Доклад/Баяндама: Табиғи құқық жəне мораль


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Заңгер этикасы
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
9

<...> Демокриттің  ойынша,  жасандылық  пен  табиғилықтың  байланыс  сипатының  дұрыс  түсінілуі этикадағы,  саясаттағы,  көзқарастардағы  əділдіктің  талабы  болып  табылады.  Грек  софистері табиғат  заңдарын (фюсис)  полистің  заңдарына (номос)  қайшы  қоя  отырып,  полис  заңдарының табиғатқа қайшы келетін істерді жасауға мəжбүрлейтінін атап көрсеткен.

Платон Сократтың көзқарастарымен келісе отырып, заңдар мен əділдіктің негізінде құдайдық идеалда   бастама  жатқанын  атап  көрсетеді.  Сонымен  қатар,  мемлекеттік  құрылым  түрі (аристократия,  олигархия,  демократия  жəне  тирания)  мен  адамдардың  ішкі  жандүниесінен байланыс  табады.  Мемлекеттің  əрбір  нысаны  ішкі  қайшылықтардың  жəне  келіспеушіліктердің себебінен жоғалып отырған.

 

<...> Миграциямен бірге кеңістіктің, жергілікті жердің құрылымы да өзгереді. Адамдарды өзенсулар, жайылымдар  мен  бақшалар,  аң  аулау  шаруашылықтары,  базарлар,  порттар,  сауда,  өнеркəсіп  зоналары,  шіркеулер,  тұрғын  үйлер,  мектептер,  театрлар  жəне  т.б.  біріктіреді.  Сонымен  бір мезетте мемлекеттер, салалар, қауымдастықтар, діни бірлестіктер  нысанындағы саяси, діни жəне тағы да басқа əлеуметтікмəдени құрылымдар қалыптасады. Мұндай құрылымдылықтың нəтижесі жəне көрінісі болып заңнама, мораль, қоғамдық психология жəне идеология табылады.

 

<...>  Бұрынғы  КСРОда, 1917 жылдан  бастап,  еуропалық  түсініктегі  демократиялық  құқық  сынға алынды.  Оның  орнын,  алдымен,  революциялық  мақсаттардың  талаптарына,  одан  кейін,  таптық идеология  талаптарына (билік  қалыптастырған  ресми  идеологиялық  доктрина  бекіткендей, жұмысшылар  табы)  жауап  беретін “заң”  диктатурасы  басты.  Шын  мəнінде,  құқықтың  орнын партиялықмемлекеттік  аппараттың  қаулылары  мен  шешімдері  басты.  Ал  бұл  жерде  табиғи адамдық құқықтарды (өмір сүруге, отбасын құруға, балаларды тəрбиелеуге,  қажетті білім алуға, тұрғылықты  жерде  ауыстыруға,  шетелдерге  баруға  жəне  т.б.  құқықтар)  мемлекет монополизациялап  жіберді,  яғни,  олар  мемлекеттің  толықтай  меншігіне  айналды.  Адам,тіпті, өзөзіне  қатысты  да  ештеңе  шеше  алмайтын,  ол  билік  анықтаған  белгілі  бір  қатаң  ережелер шегінде ғана əрекет ете алатын.