияға байланысты теорияларда да кең көлемде қамтылады (Маллер, Дуб, Доллард).

 

Агрессивтiлiк мәселесi бүгiнгi психологияның маңызды мәселелерiнiң бiрi. Адам өмiрiнiң маңызды оқиғасы, адамдар тіпті басқа адамдардың өміріне зиян келтіріп отырады.

 

Неге адамдар қоршаған ортасына зардап шектiруге ұмтылады. Неге әке – шешелерi өз балалаларын ұрады? Өз- өзiн өлтiрген адам, қалай өзiне қол көтередi?

 

Агрессия туа берiлген, инстинктивтi феномен болып табылады ма деген сұраққа психолог, физиолог, этолог, философтардың түрлi көзқарастары бар.

 

Бүгiнгi күнгi агрессия теориялары, адамның агрессивтi мiнез- құлқының себебiн және механизмiн түрлiше түсiндiредi.

 

Бiреулерi агрессияны инстинктивтi құмарлықпен (З. Фрейд, К. Лоренц), басқалары агрессивтi мiнез- құлық фрустрацияға деген реакция ретiнде тiркеледi. (Дәл Доллард, Л.Берковитц), үшiншiден, агрессия әлеуметтiк үйрену нәтижесi ретiнде қарастырылады. (А. Бандура).

 

Неғұрлым эксперименталды дәлелденген агрессияның фрустрациялық теориясы және әлеуметтiк үйрену теориясы. Дегенменде агрессияның биологиялық шартталуы туралы пiкiр-таластар жүруде. Бұрушыдан басқа, агрессия тағы бейiмделу функциясын орындайды яғни пайдалы  болып табылады. (Э. Фромның анықтамасы бойынша). Ол өмiрдi қолдауға қабiлеттендiредi және виталды қажеттiлiк қаупiне деген реакция. К.Лоренц ойынша, агрессия эволюциялық дамудың маңызды элементi.

 

Жануарлар мiнез-құлқын бақылай отырып, түр бойынша қарсыласына бағытталған агрессия, бұл түр үшiн ешқандай зиян емес, керiсiнше, ал оның сақтау қызметiн орындайды, деген қорытындыға келедi. ...