ЖОСПАР
Кіріспе. 3
І. Тарау. Қатығыстың басталу себептері 5
1.1. Сәуір төңкерісі 5
1.2. Кеңес әскерінің кіргізілуі 11
ІІ. Тарау. Соғыс барысы.. 17
2.1. Негізгі сипаттамалар. 17
2.2.Қақтығыс кезіндегі басты оқиғалар. 19
ІІІ Тарау. Соғыс нәтижелері 23
3.1. Кеңес әскерінің Ауғаныстан аумағынан шығарылуы.. 23
3.2. Соғыс зардаптары.. 24
Қорытынды.. 25
Пайдаланған әдебеттер. 27
2.1. Негізгі сипаттамалар
1979 жылы 26 желтоқсанында Ауғаныстан территориясына түсірілген дивизияның міндеттері анықталып, соғыс операцияларына дайындалу жұмыстары басталды. Соғыс қимылдарын жүргізудің негізгі ошақтары болып, АДР жетекшісі Х.Амин орналасқан Тәжі-бек сарайы, Бас штаб орналасқан ғимарат, Кабулдағы радио және телевидение үйі, қала ортасында орналасқан әскер корпусының штабы, Пули Чахридағы түрме, Баграмда орналасқан зенитшілерді және авиациялық гарнизонды басып алу саналды.
Кеңес әскерлерінің ең алғашқы қимылы Х.Аминнің көзін жоятын жауынгерлік операциядан басталды.
Ал Тәжі-бек сарайын алу операциясы кешкі жеті жарымда «Дауыл-333» белгіс бойынша басталды. Сарайды басып алу операциясына МҚК-нің полклвнигі Г.И.Бояринов жетекшілік етті. Оған 50 адамнан тұратын МҚК-нің офицерлер тобы, капитан В.А.Восторгин бастаған 9-шы рота десантшылары, 345-ші жеке жаяу десантшылары полкының бір взводы және бұрыннан дайындықта жүрген майор Х.Т.Халбаевтың айрықша мақсаттағы мұсылмандық батальоны қарады. Бұлардың барлығы ауғандық әскери формада киінді.[1,18]
Шабуыл жалпыға ортақ белгі бойынша басталды. Жауынгерлік қимыл қараңғы кезде басталғандықтан кеңестік жауынгерлердің қолына ақ шүберек байланды, ал бас киімдеріне ақ лента жапсырылды. Мұның бәрі Х.Аминнің қарауылдарымен шатасып қалмас үшінжасалған бнлгі еді.
Сарайды басып алу соғысы 30-40 минутқа созылды.
Осы уақыт ішінде МҚК-нің арнайы тобы Х.Амин орналасқан бөлмеге де басып кірді. Атыс барысы кезінде осы топ офицердің қолынан Х.Амин қаза тапты. Асыға күткен кеңес әскерлері Х.Аминнің өзінің көзін жойды. АДР үкіметі басшысының мәйіті кілемге оралды. Негізгі тапсырма орындалды.
Шабуыл барысы кезінде кеңестік жауынгерлерден 11адам шейіт болды. Майор Халбаевтың батальонынан 6 адам, десантшылардан 4 адам және осы операцияға жетекшілік еткен МҚК-нің полковнигі Г.И.Бояринов қаза тапты. 38 адам түрлі жарақаттар алды.
«Дауыл-333» жоспары бойынша соғыс қимылдары сәтті жүргендіктен, келесі бұйрықтар орындауға көшті.[1,25]
Пули-Чахридегі түрме парашютті-десантшылар батальоны және өзі жүретін артилериялық дивизион күшімен басып алынды. Х.Аминге берілген екі танкшілер бригадасының қарсы тұруы тапсырманы орындауды қиындатып жіберді. Түрмені алуды бастамас бұрын оларды алдымен қоршауғы алу керек еді. Десантшылар бұл тапсырманы да айтарлықтай орындады. Танк экипаждарын машиналар тұрған орынға жете алмайтындай етіп, казармада қоршауға алды. Бұл қоршаудан шығуға ентіккендерді пулемет оқтары күтіп тұрды. Шабуыл пушкаларында атқылауынан кейін басталды. Десантшылар түрме территориясына база-жара кіріп, жарты сағат ішінде барлық күзетшілерді қарусыздандырды. Саяси тұтқындарды табу мен азат ету МҚК-і офицерлерінің және олардың ауғандық көмекшілерінің ісі болды. ...
3.1. Кеңес әскерінің Ауғаныстан аумағынан шығарылуы
Жаңа билік ауған жерінің барлығына үстемдігін жүргізе алған жоқ. Соғыстың ұзаққа созылуына бір жағынан осы себеп болды. Бұл соғыстың абырой әпермейтінін Кеңес үкіметінің басшылары арада 3-4 жыл өткеннен кейін түсіне бастады. Бірақ бұл кезде «болары болып, бояуы сіңген» еді. 1983 жылдың 19 мамырында Пәкстандағы елші В.Смирнов КСРО-ның Ауғанстандағы әскерлер контингентін алып шығуға мүдделі екендігін ресми түрде жариялады.
Саяси Бюро осылайша балшыққа кіріп алып, енді былғанбай шығудың жолдарын іздестіре бастады. 1986 жылдың ақпанында болған КОКП XXVІІ съезінде М.Горбачев әскерді кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару жоспарын жасау керектігін мәлімдеді. Ал 13 қарашадағы Саяси бюроның отырысында Михаил Горбачев: «Біздің Ауғанстанда соғысып жатқанымызға алты жыл болды. Егер бұл іске басқаша келмесек, әлі 20-30 жыл соғысатын боламыз» деп мәселені көлденеңінен қойды. Оның сөзін Бас штабтың бастығы, маршал Ахромеев те қолдады: «Біз Кабулды, провинциалдық орталықтарды бақылауға алдық, бірақ басып алған жерлерімізге билік орната алмадық. Біз ауған халқы үшін күресте жеңіліс таптық» деп ағынан жарылды. Сөйтіп, осы отырыста Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы келісілді.[4,47] ...